Сайт учителя начальных классов
.
Компьютердің логикалық негіздері

Компьютердің логикалық негіздері

Компьютердің логикалық негіздері

Сыныбы:  8

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық негіздері

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі:   Ақиқат кестелері, компьютердің логикалық негіздері  туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі:  Жауапкершілікке баулу,  дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  оқулық, компьютер, слайдтар, тапсырмалар кітапшалары.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топқа үй тапсырмасы бойынша сұрақтар  беріп жауап алу.

«Конъюнкция» тобы

«Дизъюнкция» тобы

«Инверсия» тобы

1. Пікір дегеніміз не?

1. Логика дегеніміз не?

1. Логиканың негізін салушы кім?

2. Логиканың қандай түрлері бар?

2. Пікір қандай түрлерге бөлінеді?

2. Ақиқат жалған пікірлерге мысал келтіру.

3. ЖӘНЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі

3. НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі

3. ЕМЕС логикалық операциясының ақиқаттық кестесі

ІІІ. Жаңа сабақ.

Компьютерге енгізілетін  ақпарат әр түрлі  екілік тізбектер түрінде енгізіледі.

Компьютердің логикалық элементі – элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бір бөлігі.

Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемалары және триггер.

Триггер дегеніміз – бұл компьютердің регистрлерінде екілік кодтың бір разрядын жадыда сенімді сақтау үшін кеңінен қолданылатын электрондық схема.

Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген  логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады.

Вентильдердегі «1» және «0»  болатын екі логикалық жағдайды көрсету үшін оларға кірістік және шығыстық сигналдарында кернеудің белгіленген екі деңгейінің бірі сәйкес болады. Әдетте, жоғары деңгей – «ақиқат» (1) мәніне, ал төмен деңгей – «жалған» мәніне (0) сәйкес болады.

Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады.

Логикалық элементтердің жұмысын ақиқат кестелердің көмегімен сипаттайды.

у

х

х ˄ у

&

ЖӘНЕ схемасының  ақиқаттық кестесі                            ЖӘНЕ схемасы 

х

у

х˄у

0

0

0

0

1

0

1

0

0

1

1

1

 

НЕМЕСЕ схемасының  ақиқаттық кестесі                            НЕМЕСЕ схемасы 

 

х

у

х ˅ у

1

 

х

у

х˅у

0

0

0

0

1

1

1

0

1

1

1

1

ЕМЕС схемасының  ақиқаттық кестесі                           ЕМЕС схемасы 

х

1

0

0

1

 

х

Логикалық айнымалы мен кесте арасындағы байланысты көрейік:

х

у

z

0

0

0

0

0

1

0

1

0

0

1

1

1

0

0

1

0

1

1

1

0

1

1

1

Логикалық айнымалы саны-3

Жол саны – 23=8

х

у

 0

0

0

1

1

0

1

1

 

Логикалық айнымалы саны-2

Жол саны – 22=4

IV.Сабақты бекіту тапсырмалары

  1. Саралаңыз. Динара пианинода немесе флейтада ойнағысы келеді. Серік домбырада немесе гитарада ойнағысы келеді. Майра гитарада немесе баянда ойнағысы келеді. Муса флейтада немесе домбырада ойнағысы келеді. Ал кішкентай Сәкен баянда ойнағысы келеді. Олардың анасы үйде бар музыкалық аспаптарды (пианино, флейта, домбыра, гитара, баян) балаларының бәрі риза болатындай етіп бөліп бере ала ма?

Төмендегі аспаптарды әрбір баланың тұсына тиістісін орналастыр.

Пианино

Флейта

Домбыра

Гитара

Баян

Динара

Серік

Майра

Муса

Сәкен

V.Қорытындылау.

  1. Үйге тапсырма.

Мектеп бітіру кешіне

Нағимақызылкөйлек киді.

Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес.

Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк.

Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар.

Баянның барлық аталған түсті көйлегі бар.

Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.

ID: 5937 | Просмотров: 4390