Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, ақпаратты сақтау ережесін, жалпы жұмыс жасай
білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Компьютер, оқулық
Сабақ барысы:
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.
Біздің ақпаратты түрлі арналардан алатынымызды ескере отырып,кестені толтырайық.
Кестені толтыр
Нысан |
Ақпарат түрлері |
Сезім мүшелері |
Хат жазу |
Көру |
Көз |
Торт |
Дәм сезу |
Тіл |
Картина |
Көру |
Көз |
Бақылау жұмысы |
Көру |
Көз |
Кітап |
Көру |
Көз |
Радио тыңдау |
Есту |
Құлақ |
Тұз |
Дәм сезу |
Тіл |
Теле хабар |
Көру ,есту |
Көз,құлақ |
Әтір |
Иіс сезу |
Мұрын |
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Ақпаратты жазу
Windows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:
Ақпаратты оқу
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl + O пернелері) орындау керек.
Ақпаратты тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады.. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді:
Сәйкестендіру .
Ақпаратты тасығыш құрылғылырының өлшем бірліктері берілген.Сыйымдылығына қарай сәйкестендіру
ІV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздігі ережерін есімізге түсірейік.
Мониторға дейінгі арақашықтық 55 - 65 с - ден кем болмауы керек;
А деңгейі
В деңгейі
С деңгейі
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
VII. Бағалау
1 минут Рефлексия .
Стикерге түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.
VIII. Қорытындылау
Автор: Толебаева Жайна Жоламанқызы
Атырау облысы Атырау қаласы Жамбыл орта мектебі
Пікірлер: 0