Сайт учителя начальных классов
.
Гимнастика. Саптық жаттығулар

Гимнастика. Саптық жаттығулар

Гимнастика. Саптық жаттығулар

Сыныбы 3
Өткізілетін орны: Спортзал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау. Алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу.
Жүру жаттығулары:
  - аяқтың ұшымен қол жоғарыда.

  - қол желкеде, өкшемен жүру.

  - қол белде табанның сыртымен жүру.

  - қол белде табанның ішімен жүру.

  - отырып, жартылай отырып жүру.
Назар аудару жаттығулары:
- жүріс
- жүгіріс
Спорт жүрісі
Жүгіру жаттығулары:
- Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.
- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
- Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру.
- Он жағымен жүгіру
- Сол жағымен жүгіру.
- Теріс қарап жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру.
1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1, 2 денені оң жаққа бұру.
3, 4 денені сол жаққа бұру.
- Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.
1 - оң аяққа еңкею.
2 - ортаға еңкею.
3 – сол аяққа еңкею.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Н. Т.
1 - 4: оң аяқта секіру.
1 - 4: сол аяқта секіру.
1 - 4: екі аяқта секіру.
2. Негізгі бөлім
Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау:

 Бір орында.
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- Екі қатардан бір қатарға тұру.
Жүрісте:
- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.

- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру:
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.

- «Көпір» жасау
Қозғалмалы ойын. «Қашпа доп»

3. Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.

3. Үйге тапсырма “ Саптық бұрылулар ”
4. Ұйымдастырып қайтару.

 

ID: 9206 | Просмотров: 3524