Сайт учителя начальных классов
.
Кенге жатпатын пайдалы қазбалар.

Кенге жатпатын пайдалы қазбалар.

Кенге жатпатын пайдалы қазбалар.  

Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпатын пайдалы қазбалар.  

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнына түсінік

І  Білімділігі: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру. Балаларды кенге жатпайтын пайдалы қазбалармен, оның қасиеттерімен, өндіру, пайдалану жолдарымен таныстырып, танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу білігін жетілдіру.

  ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін,дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу.

  ІІІ Тәрбиелігі:  Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: пайдалы қазбалардың үлгілері,  мұнай, карта.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

                                    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

         . Сәлемдесу

. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

         . Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

         . Ойға шақыру.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

          1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

          2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

          3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

          4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 

Сабақтың тақырыбы:  Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. 

Сұрақ – жауаптар арқылы білімдерін тексеру:

-         Пайдалы қазбалар адамға қандай пайда әкеледі?

-         Картадан пайдалы қазбалар игеретін кен орындарын көрсетіңдер?

-         Олардың кен орындарын картадан көрсетіңдер.

-         Қандай кенді пайдалы қазбаларды білесіңдер?

-         Кенсіз пайдалы қазбалар қандай екі топқа бөлінеді?

Пайдалы қазбалар туралы алған білімдерін сызбаға толықтыру.

                                     Пайдалы қазбалар

 

  Кенді

             Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

 Құрылыс

 Жанғыш

Темір кені

Гранит, әктас, құм, сазбалшық

Таскөмір, мұнай, табиғи газ

Сөздік диктант жүргізу.

ІV. Сергіту сәті:

                   Қорбаңдаған аюдың,           Теріп – теріп алайық,

                   Құлпынайы көп екен.          Қалтамызға салайық!

V.  Проблемалық   сұрақтар:

               -     Пайдалы қазбалардың қандай түрлері болады?

               -   Кенді пайдалы қазбалар туралы не білесің?

               -  Түсті металл кендерін ата. Олардан не жасалады?

- Адам осы байлықтардың бәрін игеріп, жойып жібермей ме?  Егер пайдалы қазбалар болмаса, онда не болар еді? 

 Таскөмір, мұнай, газдың пайда болуы

  1. Шартты белгілер
  2. Қасиеттері
  3. Игеру жолдары
  4. Өніріс пен шаруашылықта пайдалану.

Сарамандық жұмыс:

Картамен жұмыс.

VII.  Үй жұмысы: 35-36 беттегі мәтінді  оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып  білімдерін бағалау.

ID: 6958 | Просмотров: 2900