Компьютердің программалық жабдығы

Сыныбы 5 Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы Компьютердің программалық жабдығы.
Сілтеме жоспар
Жалпы мақсаты Компьютердің программалық жабдығын не екеніңбілу. Жабдықтарды қолдану.
Күтілетін нәтиже Компьютердің программалық жабдығын не екеніңбілді. Жабдықтарды қолданды.
Түйінді идеялар Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
Жүйелік
Қолданбалық
Қажетті құрал-жабдықтар Оқулық, дәптер, әр түсті стикерлер, А3 форматы
Әдіс-тәсілдер Топтастыру Жұмыс парағы Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс «Тақырыптардың түйісуі» ойыны Автор орындығы Рефлексия
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу - 5 мин
Психологиялық ынтымақтастық атмосферасын құру
Топқа бөлу
Трек сызбалар арқылы ой тастау
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту. А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.

Түсіну - 10 мин
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазады
Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
операциялық жүйелерді;
желілік программалық жабдықтаманы;
сервистік программаларды;
программаларды жасау құралдарын
операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
физикалық;
логикалық
есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.
Қолдану – 15 мин
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар 1,Драйвер - бұл:
Компьютерге қосымша құрылғыны логикалық қосуға арналған шағын программа
Компьютерді басқаруға арналған күрделі қолданбалы программа
2. Утилита - бұл:
Компьютерді басқаруға арналған операциялық жүйе
Компьютерді баптауға, қорғауға, жөндеуге арналған программа
Компьютерге принтер, сканер, камераны қосатын құрал
3. Графикалық интерфейс деген не?
Компьютерді хакерлер мен вирустардан қорғауға арналған программалық орта
Операциялық жүйенің қолданушымен қарым-қатынасын жеңілдететін визуалды орта
Компьютерде график сызуға арналған арнайы программалар тобы
Компьютерді әдемілейтін фотосуреттер, графиктер, қаріптер, музыкалар жиынтығы

Талдау – 4 мин
Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды. магниттік дискілерге қызмет көрсету;
файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;
компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;
ақпаратты шифрлеу;
компьютерлік вирустардан қорғау;
файлдарды архивтеу және басқалары.
Сергіту сәті - 1 мин
Анимация арқылы жасалған қимылдарды музыкамен қайталау
Жинақтау - 4 мин
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
ОЖ қызметкері қандай
ОЖ дамуына не себепші болды?
Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
Компьютердің негізгі құрылғыларына сипаттама беру.
Бағалау - 2 мин
Бағдаршам арқылы бағалау Бағдаршам көздері арқылы бағалау
Кері байланыс - 1 мин
Бүгін сабақта не үйрендің?

Автор: Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

ОҚО Қызылорда Қармақшы ауданы №79 негізгі мектебі

18
Декабрь
0
1901
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.