Сайт учителя начальных классов
.
CorelDRAW ішкі ортасымен танысу

CorelDRAW ішкі ортасымен танысу

CorelDRAW ішкі ортасымен танысу

Сабақтың тақырыбы: CorelDRAW ішкі ортасымен танысу

2. Сабақтың түрі және тұрпаты:Жаңа білімді меңгеру сабағы (лекция – әңгіме және ойын элементтері)

3.Сабақтың мақсаты:CorelDRAW графикалық редаторы, оның негізгі мүмкіндіктері, қолдану аясы, терезе құрылымы, батырмалары мен панельдері және оларың қызметтері туралы нақты білімдерін қалыптастырып, дамытуға ықпал жасау.

4.Міндеттері:

4.1.БілімдікОқушыларды CorelDRAW ішкі ортасымен таныстыра отырып, бағдарламада құжат құру, сақтау, өңдеу жолдары туралы білімдерін қалыптастыру;

4.2. ТәрбиелікОқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, ұжымшылдыққа,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

4.3. ДамытушылықОқушылардың векторлық графикамен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

5. Күтілетін нәтижелері:

5.1. Оқушылар түсінуі тиіс:Векторлық графикамен жұмыс жасау жолдары, CorelDRAW бағдарламасының терезе құрылымын, батырмалары мен панельдерін, қызметтерін, жұмыс істеу принциптерін

5.2.Оқушылардың құндылық бағдары болуы:Векторлық графикамен жұмыс жасаудың маңызы туралы

5.3.Оқушылар жасай біледі: CorelDRAW бағдарламасында векторлық графикамен жұмыс жасау ерекшеліктері мен принциптері туралы білімдерін қорытындылап,  анализ жасай білуге оны жалпылай білуді

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

(түрі мен тұрпатына байланысты)

Сабақтың жүргізу уақыты

Оқытушының басқарушылық іс-әрекеті

Әрбір кезеңдегі оқушылардың іс-әрекеті

Саба қтың әр кез еңінің құ ралдары

1. Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

2. Тіреулі білімдерін жаңғыртып, қайта түзеу

 

 

 

 

 

 

3. Жаңа білімді меңгеру:

3.1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын жариялау

 

3.2.Жаңа материалды түсіндіру

 

 

 

 

 

4. Білімді  бекіту

4.1. Алған білімдерін пысықтау

 

 

 

 

 

4.2. Алған білімерін бекіту

 

 

 

 

5. Үй тапсырмасын беру

 

6. Сабақты қорытындылау

Бағала

2-3 мин

 

 

 

 

 

 

20-22 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-3 мин

 

 

 

20-22 мин

 

 

 

 

 

 

20-22 мин

 

 

 

 

 

 

 

2-3 мин

 

 

 

 

 

2 ми

2-3 мин

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбынжәне жоспарын хабарлау.

 

 

Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы қайталау:

  • «Адасқан сөздер» - анықтамаларды қайталау (Қосымша 1);
  • «Тапқырлар сайысы» - тесттік тапсырмалармен жұмыс (Қосымша 2);

 

  • «Кім мықты?»-диаграмманы  толтыру.(Қосымша 3).

 

    Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

 

 

    Жаңа сабақтың мазмұнын интерактивті тақтадан көрсете отырып түсініру. Тірек конспектілерін тарату (Қосымша 4);

v«Сиқырлы жұлдыздар» ойынымен анықтамалар мен терезе құрылымы туралы сұрақтар қою. (Қосымша 5);

 

vТақырыпқа қатысты сөзжұмбақтарды тақтада көрсету (Қосымша 6 );

  •  «Ғажайып алаң» ойыны арқылы бүгінгі сабаққа қатысты анықтамамен қорытындылау.(Қосымша 7)

 

Үйге:Реферат дайындау «Графикалық редакторлардың жаңа мүмкіндіктері», дәрісті қайталау

 

Сабақта жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау, ынтасыздық танытқан оушыларға ескерту. (Қосымша 8)

Оқыларың сәлемесуі. Топ басшысының топтың сабаққа қатысуы туралы ақпар беруі.

 

  • Анықтамаларды тақтада құрастыру;
  • Тесттік сұрақтарға жауап беру;
  • Диаграмманы тақтада толтыру.

 

    Жаңа сабақ тақырыбын жазып алу;

 

Жаңа сабақты мұқият назар сала отырып тыңдау.Анықтамалар мен маңызды бөліктерін дәптерге  жазып алу

 

vҚойылған сұрақтарға тиянақты жауап беру.

vСөзжұмбақтарды тақтаға жазу арқылы шешу.

 

  • Интерактивті тақтадағы жасырылған сөздерді тауып, анықтаманы ашу.

 

Үй тапсырмасын дәптерге жазып алу.

 

 

Бағаларын мұқият тыңдау.

Апталық есеп параға, топ журналы

 

 

 

 

 

 

Интера ктивті тақта, слайд, флипчартта, тесттік тапс ырмалар.

 

 

 

Дәптер

 

 

 

 

 

Интера ктивті тақта, слайдтар, CorelDRAW Х3 бағда рламасы, тірек конспект.

Интерактивті тақта, флипчартта, слайдтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақта, дәптер,

бағалау парағы

 

 

Топ журналы, баға

 

Қосымша 1

Екі топқа сөздердің орындары ауыстырылып анықтама беріледі. Оқушылар сол анықтаманы құрастырулары керек. Сол арқылы топтың аты қойылады. Дұрыс құрастырылса бес балдық жүйемен есептеледі

1-топ:

Жауабы: Растрлық графика дегеніміз – бейнелер пиксельдерден құралатын графиканы айтамыз.

2-топ

Жауабы: Векторлық графика дегеніміз – бейнелер геометриялық фигуралардан тұратын графиканы айтамыз.

Қосымша 3

Екі топтан екі оқушы тақтаға шығып, өз топтарының атына сәйкес өз артықшылықтарын және кері топтың кемшіліктерін жазулары тиіс. Толық жауап бес балдық жүйемен есептеледі.

Тақырыбы: “CorelDRAW ішкі ортасымен танысу.”

CorelDraw графикалық редакторы – геометриялық (сызық, доға, төртбұрыш, шеңбер т.б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс жасауға арналған бағдарлама. 

Мұнда әрбір объект өзіне тән түстер мен абристерге ие. Сонымен қатар бағдарламада мәтін және растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндікті Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшаларында қарастырылады.

Бағдарламаны іске қосу командасы:

Пуск – Все программы – CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3  немесе жұмыс үстеліндегі арнайы жарлығынан қосуға да болады.

Сонымен CorelDraw бағдарламасы – негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура  болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.

CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда көрінетін терезе:

Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға  немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұқбат терезе ашылады.

Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық.

Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1.CDR деп сақталады.

Жұмыс терезесінің құрылымы:

  1. Тақырып жолы: CorelDraw X3 – [Рисунок1] деген автоматты түрде ашылатын құжат атынан және терезе құрылымын өзгертетін жинау, үлкейту, жабу батырмалары орналасады.
  2. Мәзір қатары:

Файл-құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.

Правка – әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т.б орындауға болады.

Вид- Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.

МакетПарақ параметрлерін өзгертуге арналған.

Упорядочить-объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады. 

Эффекты-объектіге түрлі эффектілер беру.

Растровые изображения– Растрлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған.

Текст-мәтінмен жұмыс жасауға арналған.

Инструменты – бағдарламаны баптауға мүмкіндік береді.

Окно-қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.

Ішкі терезені басқару батырмалары– жинау, жаю, жабу.

  1. Стандарттар қатары: Құру, Ашу, Сақтау, Баспаға шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою, Кері қайту, Алға өту, Импорт, Экспорт, Бағдарламаның қосымшаларын ашу, Веб –түйін, парақ масштабы.
  2. Қасиеттер панелі: Парақ немесе белгілі бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен, айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту, т.б.
  3. Жұмыс аймағы: Алғаш бір парақ Страница 1 деген атпен ашылады. Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу перед немесе после текущей) және парақтың атын (тышқанның оң жағын парақ атауының үстінде тұрып шерту, Переименовать страницу) өзгертуге болады. Жұмыс аймағының үстіңгі және сол жағында сызғыш орналасады.
  4. Анықтама: Бағдарламамен жұмыс жасауға, әрбір объектімен жұмыс жасау тәсілдері туралы кеңестер алуға болады.
  5. Түстер: Түстерді таңдау мүмкіндігін береді.
  6. Қалып күй қатары: объектінің парақтың қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы  туралы анықтама көрсетіп тұрады.

Терезенің сол жағында тігінен  орналасқан аспаптар панеліндегі аспаптар  тізімі:

Нұсқағыш (обектіні белгілеу)

Форма (объектінің пішінін өзгерту)

Қию (Объетіні қию)

Масштаб (объектінің өлшемін өзгерту) еркін форма (еркін түрде объетілер салу) жеке құю (шектеулі аумақта объекті құрып барып, соны бояу) тік төртбұрыш (тік төртбұрышты фигура) элипс көпбұрыш негізгі фигуралар (бағыттауыш, ескертпелер, жұлдызшалар т.б)

мәтін интерактивті ағын (екі объектінің пішіндерінің ағынын өзгерту)

пипетка (объектінің қасиеттерін көшіріп алу)

абрис (объектінің шекарасын өзгерту)

бояу (объектінің түсінің қасиетін беру)

интерактивті бояу (объектіге түрлі бояу тәсілдерін беру)

Қосымша 5

Үстінде оннан сексенге дейінгі балдармен белгіленген сұрақтарға жауап беру арқылы сәйкесінше балл жинаулары тиіс.

10. CorelDraw бағдарламасын іске қосу командасы?

Жауабы: Пуск – Все программы – CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3

20 CorelDraw графикалық редакторының құжатының форматы?

Жауабы: Рисунок1.CDR

30 Парақ саны көбейту командасы?

Жауабы: Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу  перед немесе после текущей)

40 Қалып күй қатары қай жерде орналасқан және қандай қызметі бар?

Жауабы: Объектінің парақтың қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы  туралы анықтама көрсетіп тұрады.

50 Макет мәзірінің қызметі?

Жауабы: Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.

60 Упорядочить мәзірінің қызметі?

Жауабы: Объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.

0 Окно мәзірінің қызметі?

Жауабы: Қосымша терезелерді  терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.

80 Қасиеттер терезесінің қызметі?

Жауабы: Парақ немесе белгілі бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен, айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту, т.б.

Қосымша 6

Екі топқа сөзжұмбақ беріледі. Сөздерді тақтаға шығып, жазу керек. Әрбір дұрыс жауап бір балл.

Жауабы: 1.Геометриялық, 2.Правка, 3.Жабу, 4.Файл, 5.Вид, 6.Макет, 7.Растрлық

Жауабы: 1.Текст, 2.Доға, 3.Справка, 4.Векторлық,  5.Аспаптар, 6.Окно, 7.Шеңбер

Қосымша 7

Екі топқа екі түрлі сұрақ жасырылады, сұрақтарға әріппеп жауап берсе сол әріп ғажайып алаңнан ашылуы тиіс. Егер барлығына бірден жауап беретін болса, онда барлық әріп бірден ашылады. Әрбір толық жауапқа бес бал беріледі.

 

Бағалау парағы

ID: 5744 | Просмотров: 3488