Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Информатика

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру. Алмасу буфері

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру. Алмасу буфері

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Күні __________
Информатика 5 сынып
Сілтемелер Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған оқулық
Сабақтың тақырыбы Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру. Алмасу буфері
Жалпы мақсаттар Білімділік: Оқушыларға бумалармен белгішелерде құру, нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру тәсілдерін үйрету
Дамытушылық: өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту, логикалық ойлай қабілетін арттыру, компьютерді қолдана білу іскерлігін дамыту
Тәрбиелілік: оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері - оқушыладың ізденіс нәтижесі анықталады
- өздігінен бағалау қабілеттері анықталады
- алған материалдарды тиянақтай алады
- өздігінен ой қорытады
Сабақта туындаған негізгі идеялар - тақырыпты жан-жақты іздейді
- сыни көзқарасы қалыптасады
- топтық жұмысқа әр оқушының өз ойы сақталады
Күтілетін нәтиже - дәлелді пікірлерімен бөлісе алады
- өз бетінше бумалармен белгішелерде құруды, нысандарды өшіруді, өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіруді үйренеді
Көрнекілік АКТ, топтың алтын ережесі, INSERT әдісі НЕ білемін? НЕ білдім? НЕ білгім келеді?
Бағалау парағы, рефлексия, кері байланыс
Дерек көздері «Информатика негіздері» журналы
Тапсырмалар
1. Топтық жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Жеке жұмыс
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының әрекеті:
Мұғалім әрекеті
-жұпқа бөлу
-жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
- ынтымақтамтастық атмосферасын қалыптастыру
Топтық жұмыс
Оқушы әрекеті
-тапсырмаларды жеке-жеке орындау
-жұпта әр баланың ойы құнды екенін ұғыну
-тренинг барысында толық қатысу

Топтық жұмыс

І. Топқа бөлу (1 мин) тәтті таңда
ІІ. Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу (2 мин)

І. Үй тапсырмасын сұрау (3 мин)
Қайталау, еске түсіру
«Миға шабуыл»
Мен қазір сөйлемдерді оқимын, егер ол ақиқат болса 1, жалған болса 0 санын жазасыңдар.
1. Тапсырмалар тақтасындағы Бастау батырмасын басқанда басты меню шығады.
2. Alt+F4 пернелер комбинациясын басқанда компьютер қайта жүктеледі.
3. Жұмыс столында компьютерге орнатылған барлық программалар орналасады.
4. Уақытша жабылған терезе белгісі тапсырмалар тақтасында көрсетіліп тұрады.
5. Меню қатары командалары барлық терезеде бірдей болады.
6. Офистік бағдарламалар жүйелік ПЖ жатады.
7. Адам мен қомпьютер арасындағы қатынас интерфейс деп аталады.
8. Тышқанның оң жағын бассақ жанама меню пайда болады.
Жауабы: 10010011
Бір біріңмен жауаптарыңды ауыстырыңдар. Тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша тексеріңдер. Егер 1 минус немесе мүлде минус жоқ болса –«5», 2-3 минус болса «4», 4 минус болса –«3», 5-тен көп минус болса «0» бал қойыңдар

Модульдер
1.АКТ
2. Сыни тұрғыдан ойлау
3.Білім беруді және оқуды бағалау
4.Жаңа тәсілдер, әңгімелесу
Мұғалімнің әрекеті
Сұрақ-жауап арқылы диалогқа түседі, оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс - тәсілдерді іске асырады Оқушы әрекеті
Мұғалімнің бағытымен берілген тапсырмаларды жан-жақты, сыни тұрғыдан ойлана отырып орындайды, топта әр баланың ойы құнды екенін ұғына біледі
Жұпта белсенділік таныта біледі

Бағалау крийтерилері: Сабақтың соңында кері байланыс рефлексия жасайды
Оқушылардың сабақта танытқан белсенділіктеріне қарай бағаланады
-бағалау критерийлерін құрастырады
-жұптар бір-біріне екі жұлдыз, бір тілек айтады
Үйге тапсырма §12. Алмасу буфері мен нысандарды жүйелі көшіру, жылжыту ұғымы туралы, көшіру, қою, қиып алу командаларын орындау үщін қолданылатын пернелер комбинациясын жазып ал Бақылау сұрақтары
Жаңа сабақты түсіндіру
«Ақпарат алу». (Постер әдісі)
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. (15 минут)
Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды білуі мүмкін. Сондықтан оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады.
1. Нысандарды қалай көшіреміз?
2. Нысандарды қалай жылжытамыз?
3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?
Топпен жұмыс: Топтар кеспе қағаздағы мәтінмен және кітапты пайдалану арқылы мәлімет жинақтайды, флипчартқа жазады.
І топ: «Информатиктер» - «Нысандармен жұмыс істеу»
ІІ топ: «Байт» - «Алмасу буфері»
ІІІ топ: «Мегабайт» - «Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру»

Топта 4 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топтар да өз жұмыстарын қорғап шығады.

(Топтарға өз бетімен таладайтын мәтін)

Нысандармен жұмыс істеу
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынандай амалдар қолданады:
- көшіру (нысанның көшірмесідискінің басқа жеріне орналастырады)
- орын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады)
- жою
- атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді)
Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тісілмен орындауға болады. Әдетте бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің немесе пернетақтаның көмегімен береді. Ең жылдам орындалатыны пернетақтаның тәсілі, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдерін есте сақтау керек.
Барлық амалдар ерекшеленген нысандарға қолданылады. Нысан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді. Амалдарды бірден бірінеше нысанға бірге қолдану қажеттілігі жиі кездеседі.
Экранда әртүрлі орналасқан нысандар тобын ерекшелеу амалдарын қарастырайық.
Қатар орналасқан нысандар тобын шектес нысандар деп аталады.
Бастау - «Компьютер» терезесі – «Изображения» нысаны – «Образцы изображений» бумасын ашыңдар. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, нысандардың үстімен жылжытып көр. Не байқадың?
Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады.
Әрекеттің реті:
1. Топтың бірінші нысанын белгілейміз
2. Sift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз
Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір – бірінен алшақ орналасса (олардың арасында басқа нысандар болса), онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін «Упорядочить» - «Выделить все» бұйрығымен немесе Ctrl+А пренелерінің тіркесімдері қолданылады.

Нысандарды жылжыту және көшіру
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Тышқанман жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанда бумадан бумаға тышқанмен сүйреуге болады.
Кез келген нысанды тышқанның оң батырмасымен «Изображения» бумасынан «Жұмыс үстеліне» жылжытыңдар

Алмасу буфері

Windows- тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін екі бұйрық: Көшіру (Коприовать) және Кірістіру (Вставить) керек болады.
Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі көрсеткен жерде пайда болады. Алмасу буфері компьютер өшкенге дейін сақталады.

Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері

1. Мәзірдің Реттеу «Упорядочит» пункті
Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу – Көшіру (Копировать) немесе Реттеу – Қиып алу (Вырезать) бұйрығын таңдаңдар. Нысанда апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу – Кірістіру (Вставить) бұйрығын таңдаңдар.
2. Контекстік мәзір
Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтарын табыңдар, Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеу пункітінің бұйрықтарымен бірдей
3. Пернетақта
Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:
CTRL + C – көшіру
CTRL + Х – қиып алу
CTRL + V – кірістіру

Топтарда өздігімен дайындалатын мәтіндер
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру

Жою амалы өте қауіпті!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Нысандарды дұрыс таңдамаса маңызды ақпаратты жойып алуға болады. Міне осындай себептермен нысанды жою үшін Windows – те арнайы құрал «Қоржын» (Корзина) қарастырылған. Қоржын барлық жойылған нысандар орналасқан арнайы бума.
Жұмыс үстеліндегі Қоржынды табыңдар. Оны ашыңдар. Осы нысанның бұйрықтарын қарап шығыңдар.
Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері:
1. Нысанды Қоржынның белгішегіне сүйреу
2. Мәзірдің Реттеу – Жою бұйрығымен
3. Пернетақта көмегімен: нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Delete пернесін басса жеткілікті. Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады.
Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысанды ерекшелеп алады, Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек.
Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін Shift + Del пернелер тіркесімдерін қолданады.

Компьютерде практикалық жұмыс орындау. 10 мин
Тапсырма:
А деңгей:
1. Жұмыс үстелінде Бума құр – оны өз атыңмен ата.
2. Буманың атын өзгерт.
3. Буманың ішіне «Информатика, Математика, Әдебиет» бумаларын құр
4. Буманың барлығын Қоржынға жой
5. Жауабыңды дәптерге жазып, мұғалімге көрсет

В деңгей
1. Жұмыс үстелінде Бума құр – оны өз атыңмен ата.
2. Буманың атын өзгерт.
3. Буманың ішіне «Информатика, Математика, Әдебиет» бумаларын құр
4. Буманың барлығын Қоржынға жой (әр түрлі әрекеттерді пайдалан)
5. Қоржыннан қайта қалпына келтір
6. Жауабыңды дәптерге жазып, мұғалімге көрсет
С деңгей

6. Бастау - «Компьютер» терезесі – «Изображения» нысаны – «Образцы изображений» бумасын ашыңдар. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, нысандардың үстімен жылжытып 3 нысан белгілеп өз бумаңның ішіндегі «Информатика» бумасына көшір
7. Жауабыңды дәптерге жазып, мұғалімге көрсет

Сергіту сәті 2 мин

Өз біліміңді тексер: кітаппен жұмыс 107 беттегі тест сұрақтары беріледі. 3 мин

Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы) (2 минут)

Бағалау критерийлері 5 мин

Рефлексия. (5 мин)
1. Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.
...................................... қызықты болды.
....................................... қиын болды.
Мен ...................................... үйрендім.
Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.
............................ орындап көремін.
Өмір үшін сабақ маған ...................... берді
......................... мен орындай алдым.
Енді мен ............................жұмыс жасай аламын.

Нысандармен жұмыс істеу (І топ)
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынандай амалдар қолданады:
- көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырады)
- орын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады)
- жою
- атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді)
Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Әдетте бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің немесе пернетақтаның көмегімен береді. Ең жылдам орындалатыны пернетақтаның тәсілі, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдерін есте сақтау керек.
Барлық амалдар ерекшеленген нысандарға қолданылады. Нысан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді. Амалдарды бірден бірінеше нысанға бірге қолдану қажеттілігі жиі кездеседі.
Экранда әртүрлі орналасқан нысандар тобын ерекшелеу амалдарын қарастырайық.
Қатар орналасқан нысандар тобы шектес нысандар деп аталады.
Бастау - «Компьютер» терезесі – «Изображения» нысаны – «Образцы изображений» бумасын ашыңдар. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, нысандардың үстімен жылжытып көр. Не байқадың?
Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады.
Әрекеттің реті:
1. Топтың бірінші нысанын белгілейміз
2. Sift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз
Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір – бірінен алшақ орналасса (олардың арасында басқа нысандар болса), онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін «Упорядочить» - «Выделить все» бұйрығымен немесе Ctrl+А пренелерінің тіркесімдері қолданылады.
Нысандарды жылжыту және көшіру
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Тышқанман жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанда бумадан бумаға тышқанмен сүйреуге болады.
Кез келген нысанды тышқанның оң батырмасымен «Изображения» бумасынан «Жұмыс үстеліне» жылжытыңдар

Алмасу буфері (ІІ топ)

Windows- тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін екі бұйрық: Көшіру (Коприовать) және Кірістіру (Вставить) керек болады.
Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі көрсеткен жерде пайда болады. Алмасу буфері компьютер өшкенге дейін сақталады.

Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері

1. Мәзірдің Реттеу «Упорядочит» пункті
Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу – Көшіру (Копировать) немесе Реттеу – Қиып алу (Вырезать) бұйрығын таңдаңдар. Нысанда апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу – Кірістіру (Вставить) бұйрығын таңдаңдар.
2. Контекстік мәзір
Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтарын табыңдар, Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеу пункітінің бұйрықтарымен бірдей
3. Пернетақта
Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:
CTRL + C – көшіру
CTRL + Х – қиып алу
CTRL + V – кірістіру

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру (ІІІ топ)

Жою амалы өте қауіпті!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Нысандарды дұрыс таңдамаса маңызды ақпаратты жойып алуға болады. Міне осындай себептермен нысанды жою үшін Windows – те арнайы құрал «Қоржын» (Корзина) қарастырылған. Қоржын барлық жойылған нысандар орналасқан арнайы бума.
Жұмыс үстеліндегі Қоржынды табыңдар. Оны ашыңдар. Осы нысанның бұйрықтарын қарап шығыңдар.
Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері:
4. Нысанды Қоржынның белгішегіне сүйреу
5. Мәзірдің Реттеу – Жою бұйрығымен
6. Пернетақта көмегімен: нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Delete пернесін басса жеткілікті. Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады.
Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысанды ерекшелеп алады, Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек.
Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін
Shift + Del пернелер тіркесімдерін қолданады.

Оқушылардың компьютерде жеке орындайтын тапсырмалары
А деңгей:
1. Жұмыс үстелінде Бума құр – оны өз атыңмен ата.
2. Буманың атын өзгерт.
3. Буманың ішіне «Информатика, Математика, Әдебиет» бумаларын құр
4. Буманың барлығын Қоржынға жой
5. Жауабыңды дәптерге жазып, мұғалімге көрсет

В деңгей
1. Жұмыс үстелінде Бума құр – оны өз атыңмен ата.
2. Буманың атын өзгерт.
3. Буманың ішіне «Информатика, Математика, Әдебиет» бумаларын құр
4. Буманың барлығын Қоржынға жой (әр түрлі әрекеттерді пайдалан)
5. Қоржыннан қайта қалпына келтір
6. Жауабыңды дәптерге жазып, мұғалімге көрсет

С деңгей
1. Жұмыс үстелінде Бума құр – оны өз атыңмен ата.
2. Буманың атын өзгерт.
3. Буманың ішіне «Информатика, Математика, Әдебиет» бумаларын құр
4. Буманың барлығын Қоржынға жой (әр түрлі әрекеттерді пайдалан)
5. Қоржыннан қайта қалпына келтір
6. Бастау - «Компьютер» терезесі – «Изображения» нысаны – «Образцы изображений» бумасын ашыңдар. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, нысандардың үстімен жылжытып 3 нысан белгілеп өз бумаңның ішіндегі «Информатика» бумасына көшір
7. Жауабыңды дәптерге жазып, мұғалімге көрсет

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Тулеуова Рымкуль Омирзаковна

Қарағанды қаласы, № 8 негізгі орта мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Информатика | Қосты: Тулеуова_Рымкуль (12.02.2015) | Автор: Тулеуова Рымкуль Омирзаковна E W
Көрсетілім: 1391 | Ілмек сөздер: объект, көшіру, орын ауыстыру, Алмасу буфері | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0