Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Информатика

Информатика және өмір.

Информатика және өмір.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Информатика және өмір. 

     Сайыстың тақырыбы: Информатика және өмір.

Сайыстың мақсаты: Сыныптан тыс жұмыс жүргізудің бір түрі танымдық-ойын

                                       кештерін өткізу.

Көрнелігі:  плакаттар, компьютер, пақрақшалар, сөзжұмбақ.

Әдісі: сайыс сабақ

Кештің жүрісі: I. Таныстыру рәсімі, эмблема туралы сөйлеу.

                          II.  «Кім шапшаң?» сайысы.

                          III. «Жұмбақ сурет» сайысы.

                          IV. «Құрастыру» сайысы.

                          V. «Тәжірибе жұмысы» сайысы.

                          VI «Сөзжұмбақ шешу» сайысы.

                          VII. «Мен айтар едім» ойшылдар сайысы.

                          VIII. Сайыскелердің өнерін тамашалау.

                          IX. Қортынды.

1-жүргізуші:

 «Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулар арбасып

О толқындар, арпаласып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдер жататын

Құшақтарлықтың толғағы мен көктемі» - деп Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.Бүгін  информатика  пәнінің  алғырлары  білімдерімен  күш  сынасуға келіп  отыр. Ортаға жарысушы топ тапқырларын шақырамыз.

 

2-жүргізуші:

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың жаңасы,

Дегенмен бала-данасы.

Информатика тойында,

Жарысымызды бастаймыз.

 

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар 7- сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін информатика "Информатика және өмір" атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

2-жүргізуші: "Монитор" тобының сәлемдесуі.

1-жүргізуші: "Принтер" тобының сәлемдесуі.

2-жүргізуші: Қазылар мүшесінен сәлемдесу және эмблема таныстыру сайысына баға берулеріңізді сұраймыз.

 

1-жүргізуші:Біздің күнделікті іс-әрекетімізді білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық та өте қажет. Келесі сайыс түрі- "Кім шапшаң ?". Бұл сайысымыздың басты шарты қоржындағы кубикте сауалнамалық сұрақ бар. Соған екі командадан кезек-кезек дұрыс жауабын айту керек.

Сауалнамалар:

1. Компьютердің негізгі бөліктеріне жатпайтын құрылғы.

            а) пернелік

            б) тышқан

            в) жүйелік блок

 

2. Компьютер неше бөліктен тұрады ?

            а) бір

            б) екі

            в) үш

3. Информацияның өлшем бірлігі ?

            а) м, см

            б) мин, сек

            в) бит, байт

4. Қай фирманың шығарған компьютерлері кейіннен дербес компьютер деп аталады ?

            а) Мicrosoft

            б) ІВМ

            в)  Pentium

5. Қай жылдары ЭЕМ алғаш пайда болды ?

            а) 1847

            б) 1930

            в) 1946

6. Арнайы пернелерге жатпайтын перне ?

            а) Enter

            б) ІВМ

            в) Alt

7. Ақпарат қандай мағына береді ?

            а) баяндау, түсіндіру

            б) көрсенту, түсінік

            в) беру, баяндау.

8. ХVII ғасырда сандарды қосатын механикалық құрылғыларды ойлап тапқан кім ?

            а) С.А.Лебедев

            б) Б.Паскаль

            в) Атанасов

9. 1981 жылы ІВМ компаниясы не ойлап  тапты ?

            а) компьютер

            б) механикалық құрылғы

            в) дербес компьютер

 

2- жүргізуші: Қазылар алқасынан- "кім шапшаң ?" сайысына баға берулеріңізді сұраймыз.

1- жүргізуші: Ән: Асанның орындауында "Ауылым"

2- жүргізуші: Келесі сайыс- "Жұмбақ сурет " деп аталады. Тақтадағы жұмбақ суреттің артынан компьютер құрылғысының суреттері берілген. Нөмірленген қағаз бойынша құрылғының атын, атқаратын қызметін айту керек.

Дисплей (монитор, компьютер) - программаны экран бетіне шығару үшін керек. Компьютер дегеніміз- ақпаратты өңдесетін әмбебап құрал.

Жүйелік блок  (процессор)  - тік қорапқа орналасқан, компьютердің бір бөлігі. Компьютердің бөліктерін токпен қамтамасыз етеді. Жүйелік блок құрамында: микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы, енгізу-шығару порттары, дискідегі мәлімет жинақтауыш болады. Компьютердің ең негізгі құрылғысы болып жүйелік блок саналады.

Пернетақта (клавиатура) - әр түрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған құрылғы. Ақпаратты қағазға басып шығару үшін керек. Пернатақтада 101-102 перне болады. Пернелер бірнеше топқа бөлінеді: символдық, функционалдық, меңзерді басқару, цифрлық, num lock, enter, backspase, shift, caps lock, delete, alt, бос орын, т.б.

Тышқан (мышь, маус)- қолмен басқарылатын графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. Тышқанның 2 немесе 3 батырмасы болады. Олар: оң және сол жақ батырма. Оң негізгі, сол көмекші батырма болады.

Графиксызғыш немесе плоттер - сызуды (графиктерді) қағазға басатын құрылғы.

Принтер- қағазға текстік және графиктік мәліметтерді басып алуға арналған құрылғы. Принтердің 4 түрі болады: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш, термографиктік.

Сканер - графиктік немесе текстік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы.

Модем -телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен мәлімет алмасуға қажет құрылғы.

 

1-жүргізуші: Қазылар алғасынан "Жұмбақ сурет" сайысына баға берулеріңізді сұраймыз.

 

2-жүргізуші:Ән "Туған жер" - Тайырова Асел.

1-жүргізуші: Сайыстың ендігі кезегі "Құрастыру" сайысы. Сайыстың шарты: столда парақшалар тұр, парақшадағы сұраққа жауап беріп және сұраққа байланысты компьютердің ажыратылған бөліктерін құрастыру керек.

 

Сұрақтар:

1. Терезе деген не ?

2. Компьютерге сипаттама ?

3. Пернетақта деген не ?

4. Жүйелік блокқа сипаттама ?

5. Тышқан деген не ?
 

2- жүргізуші: Қазылар алқасынан "Құрастыру" сайысына баға берулеріңізді сұраймыз.

 

1- жүргізуші: Би "Мамбо" Бектілеуова Г, Болатбекова С.

 

2-жүргізуші: Ендігі сайысымыз- "Тәжірибе жұмысы" Қоржынның ішінде 2 командаға сұрақ берілген,  сол сұраққа жауап берулері керек. Жауабын компьютерге 10 мин-та жазып, сақтап, сақтаған құжатын жауып, кері оны ашып көрсетулері керек.

 

Сұрақ:

1. Информатика деген не ?

2. Информация деген не ?

Жауабы:

1. Информатика - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

2. Информация- белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде мәліметтер тобы.

 

1-жүргізуші: Ән "Алтынай"  Тайырова А

 

2-жүргізуші: Сайысымыздың тағы бір түрі- "Сөзжұмбақ шешу". "Информатика" деген сөзжұмбақтың сұрағын оқимын, сіздер кезек-кезек жауабын ауызша бересіздер.

 

 

 

д

И

с

п

л

е

й

 

 

п

р

и

Н

т

е

р

 

 

м

и

к

р

о

Ф

о

н

 

 

 

 

 

м

О

д

е

м

 

 

 

с

т

Р

и

м

е

Р

 

 

э

е

М

 

 

 

л

А

з

е

р

л

і

к

 

 

 

Т

ы

ш

қ

а

н

 

 

г

р

а

ф

И

к

с

ы

з

ғ

ы

ш

д

ж

о

й

с

т

и

К

 

 

 

 

с

у

А

н

п

а

н

                             

 

1. Компьютердің экранында информация шығаруға арналған құрылғы ?

2. Информацияны қағазға басып шығаратын құрылғы ?

3. Компьютердің қосалқы бөліктерінің бірі ?

4. Компьютерді телефон сымына жалғауға мүмкіндік беретін құрылғы ?

5. Ақпаратты магниттік таспаға сақтауға арналған құрылғы ?

6. Арифметикалық, логикалық амалдар тобын автоматты түрде, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы ?

7. Принтердің бір түрі ?

8. Компьютер қолданушының жұмысын жеңілдететін құрылғы ?

9. Сызбаларды қағазға басатын құрылғы ?

10. Компьютерлік ойындарда қолданатын, қолмен басқарылатын тетік ?

11. Қытай халқы есептеу құралын қалай атаған ?

1-жүргізуші: Қазылар алқасынан "Сөзжұмбақ шешу" сайысына баға берулеріңізді сұраймыз.

2- жүргізуші:Би "Столбик" - Гүлмайра, Назымжан.
1-жүргізуші: Компьютердің біздің өміріміздегі алатын орны ерекше. Сондықтан келесі сайысымыз- "Мен айтар едім".  Сайыстың шарты: қоржында 2 сұрақ болады: 1-і обьективті жағы, 1-і субьективті жағы. Сонда біздің өмірімізде компьютердің пайдалы және зиянды жағынан өздерінің ойын айту керек.

 

Пайдасы

Зияны

1) Компьютерлік ойын баланың ақыл-ойын дамытады.

2) Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.

3) Компьютермен қорықпай жұмыс жасауға үйретеді.

4) Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

5) Білімге құштарлығын оятады.

6) Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.

1) Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.

2) Компьютерде ұзақ отыруға әдеттендіреді,  ультракүлгін сәулелерді көп жұтады.

3) Көз көру нашарлайды.

4) Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір нәрселерді басуға үйретеді.

5) Робот тәрізді жұмыстануға баулиды.

6) Электр энергиясын үнемдеуді ұмтылдырады.

2-жүргізуші: Қазылар алқасынан "Мен айтар едім" сайысына баға берулеріңізді сұраймыз.

1-жүргізуші: Ән: Тайырова Н- "Қазақ елі"

2-жүргізуші: Ендігі сайыс сайыскерлердің өнерін тамашалау сайысы.Сайыстың шарты: 2 командадан өз өнерлеріңізді  көрсетесіздер.

Монитор тобы --------------

Принтер тобы - Көрініс "Робот"

Қорытынды:Сөз кезегін әділ- қазылар алқасына берейік.

Монитор: 92 ұпай

Принтер: 95 ұпай

1-жүргізуші: Біздің бүгінгі "Информатика және өмір" атты ашық тәрбие сағатымыз жабық деп жариялаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Тагаиева Айнур Узахпаевна

Атырау облысы, Атырау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Информатика | Қосты: Das_kura (23.01.2015) | Автор: Тагаиева Айнур Узахпаевна W
Көрсетілім: 1110 | Ілмек сөздер: және, өмір., Информатика | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 33
Қонақтар: 33
Тіркелгендер: 0