Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » География

"Аққан жұлдыз" атты сыныптан тыс іс-шара

"Аққан жұлдыз" атты сыныптан тыс іс-шара

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Астана қаласы Білім басқармасы
№14 мектеп - гимназиясы

Тақырыбы: «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ»
(сыныптан тыс іс-шара)



Өткізген география пәні мұғалімі:Ергалиева Н.У

Астана 2015
Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған
«Аққан жұлдыз» атты кеш
"Сүйер ұлың болса,
Сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
(Абай.)
Тақырыбы: «Аққан жұлдыз»
Мақсаты:
Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек танысу;
Шоқан өмірін үлгі ете отырып, өздерін саналылыққа , еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд – шоу, Шоқан салған суреттері.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Төрехан:
Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым - Шоқан Уәлиханов.
Аяулым:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от - арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында және Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты кешке қош келдіңіздер! ( баяу күй орындалады)
1-оқушы:
Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған.
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашқарға!
2-оқушы:
Тауларын кезіп Тянь-Шань,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін,
Мекендеп қалған мәңгілік.
Туған жер жауып кілемін,
«Алтынемел» тұр жаңғырып.
3-оқушы:
Ғылым оқып, білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүние кезіп көргенше
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді
Мін тағар жан болмады.
Төрехан:
Ия, қазақ сахарасында «құйрықты жұлдыз » атанған Шоқан Уәлиханов есімі мәңгі ұмытылмайды. Шоқанның таланты телегей теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан-байтақ биіктерге серпілтіп жатады.
4-оқушы:
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.
Сахналық көрініс №1. «Балаға ат қою»
Аяулым:
«Тектіден текті туар қайталанбас...» дегендей қазақтың ұлы ғалымы, зертеушісі, географ-саяхатшы - Шоқан Уәлихановтың жеті атасына көз жүгіртсек:
Шоқан Уәлиханов (Мухаммедқанафия)
Шыңғыс Уәлиұлы – аға сұлтан
Уәлихан – хан
Абылай (Әбілмансұр) – жүздердің басын қосқан хан
Әбілфаиз – Бұқара ханы
Есім – хан
Жәнібек – қазақ хандығын құрушы
Жошы – хан
Шыңғысхан – әлемді билеуші хан.
6 – оқушы:
Шоқанның тағы бір інісі- Мақы (Мақажан)Уәлиханов(1844-1923) суретші болған. Петербургтегі көркемөнерпаздар академиясының шеберханасында суретшілік қызметін атқарған. Мақы Петербургте 11 жыл тұрған. Қазақстанның атақты суретшісі Шота Уәлиханов Мақының немересі.

7- оқушы:
Шоқан орта жүз ханы Абылайдың шөбересі. Біз Абылай ханды ақылын, айбарын халқының азаттығы жолында жұмсаған ұлы күрескер және сандаған шайқастарда батырлығымен талайды таң қалдырған ержүрек жауынгер ретінде жақсы білеміз.
8-оқушы:
Шоқанның әжесі – Айғаным. Айғаным немересі Шоқанды 5-6 жасынан ертегі, қиссаларды тыңдатты, сұлулықты қастерлеуге, табиғатты сүюге оқуға ынтасын арттыруға көңіл аударған.
9- оқушы:
Шоқанның әйелі – Айсары. Шоқан өлгеннен кейін қазақтың әмеңгерлік ғұрпымен өзіне тетелес інісі Жақыпқа қосылады. Айсары Жақыптан Рабиға есімді қызды болады.
Төрехан:
«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді.
Сахналық көрініс №2. «Шоқанның балалық шағы»
Аяулым:
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата - бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.
Ән: «Ойжайлау» орындайтын Нұржанова Дильназ.
Төрехан:
1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.
Сахналық көрініс №3. «Кадет корпусына келуі»
Аяулым:
Қазақтын көгінде,
Әлемнің төрінде,
Жарқырап, жайнаған
Жұлдыздай көрінді деп ақын жырлағандай тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін,тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді.Бір сөзбен айтсақ, Шоқан – ғұлама.
10- оқушы:
Шоқан – суретші. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 – дей сурет қалған.
11- оқушы:
Шоқан – әдебиетші.Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Оның еңбектері:«Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б.
12 - оқушы:
Шоқан – саяхатшы. 1856 жылы М.М. Хоментовский басқарған әскери ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстық көл аймағының картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады.
13-оқушы: Шоқан – саяхатшы.П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі.
Слайд –шоу көрсетіледі.(Шоқан салған суреттер)
Сахналық көрініс №4. «Генерал мен Шоқан»
Төрехан:
Дарынға бақ тілеп,
Айтылып ақ тілек,
Ғылымның шыңында ол,
Қанатын жоғары қақты - деп Шоқанды қазақ халқының ғана емес, жалпы ғаламның азаматы ретінде таниды. Келесі кезекті Шоқан туралы айтқан ұлы ғұламалардың естеліктерінен үзінділерге берелік.
14 – оқушы:
Шоқан – саяхатшы.Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 октябрінен 1859 жылдың март айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты — Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен.
15- оқушы:
Шоқан – қоғам қайраткері. 1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан "Сот реформасы туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазды. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек, өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жақсарту.
16 – оқушы:
"Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде - ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды" Г. И. Потанин.
17 –оқушы:
«Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?...» Ш.Айтматов
18 – оқушы:
«Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,
Империя – патша жұрты тәмам көрді.
Өнері топтан асқан жігіт еді,
Сұм тағдыр сапар жолда қаза берді », - деп жырлады Ақан сері.
Аяулым:
Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді.Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.
Төрехан:
Шоқанның өмірі – ең үлгілі өмір. Ол не бары 30 жасқа келіп қайтыс болды. Сондықтан да шығыстанушылар оның өмірін аққан жұлдызбен, жарық жұлдызбен, дала жұлдызымен теңеп келеді. Шоқан – ғасырларға қызмет ететін ұлы тұлға.
Сахналық көрініс №6. «Шыңғыс пен Потанин»
Аяулым:
Қазіргі күнде Ұлттық Ғылым академиясының Тарих, Археология және Этнография институтына, Республикамыздың бірнеше мектептері мен Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне, кеңшарларға, ауыл-селоларға, көшелерге Ш.Уәлиханов есімі берілген. «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел».
19-оқушы:
1969 жылы биіктігі 8 метр, тұғыры габбрс тасынан өрілген, Ұлттық Ғылым академия ғимаратының бас корпусына қаратып орналастырылған Шоқан ескерткіші қоладан құйылды. Ал Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 4234 метрлік шыңға да ұлы ғалым есімі берілді.
20-оқушы:
1985 ж елімізде ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтті. Өнер иелері Шоқан бейнесін сомдап, тұлғаландырды. Соның ішінде Әбілхан Қастеевтің «Шоқан Уәлиханов» атты акварельдік картинасын бөліп атауға болады. Содай-ақ М.Аманжолов, Қ.Оспанов, Ү.Әжиев, М.Зулфұхаровтар шығармашылығынан Шоқан Уәлиханов тақырыбы кең орын алады.
21-оқушы:
Театр сахнасында Шоқан ролін тұлғалаған актерлерден Ж.Шаниннің 1955-1957 жылдар аралығындағы ізденістері мен Н.Жантөрин жасаған Шоқанның парасатты да пайымды, ақылды да зерек, сымбатты да сыпайы досқа таза,дұшпанға ымырасыз кейпін анық бере білген.
22-оқушы:
Шоқан жайлы алғашқы фильм 1957 жылы түсірілген. 1985 жылы Асанәлі Әшімовтың жетекшілігімен «Шоқан Уәлиханов» атты 4 сериялы телевизиялық көркемфильм жасап шығарылды. Онда Шоқанның 12 жасынын өмірінің соңына дейінгі тағдыры қамтылған. Шоқан роліндегі Сағи Әшімовтың таланты айдан анық көрінді.
23 - оқушы:
Ғ.Мүсірепов былай дейді: «Тілегім келер күнге нық басқан қадамымызбен Шоқанның Шоқандығы, Ұлының ұлылығын үлкен мақтанышпен жыр етіп отырмын. Ұлы перзентін басына асқақтата көтерген халықтың ғана шоқтығы биіктей түсетінін ұмытпсақ деймін! Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел».
Аяулым:
Бейнелеу өнерінің өзге түрлерінен гөрі салыстырмалы алғанда мүсіндеу өнерінде Шоқан образы айтулы дәрежеде өз шешімін тапқан. Мысалы: Шоқан Уәлихановтың Алматыдағы ескерткіші.
Төрехан:
Қымбатты оқушылар, Ұстаздар және қадірменді қонақтар! Мектебімізде өздеріңізбен бірге ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановқа арналған кеште біз Шоқанды қыр-сырынан таныдық деп білеміз. Шоқан- демократ ғалым, дін зерттеуші, әдебиет зерттеуші, барлаушы, суретші, полиглот, күй зерттеуші, географ, тарихшы, құқықты зеттеуші, этнограф ғалым, саяхатшы,
Ән «Туған жер» орындайтын Нұрболат пен Бағдат
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін!

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Ергалиева Нагима Уткелбаевна

Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясы география пәні мұғалімі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: География | Қосты: Марик (08.02.2015) | Автор: Ергалиева Нагима Уткелбаевна E W
Көрсетілім: 1524 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 90
Қонақтар: 90
Тіркелгендер: 0