Сайт учителя начальных классов
.
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету

Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету

Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету

Сабақтың мақсатыГрафикалық  редактормен жұмыс істеуге үйрету

Білімділік: Оқушылардың қисық сызықтар, көпбұрыштар салу және құю құралын пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге,  тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың құрал – жабдықтары:   Дербес компьютер, Paint  бағдарламасы, ИТ, тест (оқушымның тесттік бағдарламасы -10 сынып оқушысы Базарбаева Л.) тестілеу бағдарламасы.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тест:

1.Байт бұл - :"0 немесе 1 бейнелейтін,ақпараттағы бірлік саны ","Монитор элементі","Сегіз биттен тұратын тізбектілік","Ақпаратты өлшеудін ең үлкен бірлігі".

2.Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі","Бит","Байт","Гбайт","Мбайт".

3.Ақпарат сөзі латынтың қандай сөзінен шыққан?","Баяндау,түсіндіру,мәлімет","Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым","Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі","Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал".

4.Компьютер дегеніміз не?","Баяндау,түсіндіру,мәлімет","Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым","Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі","Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал".

5.Хабардың ақпараттық көлемі - деп","Баяндау,түсіндіру,мәлімет","Хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін қолданылатын символдар санын айтады","Адам мен компьютер арасындағықарым-қатынас тәсілі","Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал").

6.Электондық машина - сөйлемінің ақпараттық көлемін анықта","27 символ, 27 байт, 215бит","27 символ, 27 байт, 216 бит","27 символ, 27 байт, 170 бит","27 символ, 27 Кбайт, 216 бит".

7.1Кбайт неге тең?","1024 Мбайт","1024 Гбайт","1024 байт","1024 бит".

8.Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым","Физика","Информатика","Информация","Математика".

9.Адам мен компьютер арасындағы байланыс тәсілі?","Драйвер","ОЖ","Компьютер","Интерфейс".

10.Бір типтегі байттар тізбегі","Программа","Файл","ОЖ","Бит".

11.Арифмометрді құрастырған кім, қай жылы?","1694 жылы, Лейбниц","1833 жылы, Ч. Бэббидж","1642 жылы, Б.Паскаль","1660 жылы, И. Ньютон".

12.Компьютердің ең басты бөлігі, МИЫ","Монитор","Жедел жад","Процессор","Пернетақта".

13.Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылға","Сканер","Принтер","Тышқан","Дисплей".

14.Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы","Колонка","Принтер","Пернетақта","Дисплей".

15.Қазіргі кезде ең көп таралған процессор","Пентиум","Селерон","Микропроцессор","ОЖ".

16.Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы?","Сканер","Колонка","Монитор","Принтер".

17.Файл *.txt кеңейтілуімен сақталған файл...","Блокнот бағдарламасының құжаты","Мәтіндік файл","Графикалық файл","Командалық файл".

18. Paint редакторы. Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша?","14","15","16","17");

19.Paint редакторы. Суреттің үстіне мәтін қосу үшін қандай құрал таңдау қажет?","Қисық","Құю","Бүріккіш","Жазу".

20. Ең белгілі және қол жететін желі","Жергілікті желі","Жалпы желі","Ауқымды желі","Интернет".

  1. Өткенді қайталау: Paint терезесіне шолу

Жаңа түсініктер:

Қисық сызықтарды салу:

  1. Кривая    кұралының батырмасын шертеміз
  2. Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаймыз
  3. Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз
  4. Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, иілетін жаққаапарамыз
  5. Осы әрекеттерді екінші сызықүшін де қайталаймыз.

Көпбұрыштар салу:

  1. Многоугольник (Көпбұрыш)  құралының батырмасын шертеміз
  2. Көпбұрыштың типін таңдаймыз
  3. Бірінші сызықты саламыз
  4. Екінші сызықты саламыз және т.с.с.

Кұю (Заливка) құралын пайдалану:

  1. Құю (Заливка)   құралының батырмасын шертеміз
  2. Түстер палитрасынан түс таңдаймыз
  3. Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін мауспен шертеміз

Практикалық жұмыс:

1-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал

 

Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын.

 

Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста.  

 Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей.

 

Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,

Жерге қайтып түсемін.  

2-тапсырма. Өтірік өлеңдерге сурет сал       3-тапсырма. Тақпақ мазмұнына сәйкес сурет сал

Міне қызық, кім білген.                                 Ұнатамын

Бұл жаңалық қайда бар?                              Көктемді ұнатам,

Қатты қыста бүлдірген,                                Гүл-гүлді бағы бар.

Жеміс берді алмалар.                                               Жазды да ұнатам,

Жемісі бәрі бал.

Күзді де ұнатам,

Сары алтын жапырақ,.

Қысты да ұнатам,

Ақ тонды атырап

Демалыс сәті:

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

5-тапсырма. Ребусті шеш

Сабақты бекіту сұрақтары:

Қисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?

Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?

Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың ішін қалай бояуға болады?

«Мынау не?» ойыны:

Слайдта көрсетілген құрылғының атын және оның қызметін атап беру керек.

Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.2. тақырыпты оқу (113-117 беттер). Өтірік өлең шығарып келу.

Бағалау парағы:

ID: 5772 | Просмотров: 2723