Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » География

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы. 5 сынып жаратылыстану

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы. 5 сынып жаратылыстану

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Тексерілді: ___________ Күні:
Оқу ісінің меңгерушісі: Сабиров Б.С. Сыныбы: 5 «б» /5 «а»/
Тақырыбы: Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Жер планетасы туралы, Жердің өз өсінен және Күнді айнала қозғалуы туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға машықтандыру.
Тәрбиелік: Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; рухани байлығын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, ой қозғау, өткенді пысықтау
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
1. Оқушыларды тыныштыққа шақырады. Тәртіпке келеді.
2. Үй тапсырмасы: «Күн-Жұлдыз тарауын қайталау»
І. Блиц турнир. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
1 топқа:
1. Жұлдыз дегеніміз не?
2. Қандай жұлдыздарды білесіңдер?
3. Жұлдыздарды зерттеуде ғылымға үлкен еңбек сіңірген атақты Әмір-Темір немересі кім? (Ұлықбек)
4. Біздің галактикамыз қалай аталады? (Құс жолы)
5. Орбита дегеніміз не?
2 топқа:
1. Күн дегеніміз не?
Жерге ең жақын жұлдыз?
Түнде жай көзбен біз қанша жұлдызды көре аламыз?
Күн жүйесіне неше ғаламшар кіреді?
Астероидтар белдеуі деп қай аралықты айтамыз?
3 топ:
1.Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? Атап бер
2. Ең алғашқы 1609 жылы кім үлкейткіш дүрбіні ойлап тапты?
3. 20 км қашықтықтан шыбынды анық көруге мүмкіндік беретін телескоптың аты
4. Айға бірінші қонған астрономдар (Нил Армстронг мен Эдитр Олдрин)
5. Күн Галактиканың орталық нүктесінен шамамен неше млн жылда айналып өтеді? (250)
ІІ. «Математикалық шкатулка». Сандардың мәнін ашу керек
25*3+75= 150 Күн мен Жер арақашықтығы
3-2+6/3=3 Жердің Күн жүйесіндегі орны
2000+39=1961 Алғашқы ғарышқа ұшқан жыл
22*2+44=88 Меркурийдің Күнді айналу уақыты
(2+5)-4/2=5 Юпитердің Күн жүйесіндегі орны
2000-9=1991 Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
ІІІ. Жұмбақ шешу ( әр топқа үштен географиялық жұмбақтар беріледі)
I топ. 1.Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем (жер)
2. Тұрғанымен жырақ өзі
Таусылмайтын шырақ көзі (күн)
3. Еш тесікке тұрмайды
Ол жоқта жер құрғайды (су)
4. Жылт – жылт еткен
Жылғыдан өткен (су)
II топ. 1. Күндіз білінбейді
Түнде күлімдейді (жұлдыз)
2. Орақ болып туады
Табақ болып тынады. (ай)
3. Мекені көкте екі ару,
Бірін – бірі көруге зәру (күн мен ай)
4. Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз (ауа) Балалар сабақ айтады.
Сабақ айтқан оқушыға қалған оқушылар айтылмаған жерінен сұрақтар қояды.
3. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мынадай сұрақтар қоямын:
1. Жер күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар? (Үшінші)
2. Жердің пішіні қандай? (шар тәрізді)
3. Жер деген не? (ғаламшар)
4. Ғаламшар мен жұлдыздың айырмашылығы қандай? (ғаламшар салқын дене, жұлдыз жанып тұрған отты шар).
Жер күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар жасы шамамен 4,5 – 4,6 млрд жыл бұрын пайда болған. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Жер бетінің ауданы 510млн км2
Алғашқы неміс географы Мартин Бехайм 1492 жылы диаметрі 50 см болатын глобус жасады.
Экватор сызығына тоқталу.
Жердің экваторлық радиусы – 6378 км, полярлық радиусы – 6357 км. Екеуінің айырмашылығы – 21 км. Экватор ұзындығы – 40 000 км.

1. Жердің өз өсінен және күнді айналуы
2. Күн мен түннің ауысуы
3. Жазғы және қысқы тоқырау
4. Поляр түні, поляр күні
Балалар сұраққа жауап береді.

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Мұғалімді тыңдайды керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

4. Сабақты қорытындылауда «Домино» ойыны ойналады.
Ойын шарты: Қиынды түріндегі жердің глобустағы бейнесі. Оны магнитті тақтаға әр топтан 3 оқушыдан кезекпен шығып құрастырады.
Географиялық диктант
 1. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт.......... сағатқа тең. (24)
 2. Жер өз осінен айналуының нәтижесінде........... мен.......... ауысады. (күн, түн)
 3. Уақыт.................... меридианынан есепетелінеді. (Гринвич немесе бас меридиан)
 4. Алғаш 21 - 22 маусымда.................................................. болады. (жазғы тоқырау)
 5. 23 қыркүйек күні...................... күн мен түннің теңелуі байқалады. (күзгі тоқырау)
 6. Оңтүстік жарты шарда ең ұзақ күн...................................... деп аталады. (Поляр күні)
 7. Солтүстік жарты шарда ең ұзақ түн...................................... деп аталады. (Поляр түні)
 8. Жер күнді межелеген уақытта толық айналып өтуін..................... деп атайды. (жыл)
Тест жұмысы:
1. Темірқазық жұлдызына қарап қай бағытты анықтауға болады?
А) Оңтүстік Ә) Солтүстік Б) Батыс В) Шығыс
2. Жер бетіндегі адамзат неше нәсілге бөлінеді?
А) 2 Ә) 1 Б) 3 В) 4
3. Жер шарын айналып шыққан саяхатшы кім?
А) Ф. Магеллан Ә) Х. Колумб Б) Ш. Уәлиханов В) Қ. Сәтбаев
4. «Күнді тоқтатып жерді айналдырушы» деген сөздер жазылған ғалымның аты?
А) Әл - Фараби Ә) Николай Коперник
Б) Ш. Уәлиханов В) Герард Меркатор

5. Күннің төңірегінде неше планета бар?
А) 10 Ә) 8 Б) 9 В) 7
6. Күнді айнала қозғалатын ғаламшар жолы қалай аталады?
А) Комета Ә) Метеор Б) Орбита В) астероид
7. Жер өз осінен қанша уақытта 1 рет айналады?
А) 30 сағат Ә) 25 сағат Б) 24 сағат В) 23 сағат
8. Жер күнді қанша уақытта бір рет айналып өтеді?
А) 1 жылда Ә) 2 жылда Б) 3 жылда В) 4 жылда
9. Жер бетінің жалпы ауданы қанша?
А) 510 млн км2 Ә) 500 млн км2 Б) 450 км2 В) 350 млн км2
10. Жер экваторының ұзындығы қанша?
А) 39000 мың км Ә) 41000 мың км
Б) 40000 мың км В) 35000 мың км Оқушылар тақырыпты оқиды. Сұрақтаға жауап береді.
5. Үйге тапсырма §9. Глобусты және картаны пайдаланып қайсы жарты шарда өмір сүріп жатқандарыңды анықтаңдар.
§11, картамен жұмыс. 32 - беттегі тапсырмалар. Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.
6. Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейіне байланысты бағалайды.
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады. Қоштасады.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Дюсалиева Диана Ержановна

БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: География | Қосты: diaza (10.02.2015) | Автор: Дюсалиева Диана Ержановна E W
Көрсетілім: 4806 | Ілмек сөздер: Жер, пайда болуы, Жер планетасы | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 3
Қонақтар: 3
Тіркелгендер: 0