Сайт учителя начальных классов
.
Баскетбол.Допты әріптесіне беру.

Баскетбол.Допты әріптесіне беру.

 Баскетбол.Допты әріптесіне беру.

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол.Допты әріптесіне беру

Сабақтың мақсаты:1.Допты беру әдістеріне машықтандыру

                                   2.Ептілік қабілеттерін дамыту

                                  3.Допты төменнен не жоғарыдан беруге жаттықтыру

Пән аралық байланыс: биология, АӘД

Көрнекілік:доп, ысқырық, секундамер

Өтетін жері:спорт зал

Сабақтың түрі:үйрету

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың әдісі:жан-жақты

Күні:                                         класы:

 

р/с

                

                 Сабақтың мазмұны

 

Уақыты

Әдістемелік нұсқау

Кіріспе-дайындық бөлімі.5-8 мин

Сапқа тұру.Кезекші мәлімдемесі. Түгелдеу.Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау

1мин

Сабаққа дайындығын қадағалау, қауіпсіздік шараларын тексеру

Саптық жаттығулар:

Жүру, жүгірудің әр түрлі байланыстарын  орнату

2мин

 

Дене функцияларын біртіндеп кірістіру

Қарапайым дене қыздыру  жаттығулары.

5мин

 

1-жаттығу:

1-2 Аяқтың үшымен жоғары көтеріліп, демді ішке алу

3-4 бастапқы қалыпқа келу, демді шығару

4 рет

Соңғы нүктеге дейін тартылу

2-жаттығу бастапқы қалып: Аяқты кең алып, қолды иыққа қою

1-2 иықты оңға айналдыру

3-4 артқа айналдыру

 

4 рет

 

3-жаттығу бастапқы қалып:оң қол жоғары, сол қол белде.

1-2 солға иілу

3-4 оңға  иілу

 

4 рет

Тереңірек иілуге тырысу

Негізгі  бөлім

Доппен арнайы жаттығулар

Доп беру әдістері

1.Допты екі қолмен кеуде тұсына беру

А) алақан мен саусақтар допқа тиіп тұрады.

Ә)Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады.

Б)допты екі қолмен кеудеден беру

 

Допты бір орында тұрып ұстау мен беру, кеудеден беру қашықтығын  арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.

Допты екі қолмен төменнен беру.

Допты берудің  бұл  түрін  бір-біріне жақын  тұрған  аласа  бойлы оқушылар ұзын  бойлы  қарсыластарына қолданады.

 

Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру

Бір қолмен беру

Доп  берудің едәуір күрделі түрі.Допты бір қолмен  иықтан  беру. Оқушыларға қолдың  білезігі  мен  саусақтардың  қалай дұрыс  істеуге  болатынын  үйрету.

 

Білезікті бос ұста, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді.

Допты ұстау

Допты  ұстаған бетте тез әріптесіне  беру.

Допты  ұстау кезінде орнықты тепе-теңдікті сақтаған қалыпта және кез-келген еркін  қозғалатындай  ыңғайда  болу керек.

Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанды ұшып келе  жатқан допқа  қарсы бағыттау керек.

 

 

Кеуде аздап алға қарай еңкейген күйде болады.

Допты алып жүру

1.Допты оң және сол қолмен алып жүру

2.Үйретілген әдістер бойынша  жаттығу ойыны

10 мин

Допты баяу қарқынмен алып жүру. Ереже бойынша ойын.

Қорытынды бөлім.3мин

Сапқа  тұрғызу.

Денені қалыпқа келтіру жаттығулары.

Бағалау.

Сабақ қорытындысын шығару.

Үйге тапсырма.Секірмеден секіру

 

 

1-2 мин

2 рет 1 миуттан

 

 

 

ID: 9171 | Просмотров: 4118