Сайт учителя начальных классов
.
Сен-тұтынушысың

Сен-тұтынушысың

Сен-тұтынушысың

Сабақтың тақырыбы:  Сен-тұтынушысың

Мақсаттары:

  • Түсінікті түрде оқушыларға тұтынушы туралы мәлімет беру;
  • Әрбір оқушының ой-өрісінің терең дамуына ықпал ету;
  • Тұтынушылар құқығын қорғау қажеттігін түсінуге қол жеткізу, тұтынушылық  сауаттылық  негіздерімен  таныстыру.

Берілген уақыт:  2-сағат

Сабақты баяндау:

        Диалогтық әңгімелесу, практикалық тапсырмалар мен іскерлік ойындар барысында оқушылар бюджетті қүру қажеттігін түсінеді, адамдар тапқан қаражаттарын тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлейді, яғни экономикаға катысады деген қорытындыға келу керек.

Сабақты жүргізу үшін сізге кңжет болады:

1.     Окушыларға арналган күралдың 41-45-беттері.

2.     Ватман, түрлі-түсті кзғаз, кдйшы, фломастерлер, скотч.

3.     Тауар этикеткасы, аты жазылған қағазы, орамалар үлгілері;

баспа жарнамаларының үлгілері.

Сабақ барысы:

  1. Сабақ әңгімелесуден бастлады. "Адамдарға не үшін жұмыс істеу керек?"  деген сұраққа балалардың жауабын тыңдау.(3-мин)
  2. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын топтарға бөліп және әр топқа әр түрлі соммада ақша тарату керек. Топ мүшелері ақылдаса отырып, берілген соммаға сауда жасайды. Балаларға бұл сомаға аяқ киім, киім, көңіл көтеру құнын енгізуге болатынын ескерту керек. Талқылауға 10-15 минут беріледі.   Берілген уақыт өткеннен кейін  әр топ спикерлерін тыңдай отырып, барлық топтың жұмсаған жалпы сомасын  есептеп, тұтынушы шығынынан ел бюджетіне қанша ақша ауысатынын елестегіп көруді өтініу. Оқушылардың, тұтынушылар осылай өз елінің экономикасын дамытуға үлес қосатынын дәлелдеу.  Балалардан тұтынушы деген ұғымға анықтама беруін сұрау. Бағытаушы сұрақтар бере отырып, оқушыларға тұтынушы - бұл сатып алу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын адам деген қорытынды жасауға көмектесу. Тұтынушы — бұл біреудің өндіруі, кызметі нәтижесінде пайда болатын өнімді және өзі өндірген өнімді қоса тұтынатын, пайдаланатын адам немесе отбасы, ұйым.
  3. (10 мин) Әр топ алдына қорапшалар қойылады  қорпша ішінде тұтынушы тақырыбына байланысты 9 конверт бар әр конвертте 3 сұрақтан жасырылған.

Ауызша сұрақтардың жалпы саны - 27.

Әр топ қоржынның (нөмірі бойынша өз қалауынша) ішінен ұш сұрақтың біріне ғана жауап береді. Қоржынның ішіндегі жасырылған сұрақтар мыналар:

N1 қоржын бойынша:

1.          Тұтыну дегеніміз не?

2.          Сақтандырудың түрлерін атап беріңдер.

3.          Нақты табыс дегеніміз не?

N2 қоржын бойынша:

1.          Тұтынудың түрлерін атап беріңдер.

2.          Отбасы бюджеті дегеніміз не?

3.          Тұтынушының мінез-қүлқы дегенімізді қалай түсінеміз?

N3 қоржын бойынша:

1.          Отбасы бюджетінің табыс көзіне не жатады?

2.          Қоғамдық тұтынуға не жатады?

3.          Тұтынушының мінез-құлқына ықпал ететін факторларды атап беріндер.

N4 қоржын бойынша:

1.          Жеке тұтынуға не жатады?

2.          Жинақ қорын қалай түсінесің?

3.          “Сақтандыру” дегеніміз не?

N5 қоржын бойынша:

1.          Пайыз дегеніміз не?

2.          Өндірістік тұтынуға не жатады?

3.          Бюджетте “тапшылық” қандай жағдайда болады?

N6 қоржын бойынша:

1.          Отбасы бюджетін құру не үшін қажет?

2.          Топтық тұтынуға не жатады?

3.          Несие дегеніміз не?

N7 қоржын бойынша:

1.          Тұтынушы - деп кімді айтамыз?

2.          Бюджетте қандай жағдайда “тапшылық” болады?

3.          Бюджет қаңдай бөлімдерден тұрады?

N8 қоржын бойынша:

1.          Нақтылы табыс дегеніміз не?

2.          Өз отбасыңның бюджетінің табыс көздерін атап бер.

3.          “Салым” ұғымын қалай түсінесің?

N9 қоржын бойынша:

1.          “Күнкөріс шамасы” -дегеніміз не?

2.          “Тұтынушы кәрзеңкесі” неден кұралады?

3.          “Инфляция” ұғымының мәнін түсіндір.

Уақыт өткеннен кейін дұрыс жауап парақшалары таратылады.

Әр топ өз жауаптары бойынша балдарын есептейді. Балл сұрақтың күрделілігіне байланысты жауап парақшасында көрсетілген.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Бағалау

Үйге тапсырма: Оқушылар өз отбастарының бір айлық шығынын есептеп келуін  тапсыру.

ID: 6424 | Просмотров: 2367