Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу

Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу

Сабақтың тақырыбы: Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу

Білімділік мақсаты:     Тұтыну кредиті,кредит (несие) беру шарттары, кредит құны   туралы түсінігін маңыздандыру.

Дамытушылық мақсаты: Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеудің арасындағы айырмашылықты айыруға үйрету, меншік капиталға анықтама беру және меншік капиталды қарызданумен салыстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру,есептер шығару, іскерлік ойын .

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схемалар, үлестірмелі тапсырмалар, тест сұрақтары.

                                                                                                                           

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. 

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Сәйкестік тест

 

Терминдер

Анықтама

 Артықшылық

  • кіретін кіріспен шығатын шығысты өзара салыстыратын қаржылық жоспар.

 Тепе-тең баға

  • белгілі бір мақсатқа жұмсалған шығын.

 Бюджет

  • шығатын шығыспен кіретін кіріс дәлме дәл тең болса, ондай бюджет

 Шығатын шығын

  • ұсыныс сұраныстан артып кеткен нарықтық жағдай.

Балансталған бюджет

  • Сұраныспен ұсыныс көлемі дәл келген нарықтық жағдайы

 

III. Үй тапсырмасын қорытындылау: Логикалық сұрақтар арқылы.

 1) Шығатын шығынды жоспарлауды қалай түсінесіз?

 

Ж:Өзіңіз сатып алғыңыз келген немесе ақысы белгілі бір уақыт ішінде төленуі тиіс заттарды тізіп, есептеу.

 

2)Айталық , шығатын шығынды жоспарлағанда кіретін кірістен  артық болғандықтан кей заттарды сатып алуды кейінге қалдыруға , тізімнен сызып тастауға тура келеді. Осы тұста сіздің тізімнен сызып тасталатын және тізімде қалған нәрсеге  баламалы құны болады.

         Бірақ сіздің тізімнен сызып тастаған заттарыңыз өте қажет ,оны сатып алу үшін ақша жинайтын уақытты күтпей сатып алғыңыз келеді, не істейсіз?

 

Ж: Мұндай жағдайда кредит (несие)алуға болады.

 

3)Сөзжұмбақ шешу. «Несие»

Көлденеңінен:

  1. Тұтынушыларға тауарлар мен қызмет көрсетулер жайлы хабарлама (ақпарат) беру.
  2. Мемлекет меншігін жеке меншікке түрлендіру.
  3. Еңбек етуге қабілетті жұмыс істегісі келетін , бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдар тобы.
  4. Банк иесі немесе банкінің ірі акционері.
  5. Ең жақсы нәтиже  көрсету үшін нарықтағы экономикалық жарыс.

 

 

 

 

 

н

 

 

 

 

 

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

и

 

 

 

 

 

 

е

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Жаңа сабақ:

Тұтыну кредиті- қолма –қол ақша,тауар алып қызмет көруді қамтамасыз етеді,оларға ақшасын төлеу ұзақ уақытқа созылады.Кредит арқылы заттың ақысын төлемей иеленуге болады.

 

Кредит беру шарттары:

1) кредиттің сомасы белгілі бір уақыттан кейін қайтарылуы керек.

                                          

2) кредитті пайдаланғаныңыз үшін тұрақты түрде жарна салып отыруыңыз қажет.Сондықтан кредитке ақша алған кездебұл ақшаның қайтарымы толық күйінде қанша сома болатынын біліп алудың және тұрақты жарна салуға шамаңыз келетінін келмейтінін пысықтап алудың маңызы зор.

 

Кредит құны- кредитті пайдаланғаны үшін төлейтін ақшаның жалпы сомасы.

Кредит құнына кредиттің бастапқы сомасына төленетін пайыздар және өзге де төлемдер, мәселен, қарыз беруші қарыз ақшаның сомасына қосатын қызмет көрсетулер мен қамсыздандыру төлемі кіреді. Қаржылық есептеулер егер біз кредитке әлдене зат сатып алсақ, онда әлгі затты нақ ақшаға сатып алумен салстырғанда әлдеқайда көп төлейтіндігімізді көрсетеді. Солай болуы да керек себебі сіз затты сатып алу үшін ақша жинап сарылып күтпейсіз, уақыттан   ұтасыз.

 

Логикалық сұрақ:     Кредиттің   қандай кемшілігі мен артықшылығы бар деп ойлайсыз?    

Кредиттің артықшылығы:

  • Тауарды не қызметті дереу иелену мүмкіндігі. Кредит сатып алуы тым ұзаққа созылып кететін немесе сатып алу мүмкін емес затқа ие болуға мүмкіндік береді.
  • Икемділік. Кредит затты сауда жүйесінде арзанға беріліп жатқан арзандатып сатып жатқан сәтінде аз ақшамен алып қалуға жағдай жасайды.
  • Қауіпсіздік. Кредит карточкалары мен чек кітапшалары зат алғанда немесе сапарға шыққанда нақты ақшаға қарағанда неғұрлым ыңғайлы және сенімді төлем құралы болып саналады.
  • Төтенше жағдайда көмекке келу. Кредит күтпеген шұғыл шығындарды (аварияға түскен автомобильді жөндеу ақысын) төлеуге ыңғайлы.
  • Клиенттің адалдығын және ұқыптылығын көрсетіп отырады. Есепшот бойынша төлемдерді уақытылы төлеп тұру кісінің өзіндік бір сипаттамасы, оның міндеткерлігі мен мәттәқам ұқыптылығының белгісі болып саналады.

 

Кредиттің кемшіліктері:

  • Шашпалық. Кейде кредит карточкалары мен шығатын шығыс есепшоттарының ақшаны орынсыз шашуға әкеп соғатыны болады. Соңыра, қарыз көлемі ұлғайғанда ай сайын төленетін төлемдерді өтеу қиындай түседі.
  • Құнының жоғарылығы. Әдетте кредитпен зат алу нақты ақшамен алғанға қарағанда қымбаттқа түседі. Тауарды кредитке сататын дүкендер кредит карточкаларымен айналысатын фирмаларға пайыз төлеп отырады.Оның үстіне тауардың бағасына кредитті пайдаланғаны үшін пайыз қосылады.
  • Тұтыну кредитінің түрлері. Егер батыста жұрттың көбі кредит алып өмір сүру дағдысына ие болса, біздің қазақстандық нарықта кредит жүйесі енді ғана дами бастады осыдан бірнеше жыл бұрын кредит алу үлкен проблема еді ал қазір комерйиялық банктердің дүкендердің фирмалардың көбі тұтыну кредитін ұсына бастады.

                                        

Тұтыну кредиті

Қысқа мерзімдік кредит-негізінен тауарды ақысын бөліп бөліп төлейтін кредит алу

Ұзақ мерзімді кредит жылжымайтын мүлік сатып алуға берілетін ипотекалық кредит

                                                    


                                                    

 

V. Шығармашылық кезең.

 Логикалық тапсырмалармен жұмыс:

1) Мұрат пен Мадиярдың әке-шешесі  белгілі бір мақсатқа банктен несие алмақшы.

 Мадиярдың әке-шешесі пәтер алу үшін, Мұраттың  әке-шешесі  тоңазытқыш  сатып алу үшін несие алуға банкіге келді. Осы жағдайда олар тұтыну кредитінің  қай түрін алады?

2)Саматтың әке-шешесі банкіден 10жыл мерзімге несиеге пәтер алды.

Осы жағдайда:  Банкіден қарыз беруші (кредитор) және банкіден алушы (дебитор) кім болады?

 

Оқулықпен жұмыс. Есептер  шығару.

Есеп 1.  Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз.

 Шешуі:

 

Қайтарылатын ақша қаражаттарының толық сомасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514.2 мың теңге

Мұнда 4,5жыл*12 ай =54 ай –  ол  4.5 жыл

 

Жауабы: 1514.2 мың теңге

 

Есеп 2. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені  жылдық 26 % - бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?

Шешуі:

Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің соммасын анықтаймыз:

150 Х 0.26 = 39 мың теңге

Кәсіпкердің алатын соммасы:

150 – 39 = 111 мың теңге

Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек

 

Жауабы: 111 мың теңге  - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс.

 

                                            Кредит құнын есептеп шығару

Есеп 3. Айталық Болат, Мадина мен темір ақшасын бөліп-бөліп төлейтін етіп бағасы 30 000 теңге тұратын бір-бір стереомагнитафон алды дейік. Кредит құнын қосқанда әр қайсысына құны қаншадан келеді?

 

 

         Кредит бағасы

             Барлық бағасы

А) Болат 1 жылда айына 3 000 теңге төледі

6 000

36 000

Б) Мәдина 1 жылда аптасына 900 теңге төледі

16 800

46 800

В) Темір 2 жылда айына 2 000 теңге төледі

18 000

48 000

 

 

VI. Бекіту сұрақтары:

1. Тұтыну кредиті деген не?

2. Кредит беру шарттары қандай?

3. Кредит құны деген не?

4.Тұтыну кредитінің қандай түрлері бар?

5.Кредиттің артықшылығы қандай?

6. Кредиттің кемшілігі қандай?

 

VII. Бағалау:

 

 

VIІІ. Үйге тапсырма: Тұтыну кредиті 102-103б.б. Есеп № 4,5,6

 

 

ІХ.Сабақты қорытындылау:

 

 Не білем?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

18
Декабрь
0
1714
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.