Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Информатика

Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары

Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
7- сынып
Тақырып: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары.
Мақсат: оқушыларды операциялық жүйемен және ДК-дің жұмысымен таныстыру, компьютерде жұмыс столының түсін өзгертуді, күнтізбені, уақытты баптай білуге үйрету
Білімділік – Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, операциялық жүйелердің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық –оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, білім, біліктерін дамыту
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: ДК, интерактивті тақта, ЭО, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, карточкалар, видео, My test бағдарламасы.
Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 3 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Тренинг: «Сен қайдасың?»
• Сәлем достым (қол беріп амандасу)
• Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
• Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
• Жақсы болды (қол шапалақтайды) Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 8 мин 1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу
В) Басқару
С) Ақпаратты іздеу
Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет
В) Операциялық жүйе
С) Операциялық қабыршық
Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер
В) үлкен компьютер
С) дербес компьютер
Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде
В) офисте
С) өндірісте
Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер
В) дербес компьютер
С) суперкомпьютер
Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) суперкомпьютер
В) Үлкен компьютер
С) дербес компьютер
Д) сервер
7. Нетбук деген не?
• А) шағын мөлшерлі
• ноутбук
• В) алақан компьютері
С)Интернетке қосылған дербес компьютер
Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі
8. Сервер – ол:
А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер
В) суперкомпьютер
С) Үлкен компьютер
Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер 1 2 3 4 5 6 7 8
В В Д Д Д С А А


Тест жауаптары:


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

10 мин Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе мынандай қызмет атқарады:
- Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін (диск, жад, тышқан, принтер және т.б.) басқарады;
- Пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады;
- Пайдаланушыға компьютерді басқару жеңіл болу үшін пайдаланушы интерфейсін қолдайды.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ. Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б.
ІІІ. Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше жұптары даярланған: Microsoft MS DOS, Windows (95, 98, ME, NT, 2000, XP, Vista), Linex, Apple т.б.
Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты ОЖ-лер екі топқа бөлінеді:
1) біртапсырмалы (мысалы, MS DOS)
2) екітапсырмалы (мысалы, Windows)
Біртапсырмалы ОЖ пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді;
Көптапсырмалы ОЖ пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді;
Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режімді қолдау жатады:
1) бірпайдаланушы(мысалы, MS DOS)
2) көппайдаланушы (мысалы, Windows NT)
Бірпайдаланушы ОЖ компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
Көппайдаланушы ОЖ қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш түрге бөлуге болады:
1) буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2) негізгі мәзірді баптау;
3) басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

Windows 95

Windows NТ Windows 98

Windows ХР Windows 7, 8

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 9 мин Электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықпен жұмыс істеу алгоритмі: Жұмыс үстеліндегі электронды оқулықты ашу→index- ке кіру→дәрістер мен тапсырмалар пунктін таңдау→операциялық жүйе ұғымы пунктін таңдап, тапсырмаларды орындау. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.
2. Персонализация бұйрығын таңдаңдар.
3. Жұмыс үстелі тақырыбын өзгертіңдер.
4. 5 минуттан кейін бетперде пайда болатындай етіп баптаңдар.

В деңгейі
1. Тілдер тақтасында контекстік мәзір шақырыңдар.
2. Параметрлер бұйрығын таңдаңдар.

1. Жаңа тіл қосыңдар.
2. Жаңа тілдің Тілдер тақтасында пайда болғаның тексеріңдер.
3. Жаңа тілді алып тастаңдар.
4. Тілдер тақтасында тілдерді өзгерту пернелерінің әртүрлі тіркесімдерін баптау мүмкіндіктерімен танысыңдар.
5. Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгертіңдер.

С деңгейі
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Есептер тақтасының қасиеттерін шақырыңдар.
3. Есептер тақтасының қасиеттерін баптау мүмкіндіктері туралы әңгімелеуге дайындалыңдар.
V. Сергіту сәті. 2 мин Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
VI. Бекіту. 6 мин 1-тапсырма.

2-тапсырма.


3-тапсырма.

4-тапсырма.


5-тапсырма.

6-тапсырма.
Жауабы:


Жауабы:

Жауабы:

Жауабы: аппаратурамен

Жауабы:


Жауабы:

VII. Рефлексия 3 мин Бүгінгі сабаққа 2 жұлдыз, бір ұсыныс Стикерге жазып, айтады.
VIII.Оқушыларды бағалау. 2 мин Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Күнделіктерін акеліп, баға қойдырады.
VIІI.Үй жұмысы. 2 мин. Конспект оқу Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Ташходжаев Султанмурат Акмалович

Шымкент қаласы №114 сайрам жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Информатика | Қосты: Ташходжаев_Султанмурат (03.02.2015) | Автор: Ташходжаев Султанмурат Акмалович E W
Көрсетілім: 1455 | Ілмек сөздер: 10000 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 63
Қонақтар: 63
Тіркелгендер: 0