Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Экономика

Экономикадағы тұтынушы

Экономикадағы тұтынушы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

 Экономикадағы тұтынушы

Тақырыбы: Экономикадағы тұтынушы

Сабақтың мақсаты:  Ресурстарды пайдалана отырып өндірілген өнімдерді тұтынатын – адамдар болып табылатындығын түсіндіру .

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Экономикадағы тұтынушының алатын орны жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзара келісім жасай отырып, топта тату жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық

Көрнекілігі:  кестелер, слайдтар

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Өндіріс факторындағы ресурстар
  2. Ресурстардың шектеулігі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Экономикада тұтынушының алатын орны
  2. Қажеттілікті анықтау

1) Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы.

    Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және олардың құқықтарын талдау ісі қазіргі нарықта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:

  • Әлеуетті тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады;
  • Олардың қажеттерін болжауға көмектеседі;
  • Сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді;
  • Тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады.

Тұтынушы тауарды оның пайдалылығы үшін тұтынады, яғни тауардың қасиеті тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет.

2) Адам қажеті дегеніміз жеке адамның, әлеуметтік топтың, отбасының және жалпы қоғамның өмір сүруін және қамтамасыз ету үшін белгілі бір заттарға немесе қызметтерге мұқтаждық  деген сөз. Нарық жағдайында адам қажеті оның төлей аларлық сұранысы ретінде әйгіленеді. Қажеттілік құрылымы жөнінде толық біліп отыру үшін оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау керек. ол факторларға ұлттық, рухани, тарихи, географиялық, саяси, көптеген фаторлар жатады. Мысалы, жастар мен қарт адамдардың аяқ киімге деген қажеттері әртүрлі. Қажеттерді дұрыс зерттеп, айқындау үшін оларды топтастыруға тура келеді. Мысал ретіндегі төмендегі кестеде бірнеше көрсеткіштер тұрғысынан қажеттердің біраз түрлері көрсетілген.

 

Қажеттердің түрлері

 

Қажеттерді бөлу белгілері

Қажеттердің түрлері

Тарихи орнына қарай

Бұрынғы

Қазіргі

Болашақ

Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес

Түгел

Жартылай

Қанағаттандырылмаған

Қалыптасу қарқынына қарай

Сирек

Тұрақты

Өте жиі кездесетін

Қажетті қанағаттандыру жолына қарай

Күрделі

Оңай

Қалыптасу түріне қарай

Ашық

Бүркемелі

 

    А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы

 

 
   

«Эрудит» ойыны

Ойынның барысы:

    Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топтан кезекпе-кезек оқушыларды тақтаға шығарып, тапсырмалар беремін.

1.      1-топқа Кәсіпорын, 2-топқа Экономика сөздерінің әр әріптерінен экономикаға қатысты терминдер құрауға тапсырма беріледі.

2.      Анаграмма, яғни бірнеше сөздердің әріптерінің орындары ауыстырылып беріледі және оның қандай сөз екенін әріптерді құрастыру арқылы табу керек. Қай топ бірінші болса, соған 1 балл қосылады.

 

3.      2 топқа да ортақ тапсырма. Кесте беріледі және бірнеше терминдер. Осы терминдердің қайсысы қай категорияға жататындығын дұрыс анықтап жазу.

4.      Сөз шектерін қосу. Қай топ бірінші болып сөздердің шектерін дұрыс қосып шығады, сол жеңімпаз болады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Тұтынушы деген кім?

2. Өзің тұтынушы бола аласың ба?

3. Не үшін тұтынушының қажеттіліктерін анықтау керек?

V. Үй тапсырмасын беру.  Өз қажеттіліктеріңді анықтап, дәптерге жазып келу.

VI. Бағалау.

                                            

 

Тақырыптар

Сағат

саны

Мерзімі

Түрі, әдіс-тәсілдері

Шығармашы-лық жұмыстары

1

Экономикалардың білім негіздері

1

 

Дәріс

 

2

Экономикадағы басты мәселелер

1

 

Дәріс

 

3

Экономика тарихы

1

 

Баяндау

 

4

Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық қатынастардың дамуы

1

 

Салыстырмалы оқыту

 

5

Қазақстан Республикасының экономикасы

1

 

Семинар

 

6

ҚР экономикасының даму кезеңдері

1

 

Презентация

 

7

ҚР экономикасының даму факторлары

1

 

Дәріс

 

8

Экономикалық реформалардың кезеңдері

1

 

Дәріс

 

9

Жекешелендіру

1

 

Дискуссия

 

10

Мемлекет қарамағына алу

1

 

Ұжымдық оқыту

 

11

Ресурстар түрлілігі

1

 

Іскерлік ойын

 

12

Ресурстардың шектеулігі және таңдау мәселесі

1

 

Баяндау

 

13

Экономикадағы тұтынушы

1

 

Іскерлік ойын

 

14

Тұтынушының рационалды тәртібі

1

 

Дәріс

 

15

ҚР банк жүйесі

1

 

Топтық жұмыс

Кроссворд

16

Банктік қызметтер

1

 

Іскерлік ойын

 

17

Қаржылық жүйесі

1

 

Баяндау

 

18

Банктік есепшот

1

 

Дәріс

 

19

Депозиттер

1

 

Топтық жұмыс

Реферат

20

Интернет-банкинг

1

 

Лекция

 

21

Қаржы секторы

1

 

Семинар

 

22

Қаржы секторындағы тұтынушыларды қорғау

1

 

Ситуациялық

 

23

Тұтынушы

1

 

Презентация

 

24

Тұтынушыны қорғау

1

 

Дискуссия

 

25

Несие дегеніміз не?

1

 

Ұжымдық оқыту

Реферат

26

Төлем карталар

1

 

Презентация

 

27

Сейфте сақтау

1

 

Дәріс

 

28

Валюта. Валюта нарығы. Қор биржасы

1

 

Презентация

 

29

Банк жүйесі

1

 

Лекция

 

30

Банк жүйесінің мамандықтары

1

 

Баяндау

 

31

Сұраныс пен ұсыныс

1

 

Лекция

 

32

Сұраныс пен ұсыныс заңы

1

 

Жаттығу

 

33

Қаржылық қызметтер

1

 

Ұжымдық оқыту

 

34

Қаржылық қызметтің тұтынушылары

1

 

дискуссия

 

 

 

Сабақ тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

Түрі, әдіс-тәсілдері

Шығармашы-лық жұмыстары

1

Кіріспе. Бизнес жоспардың болашағын жоспарлау

1

8.09

Дәріс

 

2

Еңбек нарығы

1

15.09

Презентация 

 

3

Жалақы, қаржылық шешімдер қабылдау

1

22.09

Баяндау

 

4

Еңбек ресурстары

1

29.09

Лекция

 

5

Жұмыссыздық. Инфляция. Іскерлік белсенділік кездері

1

6.10

Іскерлік ойын

 

6

Сапа

1

13.10

Семинар

 

7

Сапалы түрде сауда жасау

1

20.10

Ситуациялық

 

8

Салықтар

1

27.10

Дәріс

 

9

Зейнетақымен қамтамасыз ету

1

3.11

Баяндау

 

10

Ақша табу

1

17.11

Топтық жұмыс

 

11

Ақша табу жолдары

1

24.11

Дискуссия

 

12

Ақша. Валюта. Айырбас

1

3.12

Презентация

 

13

Несие және оның түрлері. Несие алу. Несие тарихы

1

8.12

Дәріс

 

14

Қор биржасы

1

15.12

Презентация

Реферат

15

Қаржылық қор жинау

1

22.12

Ұжымдық оқыту

 

16

Қамсыздандыру

1

29.12

Баяндау

 

17

Кәсіпкерлік – бірегей іс-әрекет түрі

1

12.01

Лекция

 

18

Жеке кәсіпкер

1

19.01

Іскерлік ойын

 

19

Шағын кәсіпкерлік дегеніміз не?

1

26.01

Ұжымдық оқыту

 

20

Олардың түрлері

1

2.02

Топтық жұмыс

 

21

Жоспарлау

1

9.02

Дәріс

 

22

Жоспардың құрылымы

1

16.02

Семинар

 

23

Бизнес жоспар

1

23.02

Іскерлік ойын

 

24

Жобалау іс-әрекеті

1

2.03

Баяндау

 

25

Шығындар

1

9.03

Дәріс

 

26

Өзіндік құнның калькуляциясы

1

16.03

Дискуссия

 

27

Өзіндік құн

1

6.04

Ұжымдық оқыту

 

28

Бухгалтер

1

13.04

Лекция

Реферат

29

Бухгалтерлік есеп әліппесі

1

20.04

Иллюстрация

 

30

Актив. Пассив. Дебет. Несие

1

27.04

Семинар

 

31

Маркетинг

1

4.05

Дәріс

 

32

Маркетинг негіздері

1

11.05

Презентация

 

33

Оқушылардың шығармашылық жұмысы

1

18.05

Топтық жұмыс

Кроссворд

34

Компанияның макро, микро, маркетингтік зерттеулері

1

25.05

Іскерлік ойын

 

 

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Түрі, әдіс-тәсілдері

Шығармашы-лық жұмыстары

1

Салық және халықты әлеуметтік қорғау

1

7.09

Баяндау

 

2

Зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім беру, медициналық көмек  көрсету

1

14.09

Ұжымдық оқыту

 

3

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1

21.09

Баяндау

 

4

ҚР салық жүйесі

1

28.09

Лекция

 

5

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

1

5.10

Іскерлік ойын

 

6

ҚР зейнетақы жүйесі

1

12.10

Дәріс

Реферат

7

Жеке жинақ ақшасы

1

19.10

Топтық жұмыс

 

8

Жанұялық бюджет

1

26.10

Дәріс

 

9

Жанұялық бюджетті есептеу

1

2.11

Семинар

 

10

Табыс және оны басқару

1

19.11

Іскерлік ойын

 

11

Табыс және оны басқару

1

26.11

Баяндау

 

12

Шығын және оны басқару

1

30.11

Дәріс

 

13

Шығын және оны басқару

1

7.12

Дискуссия

 

14

Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға енуі

1

14.12

Ұжымдық оқыту

 

15

ҚР халықаралық саудаға енуі

1

21.12

Лекция

 

16

Халықаралық сауда тарихы

1

28.12

Топтық жұмыс

Кроссворд

17

Халықаралық сауда тарихы

1

11.01

Лекция

 

18

Халықаралық саудада қандай ақша түрлері қолданылады

1

18.01

Семинар

 

19

Халықаралық саудада қолданылатын ақша

1

25.01

Баяндау

 

20

Валюта курстары

1

2.02

Презентация

 

21

Валюта курстары

1

8.02

Дискуссия

 

22

Қаржы нарығындағы алаяқтық

1

15.02

Ситуациялық

 

23

Мемлекеттік бюджет

1

22.02

Презентация

 

24

Мемлекеттік бюджет

1

1.03

Дәріс

 

25

Мемлекеттік бюджет

1

9.03

Презентация

 

26

Мемлекеттік қарыз

1

15.03

Лекция

 

27

Мемлекеттік қарыз

1

5.04

Дәріс

Термин сөздер жинағы

28

Экономиклық өсу және әлемдік экономик мәселелері

1

12.04

Презентация

 

29

Экономиклық өсу және әлемдік экономик мәселелері

1

19.04

Топтық жұмыс

 

30

Қала және халық санының өсуі

1

26.04

Дискуссия

 

31

Қала және халық санының өсуі

1

3.05

Дәріс

 

32

Экономиклық өсу және экологиялық мәселелер

1

10.05

Семинар

 

33

Экономиклық өсу және экологиялық мәселелер

1

17.05

Іскерлік ойын

 

34

Бизнес – оқиғалар

1

24.05

Баяндау

 

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Экономика | Қосты: Айжан99 (30.01.2015)
Көрсетілім: 1010 | Ілмек сөздер: Экономикадағы, тұтынушы. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 29
Қонақтар: 29
Тіркелгендер: 0