Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік

Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

Мұғалім: Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру. Оқушыларға модельді қандай топтарға жіктеуге болатынын жеткізе білу, объектінің ақпараттық және графикалық  модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тиянақтылыққа,шапшаңдыққа,жылдамдыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,интерактивті тақта,оқулық.

Сабақ өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

                                      А) Оқушылармен сәлемдесу.

                                      Ә) Оқушыларды түгендеу.

                                      Б) Назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

 

1.Тіркестік өрнек дегеніміз не?

2.Жолдық тұрақты деп нені айтамыз?

3.Тіркестік өрнектерде қандай амалдар қолданылады?

 

ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:

Модель дегеніміз – нақты объектіні,процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді,процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін(макетін) құру.

Түпнұсқаның өзін зерттемей оның моделін құрудың қандай пайдасы бардеген заңды сұрақ туындайды. Біріншеден, модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектіні зерттеуге болады. Модельдеу үшін уакыт ешкандай кедергі келтірмейді. Белгілі деректерге сүйене отырып, гипотеза немесе ұқсастық әдісімен өте ерте замандағы жағдайлар мен табиғи апаттарды модельдеуге болады.Екіншіден, түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы мүмкін. Кейбір жағдайда адамды қызықтыратын объектінің бір қасиетін зерттеу үшін, оның бірқатар қасиетін ескермей жасаған модельдер түпнұсқаға қарағанда оның қасиетін зерттеуде тиімдірек болады.

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

1.Қолданылу аймағы.

2.Модельде уақыт факторын ескеру.

3.Білім саласына қарай топтау.

4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу,тәжірибелік,ғылыми-техникалық,ойын,имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

 Сабақты бекіту:

 

 1.Модель дегеніміз не?

  1. Модельдеу кезеңдері нешеге бөлінеді?
  2. Уақыт факторы бойынша модельдер нешеге бөлінеді?

 

Жеке озық оқушыларға тапсырма беру: Өтілген тақырыптардан сұрақтар құрастырып.іздену.

Үйге тапсырма беру: § 13 оқу.

 

 

Автор: Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы

Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп

18
Декабрь
0
2313
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.