
Алтын сақа танымдық ойын
Алтын сақа танымдық ойын (экономикалық сайыс)
Барысы: 1-жүргізуші:
Міне, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Кешіккендерді тоспаймыз,
мектепте экономика жайында
Кешімізді бастаймыз
2-жүргізуші:
Келдік міне біз бүгін
Түсейік деп сайысқа
Тайсалмай да, жалықпай
Келіңіздер жарысқа.
1-жүргізуші:Ойынға қатысушы бірнеше топ келіп отыр, әр топта 4 оқушы бар.Ойынға қатысу үшін сұрақтар беріледі.
1. «Табалдырық»
1-жүргізуші:1-сұрақ.Экономика нені зерттейді?
2-жүргізуші:2-сұрақ.Экономиканың мақсаты не?
1-жүргізуші:3-сұрақ.Экономика міндетін ата.
2-жүргізуші:4-сұрақ.Сауда деген не?
1-жүргізуші:4 топта «Әудемжерге» көшеді.Әр топта 5 баллдан бар.
2-жүргізуші:Жауап берген оқушылар шығады.Асықтың көмегімен әр топтың кезігін анықтайды.Әр топ конверттің түсін өзі анықтайды.Әр сұраққа бір минуттан уақыт беріледі.
II.«Әудемжер»
1-сұрақ.Ақша деген не? (қызыл)
2-сұрақ.Балама құн деген не? (сары)
3-сұрақ.Өндіріс деген не? (көк)
4-сұрақ.Банкроттық деген не? (жасыл)
1-жүргізуші:Біреу озса жарыста,
біреу артта қалад
Ренжімей тараса, озбағандар жарады деп
бір топ ойыннан шығады.Үш топ «Қозыкөшке» өтеді.
III «Қозыкөш»
1-сұрақ.Тұтынушы деген кім?Сауатты тұтынушы дегенді қалай түсінесің?
2-сұрақ.Ресурстар түрлерін ата.
3-сұрақ.Сұраныс,сұраныс заңы.
Жауап бере алмаған топ ойыннан шығады.Үшеуі де жауап берсе асықпен анықтайды.
2-жүргізуші:Жиналған ылғи, дарындар
Жүрекке от, көздерінде жалын бар
Қол соғып қарсы алайық
Білімді экономистерді.
1-жүргізуші:1-сұрақ.Жарнама деген не?Әр топ қалаған тауарлар, қызмет көрсетулерге жарнама жасайды.(плакат, фломастер,уақыт 5 мин.)
IV. «Беласар»
2-жүргізуші:Экономика сырларын,
Білсек достар жалықпай.
Ақыл-оймен кеңескен,
Білімпаздар шықты алға,
1-сұрақ.Сауда себептері кедергілері Экономикалық есеп:100 гр теңіз суынан 4 гр тұз алынады.50 гр тұз алу үшін қанша теңіз суы қажет?Шешуі:100:4*25*100=2500 гр т.с.
2-сұрақ.Бизнес-жоспар деген не?
Есеп:1-жүмысшы өзіне көмектесуге жалқауды көндірді.Жалқау – 30 күн. 1-күнге 8-доллар алады.Егер келмей қалса шарт бойынша 10-доллар қайтарады.Мерзімі біткен кезде жалқау 1-цент ақша таппаған.Жалқау неше күн жұмыс істеп,неше күн жұмыстан қалған?Шешуі:30*8 =240 $
2-240:10=24 күн қалған. 30-24=6 күн келген.
1-топ. «Жолайырыққа» өтеді.
Тапшылығы бар бюджет, баланстанған бюджет түсіндір
Есеп :Қазақстанда жылына 110 тн жүн өндіріледі.1 кг жүннен 1 м мата дайындайды.
1-костюмге 2,5 м мата кетсе, республикада өндірілген жүннен неше костюм шығады? Шешуі:110*1000 кг=110000 м мата 11000:2,5 = 440 костюм.
1-жүргізуші:Қымбатты әділ қазылар,
Әділдікпен шындықтың
Туын биік тіккендер
Білімді экономистердің
Берсеңіздер есебін
2-жүргізуші:Ұтсақ егер ұтылсақ
Ренжулер болмасын.
Музыкалық сәлеммен
Жанкүйерлер қолдасын.
Әр топ оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші:Әділ қазылар есебі тыңдалады.Ойын аяқталып жеңіске жеткен топқа сыйлық тапсырылады. «Петро Қазақстан» демеушілігімен «Жастар Жетістігі» қоғамдық қорының бағалы сыйлықтары тапсырылады.Интерактивті тақта арқылы анаграмма шешіледі.Жауаптарын дұрыс тапқан оқушылар марапатталады.
ID: 9117 | Просмотров: 2626