Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Пән: тәрбие сағаты

4всынып      22. 11.14ж

Келісемін:

Бекітемін:

Тақырыбы:

Интернеттің пайдасы мен зияны

Мақсаты:


Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; 
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; 
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже:

Интернетке байланысты өз ойларын ортаға салады,топта,жұпта жұмыстанады.Көшбасшылық  танытады.Өз-өзін реттейді.

Керекті жабдықтар:

 Интерактивті тақта, стикер, маркер, магнит,плакат,ресурстар,бейнебаян

Тапсырмалар:

Постер қорғау,бес жолды өлең,

Бағалау

 Формативті,қолпаштау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім   әрекеті

Оқушы әрекеті

 

Кіріспе.

 

 

 

 

 

 

 

Әнұран орындалады.                                                            

Психологиялық дайындық.

Күн жылуын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі  нәзік,жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым-күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 

 

 

Сыныпта ынтымақтас-

тық  атмосферасын қолдану.

 

 

Тұсау кесу

 

Назарымызды бейнебаянға аударайық.

-  Не байқадыңыз? Не ұқтыңыз?

-Өздеріңіз қандай сайт

қолдаңасыз?

Ойыңызға не келді?қандай ой түйдіңіз?

Бүгінгі сабақ не туралы болады деп  ойлайсыздар?

 

Бейнебаян көреді.

Өз ойларын ортаға салады

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім 

 

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, iPad-сыз елестесу қиын болса, бүгінгі тіршілікті ғаламторсыз елестесу тіптен де мүмкін емес. 
ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Ғаламтордың арқасына қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да ғылыми-танымдық ізденістеріңізге көмекші болатын да осылар. 
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей , ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік.

 


Сонымен «Ғаламтордың пайдасы» туралы алдымен сөз қозғайық. 
Бейнебаяннан көптеген мәлімет көрдіңіздер. Енді өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар. 

«Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. 
компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Білімінді жетілдіру мақсатында қаншама пайдалы сайттар бар. Өз игіліңе , қажетттілігіне дұрыс пайдалана білсек, «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.

Топпен жұмыс.

І топ:Интернеттің пайдасы.(постер қорғау)

ІІ топ:Интернеттің зияны.(постер қорғау)

 

Бейнебаян көрсетіледі.

 І топ Қауіпсіздік ережесін білеміз бе?(топ өздері ереже шығарады.)

 ІІ топ  “Интернет”сөзіне бес жолды өлең.

 

 

 

 

 

Әр оқушыға ресурстар таратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы пікірі тыңдалады.

 

 

Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Көшбасшылық

танытады.

Интернет

Қауіпті,қауіпсіз

Табады,пайда-

ланады,іздейді

«интернет– біздің айнымас досымыз

Қорытынды

 

Бүгінгі тәрбие сабағымызда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.

Интернет әлемі
Қызығы мол әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік ау біз енді.
Интернет құралғы
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып
Жаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 Рефлексия

Тәрбие сағаты сізге ұнады ма?

қандай әсер алдыңыз?

Көрсетілген мәліметтерді өмірде қолданасыз ба?

Автор: Кдырниязова Толқын Намысқызы

18
Декабрь
0
2704

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.