Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » География

«Қазақстанның физикалық географиясынан» өткен материалды жинақтау барысында саяхат сабағы

«Қазақстанның физикалық географиясынан» өткен материалды жинақтау барысында саяхат сабағы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

«Қазақстанның физикалық географиясынан» өткен материалды жинақтау барысында саяхат сабағы

                               Шакенов  Руслан Шаяхметұлы

                                                                                              география пәні мұғалімі

                                                                                              Павлодар облысы

                                                                                              Успенка ауданы

Павловка ауылының ЖОББ мектебі

         Әрбір мұғалімнің мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушылардың қызығуын, ізденуін, танымын арттыру. Осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – жаңа сабақтың түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс – тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре, тиімді, үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану – ұстаз шеберлігінің басты белгісі.

         Сондай – ақ, оқушылардың іскерліктері мен дағдылары, шығармашылық жұмыстары соңғы жылдарымектеп тәжірибесінде орын алған әр түрлі әдістер мен сынақ – сынақ байқау, сайыс, жазба жұмыстар, рефераттар, т.б. әдістермен есепке алынып тексерілуде.

         Сонымен қатар әр баланың өз жұмысына өзі бақылау жасауы, баға беруі, оқушы консультант, оқушы - ассистент, оқушы – зертханашы арқылы оқушылардың бірін-бірі немесе топ бойынша әр түрлі байқау, тексеру жолдары, пікір айту, пікірталас туғызу, қорытынды шығару, баға қою, ұсыныс жасау, т.б ұйымдастырылды.

         Оқушылардың әржақты дамуына ықпал жасайтын, өздігінен белсенді іс-әрекетке жетелейтін, білім алуға іштей қажеттілігін туғызатын сабақтың бірі – қайталау, жинақтау сабағына тоқталмақпын. Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін мынадай талаптар қойылды:

  1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс.
  2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет.
  3. Қайталау сабағы жоспарлы өткізілуі жөн.
  4. Қайталау өткенді қайталап қана қоймай, оны терең ұғынуға көмектесуі керек.
  5. Қайталау оқушылардың белсенділігін арттыруы қажет.

Қайталау сабағының өзін:

  1. Бастапқы қайталау.
  2. Күнделікті қайталау.
  3. Мерзімді қайталау.
  4. Қорытынды қайталау сабағына топтастырдым.

Оның ішінде қорытынды қайталау жыл бойы өтілген материалдарды немесе курсты жинақтап, пысықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл қайталау оқу жылының соңғы аптасында өткізіледі. Қорытынды қайталау барысында оқушылардың зейіні курстағы өтілген басты – басты тарауларға аударылады. Қорытынды қайталау сабағында сынақ сабақтың элементтері жиі кездесіп отырады. Сынақ сабақ екі түрлі мақсат көздейді.

  1. Оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында жүргізіледі.
  2. Өтілген материалдарды қайталау, жинақтау, қорыту бағытында өткізіледі.

Қазақстанный физикалық географиясы курсын аяқтағаннан кейін оқу материалдарын қайталау, жүйелеу, жинақтау мақсатында қорытынды қайталау сабағын өткіздім. Бұл сабақта оқушылар оқу материалдарын қайта жаңғыртып, туған өлкесінің өткені мен қазіргі жағдайын меңгерді. Деректерді, оқиғаларды салыстыра талдап жинақтауға көңіл бөлінді.

Сабақ ойын түрінде (саяхат сабақ) өтті. Саяхатқа шықпас бұрын оның бағытын белгіледік. Маршрут бойынша «аялдамалар» анықталды. Олар: «Табиғат тану», «Табиғат белдемдері», «Сөздік», «Картография», «Эрудиттер», «Шығармашылық». Әрбір ассистенттің алдына аялдама аты қойылып, сұрақтар жазылған карточкалар жатты. Сұрақтың дұрыс жауабы да ассистенттің қолында болды. Өзім балаларға маршрут қағаздарын үлестіріп бердім. Бұл қағазға оқушы өзінің әр аялдамалардан алған тапсырмасының жауабын жазып, ассистент баға қояды. Ең соңғы шығармашылық аялдамасына келгенде ондағы ассистент мұғалімнің көмегімен қорытынды бағасын шығарады.

 Бірінші аялдама – «Табиғат тану». Оқушылар «Табиғат тану» аялдамасынан мынадай тапсырмалар алады:

  1. Европа мен Азия елдерін байланыстыратын керуен жолдары. (Жібек жолы)ежелгі заманнан белгілі. Осыған байланысты мұндағы табиғи объектілер туралы Каспий теңізінің шығысында шексіз өңір бары баяндалған. Сонымен қатар Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәліметтер келтірілген. Оқушылар сипаттамаға қарап, қай жердің табиғаты жайында айтылып отыр, оған алғашқы мәліметтер берген зерттеушілерді атау ұсынылады.                                                     Жауабы: Қазақ жері. Геродот (б.з.д. 5ғ.), К.Птоломей(б.з.д.2ғ)
  2. ХІХғасырдың 50-60 жылдарында Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеп, Іле Алатауындағы жануарлардың биіктікте таралу сызбанұсқасын алғаш рет жасаған зерттеуші.

Жауабы: Шоқан Уәлиханов

  1. Қазақстанның ең төмен және ең биік жері?

Жауабы: Маңғыстау түбегіндегі ең төмен жер – Қарақия ойығы, теңіз деңгейінен -132м. төмен орналасқан. Оңтүстік Шығыста орналасқан ең биік жері – Хантәңірі шыңы (1995м)

  1. Альпілік тау түзілісі жер қыртысында жарылу туғызып, бұрынна бар қатпарлы – жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. Сол таулы жүйелерді ата.

Жауабы: Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тәңіртау (Тянь-Шань)

  1. Палогендік шөгінділердің таралған жері.

Жауабы: Шу, Іле, Зайсан және басқа да тауаралық қазан-шұңқырлардың жиектерінде, үстіртте, Арал маңында, Торғай жазығында таралған.

  1. Қазақстан аумағында ұзақ уақыт геологиялық өзгерістердің нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Мысалдар келтір.

Жауабы: Ойпаттар мен жазықтар, үстірттер мен қыраттар, аласа таулар мен биік таулар.

  1. Қарашығанақ мұнай мен газ конденсат кеніші қазір бүкіл дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Оның орналасқан жері қашаннан бері игеріле бастады?

Жауабы: Батыс Қазақстан облысында 30 шақырым қашықтықта Бөрлі ауданының территориясында 1984 жылдан басталды.

  1. Қазақстанның жер көлемі жағынан дүние жүзіндегі алатын орнын ата.
  2. Қазақстан климатын түзуші факторларды ата.

Жауабы: Күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жер беті жамылғысы.

 

Екінші аялдама – «Табиғат белдемдері». Оқушыларға бұл аялдамада мынадай сұрақтар ұсынылды.

  1. Жер беті тегіс, онда кішігірім ойпаңдар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр. Белдемде 6 мыңнан астам көл бар. Өзендері түгелдей қар суымен толығады. Бұл – Қазақстанның ең жақсы игерілген белдемінің бірі. Ол қай белдем?

Жауабы: Орманды дала белдемі

  1. Бұл белдем республика аумағының 44%-не жуығын алады. Жауын – шашынның жылдық орта мөлшері-200мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 400 –қа жетеді. Жүзгін, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл өседі. Бұл қай белдем?

Жауабы: Шөл белдемі

  1. Бұл белдем Республиканың барлық аумағының 14%-тін алып жатыр. 3мыңнан астам көлі бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. Өсімдіктерден айрауық, ши қопасы, құрақ, қамыс өседі. Сүтқоректілерден ақ бөкен, қарақұйрық кездеседі. Бұл қай белдем?
  2. Белдемді Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80%-ті көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығының және өнеркәсібі дамыған аудандарда су жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс-Қарағанды) арқылы пайдаланады. Бұл қай белдем?

Жауабы: Дала белдемі

  1. Мұнда жалпы сырт қыраты, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты орналасқан. Бұл қай жер?

Жауабы: Қазақстан жеріндегі Шығыс Европа жазығы

  1. Жер бедері біркелкі. Онда биік төбелер мен қыраттар кездеспейді. Жазық мезозой мен кайназойда шөгу – көтерілу үрдісінде эпигерциндік плита үстінде қалыптасқан монолиттік құрылымы болып есептеледі. Бұл қай жер?

Жауабы: Батыс Сібір жазығы (Қазақстан жерінде)

  1. Жойылып кету қаупінде тұрған аң-құстарды ата.

Жауабы: Қарақұйрық, тәңіртаулық арқар, муфлон, құлан, қоңыр аю, барыс, сілеусін, қызыл қаз және т.б.

  1. Бұл жазық қазба байлыққа өте бай. Онда бор дәуірінің шөгінділерінен мұнай мен газ табылған. Мұнай, газ өндіретін кеніштер Маңғыстау, Қызылорданың солтүстігінде орналасқан. Іле Алатауынан қоры мол қоңыр көмір бассейні табылып отыр. Бұл қай белдем?

Жауабы: Тұран жазығы.

  1. Қорықтар тұсындағы цифрларды ұйымдастырған жылдардың тұсына жазыңдар?

 

қорықтардың атауы

ұйымдастырылған жылы

Жауабы

1

Ақсу –Жабағылы қорығы

1931

3

2

Наурызым қорығы

1976

5

3

Алматы қорығы

1934

2

4

Қорғалжын қорығы

1939

6

5

Марқакөл қорығы

1984

7

6

Барсакелмес қорығы

1958

4

7

Үстірт қорығы

1926

1

 

Үшінші аялдама – «Картография аялдамасы». Мұнда әрбір оқушы географиялық объектілер жазылған карточка алып, оны картадан көрсетті.

№1.  Түбектер. Бозащы, Маңғыстау, Құланды.

№2.  Таулар. Мұғаджар, Алтай, Сауыр, Жоңғар таулы өлкесі, Кетпен жотасы.

№3. Шығанақ. Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Чернышев шығанағы...

№4. Аралдар. Каспий теңізінде «Тюлень» аралы, Дурнеев аралы.

№5. Шөлдері. Қызылқұм, Арысқұм, Мыңтөбе құмы, Мойынқұм, Тауқұм.

№6. Үстірттер. Үстірт, Торғай үстірті, Орал үстірті, Бетпақдала үстірті.

№7.  Қыраттар. Жалпы сырт қыраты, Көкшетау қыраты....

№8. Жазықтар мен ойпаттар. Батыс Сібір, Тұран жазығы, Каспий маңы ойпаты.

№9. Көлдері. Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Шұбар теңіз, Слеті теңізі.

№10. Өзендері. Ертіс, Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Үлбі, Сырдария, Талас, Шу.

 

Төртінші аялдама – «Сөздік аялдамасы». Аялдамада мынадай географиялық терминдерді игеріп, оны түсіндіру ұсынылады.

Ашықтар. Географиялық таулық белдеу. Ландшафт. Қорықшалар. Сортаң. Шақат. Табиғат ескерткіштері.

 

5-6  аялдама – «Эрудиттер және шығармашылық аялдамасы».

Бұған алдыңғы тапсырмаларды дұрыс орындаған ең білгіштер білімді оқушылар келеді. Блиц-турнирде ұсынылған сұрақтарға дереу жауап қайтарылды.

  1. Жылы жерде жүретін құс. Тырна
  2. Физикалық – географиялық табиғи аймақтық жиынтықтарды зерттейтін сала. Ландшафт
  3. Қазақстанның батыс бөлігіндегі қырқалы аласа таулы массив. Мұғалжар
  4. Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы өзен. Аса
  5. Табиғатты зерттеуші жас ғалым. Натуралист

Шығармашылық топ мұғалімнің көмегімен оқушылардың білімін бағалайды.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Шакенов Руслан Шаяхметұлы

Павлодар облысы Успенка ауданы Павловка ауылының орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: География | Қосты: Шакенова_Айгуль (30.01.2015) | Автор: Шакенов Руслан Шаяхметұлы W
Көрсетілім: 1454 | Ілмек сөздер: Физикалық, Қазақстанның, географиясы. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0