Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Информатика

Excel- де диаграммалар салу.

Excel- де диаграммалар салу.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Excel- де диаграммалар салу.

Сабақтың тақырыбы:  Excel- де диаграммалар салу.

Сабақтың мақсаты.

                   А) Білімділігі: Оқушыларға Excel- дің графикалық

                                               мүмкіндіктерінің бірі- диаграмма құрастыруға 

                                               мағлұмат беріп, диаграмма түрлерін таныстырып,

                                               төрт қадамды үйрету.

                   Б) Тәрбиелігі: Диаграмма шебері арқылы оқушылардың

                                               тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту,

                                               шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты

                                               жеткізуі мен сабаққа деген қызығушылығын

                                               арттыру.

                   В) Дамытушылығы : Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын

                                                қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін

                                                дамыту.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • Диаграмма тұрғызу үшін диаграмма шеберін пайдалануды;
  • Диаграмма туралы ережені; Диаграмма түрлерін;
  • Диаграмма шебері арқылы орындалатын әрекеттерді;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;
  • Диаграмма сызуды;
  • Төрт қадаммен жұмыс жасауды;

Көрнекілігі: Компьютер, мультимедия, парақшадағы тапсырмалар, буклет

                       және плакаттағы диаграмманың стандартты түрлері;

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, өз бетінше жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Математика.

 

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Білімді жетілдіру.

V. Білімді бекіту.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма.

VІІІ. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

         - Оқушылармен амандасу.

         - Оқушыларды түгендеу.

         - Оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

         Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін сұрақ- жауап арқылы

          тексеру:

1. Microsoft Excel қандай бағдарлама ?

Жауабы: Кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.

2. Excel терезесі элементтерін ата.

Жауабы:

  • Тақырып жолағы
  • мәзір жолағы
  • стандартты үстелі
  • пішімдеу үстелі
  • өрнек жолағы
  • бағандар тақырыбы
  • ұяшықтар
  • жолдар тақырыбы
  • тапсырма аумағы
  • айналдыру сызығы
  • парақтар лақаптары
  • күй жолағы  

3. Ұяшық дегеніміз не ?

Жауабы: Microsoft Excel программасында мәлімет енгізілетін кестенің ең кіші бөлшегін айтамыз.

4. Кесте дегеніміз не ?

Жауабы: Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар кесте деп аталады.

5. Қанша баған мен қанша қатар бар, олар қалай белгіленеді ?

Жауабы: 256 бағаннан 65 536  жолдан тұрады. Жолдар сандармен нөмірленіп, ал бағандар әріптерден тұрады.

6. Excel- дегі электрондық кесте мен Wort- тағы қарапайым кестенің айырмашылығы мен ұқсастығы қандай ?

 Жауабы:

Ұқсастығы: мәтін теруге болады, құжаттарды құруға болады, форматтау, баспаға шығаруға болады, ұяшыққа (сан, мәтін, формула) түрінде мәлімет енгізуге болады

Айырмашылығы: Excel- де Wort- қа қарағанда формуламен, функциямен жұмыс  жүргізуге болады, күрделі есептер жүргізуге болады, графиктер тұрғызуға  болады, диаграмма тұрғызуға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың жоспары:

  1. Әртүрлі типті диаграммалар және графиктер құрып үйрену;
  2. Диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру;

Диаграммалар- мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграмма бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel- де 14 түрлі мынадай диаграмма түрлері бар:

Диаграммалар жасау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Диаграмма шебері орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмай тастауға болады. Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады

Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:

  1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
  2. Вставка  Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері      батырмасын шертеміз.
  3. Шебердің бірінші қадамында диаграмма түрін және оның көрінісін таңдап алып,   Далее  дегенді шертеміз.
  4. Екінші қадамда деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады                                                                                                                                          

5. Жұмыстың үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптауға болады.                                                                                                              

6. Төртінші қадамда диаграмманы орналастыру орнын таңдап, Готово дегенді шертеміз.

 

Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.

Мысалы: Диаграмма шеберін пайдаланып, дөңгелек диаграмма құрастырайық.

 

  1. Кестеге мәлімет енгізу;
  2. Кестені ерекшелеу;
  3. Диаграмма шеберін шақыру;
  4. 1 қадам;
  5. 2 қадам;
  6. 3 қадам;
  7. 4 қадам;

                           

ІV. Білімді жетілдіру.

1- тапсырма

Диаграмма шеберін пайдаланып, гистограмма құрастыр.

Информатика пәні бойынша  сапа көрсеткіші III тоқсан.

 

Сыныбы

5-ке оқитындар

4-ке оқитындар

3-ке оқитындар

7 сынып

10

20

32

8сынып

16

37

30

9 сынып

6

45

29

10 сынып

0

24

22

11 сынып

0

15

8

2- тапсырма.

Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, сақина түріндегі диаграмма құрастыр.

2008-2009 оқу жылдарындағы  ҰБТ қорытындысы.

 

Пәндер

Сапа

Қазақ тілі

24  %

Орыс тілі

24 %

Қазақстан тарихы

10 %

Математика

10 %

Биология

20 %

3- тапсырма

Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, конустық диаграмма құрастыр.

9 сыныптағы  МАБ қорытындысы.

 

Пән аттары

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Орыс тілі

17 %

80 %

80 %

Шет тілі

12,65 %

17,2 %

17,5 %

География

13 %

17,2 %

80 %

4- тапсырма

Диаграмма шеберін пайдаланып, дөңгелек диаграмма құрастыр.

2009 жылғы санақ туралы мәлімет.

 

Аудандар

Адам саны

Санақтан өткені, %

Атырау қаласы

245119

108,7

Жылыой ауданы

75283

106,7

Индер ауданы

31230

100,7

Исатай ауданы

25236

101,4

Құрманғазы ауданы

56308

102,4

Қызылқоға ауданы

31134

95,8

Мақат ауданы

30069

101,0

Махамбет ауданы

29,902

101,1

5- тапсырма

Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, цилиндрлік диаграмма құрастыр.

Оқушылардың сапалық құрамы.

                  

Сыныбы

Оқу озаттары

Оқу екпінділері

1 сынып

8

21

2 сынып

8

20

3 сынып

7

23

4 сынып

6

20

5 сынып

6

22

6 сынып

7

23

7 сынып

5

25

8 сынып

7

25

9 сынып

6

25

10 сынып

5

24

11 сынып

3

24

6- тапсырма

Кестедегі мәліметтерді енгізіп, дөңгелек диаграмма құрыңыз.

 

Тауар атауы

Бағасы

Капуста

100

Пияз

90

Апельсин

450

Банан

70

Лимон

200

Алма

250

Ысталған балық

400

Шұжық

300

Майонез

130

Маргарин

100

Печенье

250

Жұмыртқа

900

7- тапсырма

Кестедегі мәліметтерді енгізіп, гистограмма құрыңыз.

 

Тауар

 

Саны

 

Бағасы

 

Жалпы сомасы

 

% - пен көрсетілген пайданың үлесі

Тәтті тоқаш

130

10

1300

13%

Самса

130

10

1300

13,00%

Шырын

140

10

1400

14,00%

Тақтайша

50

50

2500

25,00%

Еден жуғыш

15

100

1500

15,00%

Орындық

10

200

2000

20,00%

 

  1. Білімді бекіту  (тест жүргізу).

 

  1. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ...... белгіленеді.

 

                   а) орыс әліпбиі әріптерімен;

                   б) латын әліпбиі әріптерімен;

                   в) сандармен нөмірленіп;

                   г) еркін түрде пайдаланушы тарапынан.

 

  1. Excel  бағдарламасындағы ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады ?

 

                   а) сан;

                   б) аталғандардың бәрі;

                   в) мәтін;

                   г) өрнек. 

 

  1. Excel  бағдарламасындағы кесте ауқымдарының дұрыс белгіленуін атап көрсет.

 

                   а) 1А;

                   б) 23:4DE;

                   в) А1:В2;

                   г) А:А2. 

 

  1. Excel  бағдарламасын қандай әрекеттер көмегімен іске қосуға болады ?

 

                   а) Пуск→Программы→ Стандартные;

                   б) Пуск→ Программы →Microsoft Office→Microsoft Excel;

                   в) Пуск→ Программы →Windows;

                   г) Программы →Microsoft Office→Microsoft Excel.

 

5. Microsoft Excel – бұл ...

                  

            а) Компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама;

                    б) Кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы          бағдарлама;

                   в) Кесте  түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде  компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғысы;

                   г) Кодтық кестені өңдеуге арналған  қолданбалы бағдарлама.

 

6. Excel бағдарламасындағы ұяшықтың дұрыс мекен жайын көрсетіңіз.

 

                    а) # А10;

                   б) N 99 ;

                   в) "А10000 ;

                   г) В1. 

 

7. Кесте дегеніміз – ол:

               

                 а) Белгілерден және суреттен тұратын жолдар мен сызғыштар жиыны

                 б) Мәтіннен және суреттен тұратын жолдар жиыны

                 в) Мәтіндер және суреттер жиыны

                 г) Жолдар мен бағандар жиыны

 

8. Диаграмма дегеніміз – бұл ...

 

                    а) деректерді сызбалық түрде ұсыну;

                   б) әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген шеңбер;

                   в)  логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар бірізділігі;

                                  г) деректерді сыртқы безендіру, сондай- ақ олардың мазмұнындағы     

                                        деректер пішімін түзету. 

 

9. Excel бағдарламасында диаграмма ... үшін қолданылады?

 

                    а) сандық деректер мен өрнектерді енгізу;

                   б) бағандарды немесе жолдарды құрастыру;

                   в)  ақпаратты сызбалық түрде ұсыну;

                   г) бағандарды сызбалық түрде  кескіндеуді. 

 

  10. Диаграмманы қалай қоюға болады ?

                    

                    а) Вставка- График;

                   б) Формат- Функция ;

                   в) Вставка- Функция;

                   г) Вставка- Диаграмма. 

 

VІ. Қорытындылау.

Балалар сұрақ бойынша жауап береді.

        Бүгінгі сабақтан Excel-дегі диаграмма туралы нені үйреніп, нені білдік ?

 

1. Диаграмма жасау үшін не пайдаланылады?

2. Диаграмма шеберінде неше қадам бар ?

3. Диаграмманың неше түрі бар ?

4. Түрлері қандай ?

5. Excel бағдарламасында не істеуге болады ?

                      

                      

 

  1. Үйге тапсырма.

Microsoft Excel – диаграммалар салу тақырыбын оқу және диаграмма түрлері туралы толығырақ мағлұмат жинау.

  1. Бағалау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Тагаиева Айнур Узахпаевна

Атырау облысы, Атырау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Информатика | Қосты: Das_kura (23.01.2015) | Автор: Тагаиева Айнур Узахпаевна W
Көрсетілім: 1450 | Ілмек сөздер: Диаграммалар, салу., Excel- де | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0