Сайт учителя начальных классов
.
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Мерзімі: 16.04.2014 ж.

Пән информатика 

Сыныбы: 8 «А»

Пән мұғалімі: Тарбаков Бауыржан

Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың мақсаты:диаграммалар құру, өңдеу, ақпаратты көрнекі түрде көрсету маңыздылығын  ұғыну

Сабақтыңміндеттері:

Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер:

  • диаграмма құру жолдарын үйренеді;
  • кесте бойынша диаграмма құруға дағдыланады;

Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:

  • мәтінді оқи отырып тақырыпты ұғынады, пікірлеседі;
  • тақырыпты бір-бірімен талдайды, тәжірибеде қолданады.

Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндеттер:

  • өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;
  • топпен және өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді;
  • бір-бірінің ойын, пікірін тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: миға шабуыл, INSERT түртіп алу әдісі.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

  • Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат);
  • Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, бағалау парақтары.

Бағалау критерийлері:

Төмен:

  • Диаграмма құру қанша қадамнан тұратынын білемін – 2 ұпай
  • Диагарамма түрлерін атап бере аламын –  1 ұпай

Орташа:

  • Диаграмма құру жолын практикада қолданамын – 2 ұпай
  • Мысалдар келтіре аламын – 1 ұпай

Жоғары:

  • Диаграмма түрін өзгерте аламын – 1 ұпай
  • Мәлімет бойынша диаграмма құрастырамын – 2 ұпай

Бағалау шкаласы:

9-8 ұпай – «5»

7-5 ұпай – «4»

4-3 ұпай – «3»

Сабақтың жоспары:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

  • оқушылармен сәлемдеседі;
  • топқа бөлу (әр түрлі диаграммалар бейнеленген қима қағаздарды біріктіру арқылы топқа бөлінеді).
  • Сергіту сәті ________________
  • мұғаліммен сәлемдеседі;
  • топқа бөлініп отырады.
  • сергіту сәтін орындайды;

 

ИТЕРМЕЛЕУ САТЫСЫ

Миға шабуыл

  1. Балалар, сендер құрастырған суретте не бейнеленген екен?
  2. Диаграммаларды қайдан кездестірдіңдер?
  3. Диаграмма не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар?

 

 

Диаграмма жайлы негізгі түсініктерді қалыптастырады

КОНСТРУКЦИЯЛАУ САТЫСЫ

«INSERT»  түртіп алу әдісі

«Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау»

мәтінін таратып беремін.

 

  • Мәтінді «INSERT»  түртіп алу әдісін пайдалана отырып оқиды.
  • «INSERT»  кестесін толтырады.

 

V

Мұны бұрыннан білемін

+

Мен үшін жаңа

-

Бұл ақпаратпен келісе алмаймын

?

Сұрақ туды, бұл туралы қарастырамын

  • Кестені топта талқылайды.
  • Сыныптың жалпы кестесін толтырады.
  • Мәтінде туындаған сұрақтарға жауап іздейді.

НҰСҚАЛАУ САТЫСЫ

Оқушыларға тапсырма статистикалық мәліметтер түрінде беріледі. Сол жазбаша мәліметтерді топ ішінде кесте түріне келтіріп, компьютерде орындау тапсырылады.

 

Берілген тапсырманы топта талқылайды, компьютерде орындайды.

БАҒАЛАУ

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

 

ID: 6090 | Просмотров: 3110