Сайт учителя начальных классов
.
Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.

 

Сыныбы: 6

                                                            Пәні: Информатика                                   Оқытушы:    Жайықбаева Ж.С

Сабақтың тақырыбы:

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.

Сілтеме

Оқулық Информатика 6-сынып Е.А Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ Әбенов.  Астана «Арман-ПВ» 2014

Информатикадан электронды оқулық 6-сынып .

Мақсаты:

 
  • Мәтіндік редакторды іске қосуды үйрету, мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптастыру; құжаттарды құруды және сақтауды көрсету;
  • Ойлау, есте сақтау, қызығушылық  қабілеттерін дамытады, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру;
  • Еңбекке, өзін – өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
 
   

Күтілетін нәтиже:

  • Мәтіндік редакторды іске қоса алады ;
  • Мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады;
  • Құжаттарды құра және сақтай алады ;
  • Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасады.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс –тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, СТО , Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ түртіп алу стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, талдау, қорыту, формативті және суммативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (3мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу;

    - Оқушыларды топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

                  (5 мин)

                 

«БІЛУ»

Өткенді қайталау мақсатында тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімдерін бағалау. Жұптық бағалау.

ББҮ кестесінің «Білеміз» бағанын толтыру тапсырылады.

 

«Білеміз»

«Білгіміз келеді»

«Үйрендім»

 

 

 

ІІІ. Ой қозғау.

                 (5 мин)

(СТО стратегиясы, АКТ, дарынды балармен жұмыс)

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатымен электронды оқулықты пайдаланып сабақтың тақырыбын ашу.

  • Оқушылардан бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты сыни ойларын айту сұралады.
  • Оқушыларға ББҮ кестесінің «Білгіміз келеді» бағанын толтыру тапсырылады
  • «MICROSOFT WORD» процессорының шығу тарихы.  /Дарынды балалардың шығармашылық жұмыстарын қорғау/

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

«ТҮСІНУ» 

(10 мин)

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын айту, дәптерлеріне тақырыпты жаздырту.

Редакторды іске қосып, оны интерактивті тақтада көрсету.

Жаңа сабақты түсіну мақсатында оқулықты мұқият оқытып, топтарға тапсырмалар беру. / постер қорғау/

1-топқа  «MICROSOFT WORD» процессорының мүмкіндіктері.

2-топқа  «MICROSOFT WORD» процессорының терезе элементтері.

«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

 

  • Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.

 

  • Оқушылар мұқият тамашалайды, керегін түртіп алады.

 

«ҚОЛДАНУ»

(7мин)

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар  беру. /жеке жұмыс /        

А, В, С – деңгейлік тапсырмалары таратылады.

Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

 

«ТАЛДАУ»

(5 мин)

Бүгінгі сабақты талдай отырып,  информатикалық диктант алу.  / Дәптермен жұмыс. /

  • Оқушылар информатикалық диктантты дәптерлеріне жазады.

Сергіту сәті. (1мин)

Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау. / музыкамен/

 

«ЖИНАҚТАУ»

 (4мин)

  •  Оқушылардың  бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтау үшін, бекіту сұрақтарына жауаптарын «Ақылды доп» әдісі арқылы алу.
  • Оқушыларға ББҮ кестесінің «Үйрендік» бағанын толтыру тапсырылады.

 

 

  • Сұрақтарға жауап береді. Әр топ өз ойларын жинақтап,  өз ойларын айтады.
  • Оқушылар  ББҮ кестесінің «Үйрендік» бағанын толтырады.

 

«БАҒАЛАУ»

 (2мин)

Критерийлер бойынша бағалау

 

Мұғалім дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.

Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде мұғалім  «5 баллдық» жүйеге ауыстырып  оқушыларды бағалайды.

 Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп,  «5 баллдық» жүйеге ауыстырып  бағалайды.

 

Рефлексия

(2 мин)

 Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл- күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма беру.

(1 мин)

 

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсін оқу.

MM900356792[1] Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

       

 

ID: 9151 | Просмотров: 3756