Сайт учителя начальных классов
.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне көмекші құрал

Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне көмекші құрал

Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне көмекші құрал

Ақжайық аудандық білім бөлімі Әдістемелік кабинет

М. Әуезов атындағы №2 орта жалпы

білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бисекешов Ақболат Аққайырұлының іс –тәжірибесінен.

Чапаев ауылы 2014 оқу жылы

Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің әдістеме

кабинеті сараптама комиссиясы шешімімен облыс көлеміне таратуға ұсынылды.

Хаттама№2 26 қараша 2014ж.

Мұғалімнің ұсынып отырған әдістемелер жинағы оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын оятып, сыныптан тыс шараларға қатынасу белсенділігін көтереді.

Бұл  материал  дене  тәрбиесі  пәні  мұғалімдеріне  көмекші  құрал  ретінде  ұсынылады.

Жинақ  оқушылардың  дене  тәрбиесі  сабағы  бойынша  ой  қозғауда  танымын  кеңейтуге, жеке  пікірге  жетелеу арқылы  өзіндік  көзқарас   қалыптастыруға  бағытталып  жасалған.

Сабақтар  бағдарламаға  сәйкес, оқушы  бойына  ұлттық  патриоттық  сезімін  ояту, салауатты  өмір  салтын  насихаттау.

Құрастырушы:  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Бисекшов Ақболат Аққайырұлы

Шығарылымға жауапты:

Аудандық білім бөлімі әдістеме кабинетінің меңгерушісі: А.Сапаргалива

Пікір

Бисекшов Ақболат Аққайырұлы дене  тәрбиесі  пәнінің мұғалімі.Көп жылдан бері М.Әуезов атындағы  ОЖББ мектебінде  сабақ беріп келеді.Пән мұғалімі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»атты өзекті  тақырып бойынша  жұмыстанады.Ақболат Аққайырұлы  мектепте  өткізілген  әдістемелік  кеңесте,аудандық семинарда«Дене тәрбиесінінің  сыныптан тыс жұмыстарын  ұйымдастырудың  жаңа  инновациялық тәсілдері»тақырыбында баяндамамасын оқып,өзінің іскерлік тәжірибесін  әріптестерімен бөлісті.Ақболат Аққайырұлының аудандық,облыстық,республикалық жарыстарға қатынасып жүлделі орындар алуда.Ұстаз-өз ісіне берілген жаңалықты  жатсынбай қабылдайтын,ұлттық қасиеттеріміздің асылын  асқақтатаа  отырып, шәкірттерінің  жанына нұр құятын ұстаздың бірі.

Дене шынықтыру мұғалімі: Д.Б.Бекмағамбетова

М А З М Ұ Н Ы :

І.Эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамыту

ІІ. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

III. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптантыс

 IV. Ашық  сабақтар

V.Әдебиеттер тізімі..

I Эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамыту

Дене шынықтыру сабағы оқушылардың ақыл-ойының жақсы дамуына тікелей әсер етеді. Сабағымыздың мақсаты дене шынықтыру сабағында адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың бойында бұғып жатқан ізгілік қасиеттерін шындап, ақыл-ойын, парасат-пайымын дамыту, ойын өріске шығару болып табылады.

Тәрбие беруді мына төмендегі үш бағыт бойынша жүргізуге болады:

-оқушының өзіне деген көзқарасы;

-басқа адамдар мен коллективке байланысы;

-болған іске деген жеке пікірі;

Оқушының  өзіне деген көзқарасын тәрбиелеу үшін өз-өзіне талап қоя білетін, принципті, ішкі тәртіпті, мәдениетті бала болуға жағдай және мүмкіндік туғызып, алдағы уақытта соны жіті бақылап отыру керек.

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі жоғары класс оқушыларын іс- шараларды, болмаса кез келген ортаны ұйымдастырып, басқара алатындай деңгейде тәрбиелеуге міндетті. Оларды мақсатқа ұмтылып жеке білетін, еңбекті сүйетін, өзін-өзі ұстай білетін, өнертапқыштыққа құмар қылып, әрі кез келген қиыншылықтағы күрмеулі жіптің түйінін тауып шеше білетін, қолға алған ісіне батыл кірісе алатын, өзіне де өзгеге де қатаң талап қоятын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығарсақ қана біз оларды бәсекеге қабілетті етіп баули аламыз. Ал бұл қасиеттердің экспериментке түсіп, анық шындалатын жері спорттық секциялар мен әр түрлі бағыттағы спорттық жарыстар.

Тәрбиенің дұрыс берілуі көбінесе мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, оның моральдық және мәдениеттілігіне, коллективте психологиялық дұрыс жағдай туғыза білетін шеберлігіне, біліктілігіне байланысты.

Дене тәрбиесі сабағындағы мұғалімнің ең басты қаруы – бұл қарапайымдылық. Оқушының  бойындағы жауапкершілікті арттыра түсу үшін  ұстаз оған сенім артуы тиіс. Оқушының өз бетінше шешім қабылдауына жағдай туғызған жөн. Бірақ, мұғалім әрбір оқушыны бақылап жүріп, оларға дер кезінде қажетті тәрбие беріп отыруы керек

Оқушылардың еңбек тәрбиесіне көңіл бөле  отырып, олардың қозғалыстық қасиетін дамыту мұғалім тарапынан дұрыс жолға қойылса онда оқушының сабақтан тыс уақыттарда үй шаруашылығындағы  дене қозғалысына аса пайдалы еңбекке деген жұмыс істеу қабілетінің артатыны да қазіргі таңда өз тәжірибемізден байқалып отыр

«Дене тәрбиесі»  деген сөз «дене мәдениеті» деген ұғымды білдіреді. Демек, біздің міндетіміз мәдениетті, еңбекқор адамды тәрбиелеу. Мәдениетті адам еңбектің қадірін жақсы біледі және өзінің де еңбегі жемісті болады. Дене шынықтыру сабағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге септігін тигізеді.

Біріншіден, тазалыққа үйретеді – спорт залдың безендірілуі мен жабдықталуы жатады.

Екіншіден, спорт киімдерінің тазалығы.

Эстетикалық тәрбие сабақ сабақ кезінде музыканы пайдаланумен байланыстырылады. Дұрыс қозғалыс пен  жүріс – тұрыс, әдемі дене бітімі де эстетикалық тәрбие берудің әсерінен болады. Оқушыларға епті, күшті, сымбатты болу әркімнің қолынан келетіндігін түсіндіру қажет. Ол үшін үнемі дене жаттығуларын жасауды, күн тәртібін сақтауды, спорттық секцияларға қатысуды, таза ауада жүріп дене бітімін шынықтыруды талап етуіміз керек.

Құрметті әріптестер, егер де шәкірттеріміздің бойына осындай асыл қасиеттерді дарытып, оларды жамандықтан жирендіріп, оның зиянын түсіндіріп, саналы азамат етіп тәрбиелесек қана, салауатты өмір салтын  ұстанатын, дені сау, ақыл – ой толысқан, еліміздің ертеңгі жарқын болашағының одан әрі дамуына өзінің үлесін қосатын елдік санадағы жеке тұлғаны қалыптастырдық деп мақтанышпен айтуымызға болады.

II.Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен
мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы — адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Материалистік эстетика — эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика — болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісіншеөнердегіәдемілік, болмыстаәдеміліктіңсәулесідепмәлімдейді.

III.Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі — көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.

Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.

Жүктеу

ID: 6111 | Просмотров: 4130