Сайт учителя начальных классов
.
ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері

ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері

 ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері

Тақырыбы ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданаған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы

Мақсаты:     ЕТ жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының еежелеімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелімен таныстыру. Көз талғанда жасалатын жаттығулармен, төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелеімен таныстыру.

а) білімділік;

Оқушыларға ЕТ-мен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін, компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін, қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін үйрету

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

ЕТ жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережесі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

ІІІ Жаңа сабақты бекіту

І Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Жаңа сабақ

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Мұғалімнің рұқсатынысыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,   розеткаларға, штепсельдің, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2. Мұғалімнің рұқсатынысыз сыныпқа кіуге және сыныптан шығуға болмайды.

3. Мұғалімнің рұқсатынысыз сынпта жүруге болмайды.

4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

7. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1. ЭЕМ-де жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.

2. Келушілер кіргенде оқушылар орнынан тұруының қажеті жоқ.

3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медидциналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.

5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білу керек.

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

1. Токты ажырату;

2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;

3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;

4. Дәрігер шақыру

Көзге жаттығу

1-жаттығу

-Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

-Көздеріңнің бұлшық етін босатыңда, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты демалыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу.

-Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

Көздеріңді талдырмаңдар.

-Алысқа қадалып қараңдар.

3-жаттығу.

-Бастарыңды бұрмай, оңға қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

-Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу.

-Бастарыңды бұрмай, солға қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

-Алысқа қадалып қараңдар.

IІІ Жаңа сабақты бекіту

3. тапсырма. ЕТК қауіпсіздік ережесін (кестеде) дәптеріне орындау.

V  Сабақты қорытындылау

1. ЕТК қауіпсіздік ережесі

2. Электр тогымен зақымданғандағы алғашқы медициналық көмек

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу

ID: 5698 | Просмотров: 2407