БЛОКНОТ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯТОР.

БЛОКНОТ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯТОР. 

Информатика

Сейтпеткалов Нұрғали Сеитхалиұлы

5-сынып

Тақырыбы

БЛОКНОТ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯТОР.

Сілтеме:

  • «Информатика» оқулығы 5-сынып;
  • http://kiwi.kz/watch/htf33ri9hjfe/;
  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.

Жалпы мақсаттар

Блокнот және Калькулятор қолданбаларының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. АКТ-мен  жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып, жұмыс жасауға дағдыландыру.

Қолданылған модуль түрі

Талантты және дарынды балаларды оқыту, 72-76 беттер.

Оқыту нәтижесі

Блокнот пен Калькулятор бағдарламаларының қызметі мен мүмкіндік-терін біледі. Сандық ақпараттарды калькулятордың көмегімен өңдейді және жылдам есептер шығарады.

Түйінді идея

Блокнотты іске қосуды және Калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруға үйрету.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Әдіс-тәсілдер

І Ұйымдастыру

-Амандасу ,”Не ортақ?” тренингі -Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.

1-топ – «Блокнот» тобы,

2-топ – «Калькулятор» тобы.

Топқа бөлу

ІІ Тақырыпты ашу

Оқушыларға слайдтан жасырылған сурет көрсетіледі.

 

 

 

Кәдімгі блокнот пен калькулятордың суреті екенін табады.

Көрнекілік-көрсетілім

ІІІ Білімді өзектендіру

Оқушыларға білімдерін өзектендіру мақсатында сұрақтар қойылады:

-Стандартты программа құрамына қандай программалар кіреді?

-Қосымша сандық пернетақтаны қалай қосады?

Сұрақтарға жауап береді және блокнот пен калькулятор туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды (1-топ «Блокнот»,           2-топ «Калькулятор» туралы).

Сұрақ-жауап,

Зертеушілік әңгіме

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

Электронды оқулықтағы Блокнот және Калькулятор тақырыбына шолу.

Оқушылар тақырыпқа байланысты өлең жолдарын құрастырады.

1-топ – «Блокнот» тақырыбына;

2-топ – «Калькулятор» тақырыбына.

Топтық әңгіме

Дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате жауапты тапсырмалар ұсыну.

1-топқа:

  1. Блокнот бағдарламасында мәтінді теріп жазыңдар.
  2. Мәтінді ерекшелеп, оның қаріпі мен өлшемдері бойынша пішімдеңдер.
  3. Мәтінді оң жақ, сол жақ және ортаңғы шектерге қарай түзетіңдер.
  4. Түзетілген мәтінге сурет орналастырыңдар.

2-топқа:

  1. Калькулятор бағдарламасыда 56 мен 76 сандарының қосын-дысын жадыға сақтаңдар.
  2. 6 мен 3 сандарының қосынды-сын жадыдағы санға көбейтіңдер.
  3. Индикаторға мәтіні бар сандарды енгізіп, оларға

Тапсырманы топ болып компьютерде орындайды. Диалог барысында дарынды және талантты оқушылар тапсырманың дұрыс-бұрыс екендігін жұмыс барысында дәлелдеп көрсетеді.

Әңгіме-дебат

 

 

 

 

 

V Тақырыпты бекіту

Оқушыларға сәйкестендіру кестесі ұсынылады.

Сәйкестендіру кестелеріндегі тапсырманы орындап, жұп құрып дұрыптығын тексереді.

Сәйкестікті табу

VII Сабақты қорытындылау

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.

Оқушылар бір-біріне жіпті беру арқылы сұрақтар қояды.

Өрмекшінің торы

VIII Оқуға арналған тапсырма

195-беттегі тапсырмаларды орындап, бақылау сұрақтарына жауап беру;

«Блокнот», «Калькулятор» тақырыбына таныстырылым жасау.

Бағалау

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Критерийлер бойынша (1 мин).

Критерилер:

  1. Топтың белсенділігі;
  2. Тәртібі;
  3. Жаңа терминді қолдана алуы;
  4. Тақырыпты меңгеруі қандай? 

Рефлексия

  1. Мен бүгінгі  сабақта не білдім.......
  2. Маған қызықты болды........
  3. Маған қиындық  тудырған.......
  4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын
  5. Мені толғандырған.............
           

Автор: Сейтпеткалов Нургали Сеитхалиевич

Алматы облысы, Ақсу ауданы, «Қаракемер ОМ, МДШО»

18
Декабрь
0
2245

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.