Сайт учителя начальных классов
.
Жылқы шаруашылығы.

Жылқы шаруашылығы.

Сабақтың тақырыбы: Жылқы шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Құрал – жабдықтар: слайдтар,топтар атаулары,қымыз,ыдыс-аяқ.

Сабақта қолданылатың технология: сын тұрғысынан ойлау жүйесі.

1.Сергіту сәті.

Әр топ мүшесі кезектесіп сүтқоректілерге тиісті сөздерді айтып шығады.

2. «Ой қозғау».

Балалардың ойлау қабілеттерің дамыту мақсатында тірек - сызбаларды салу

     1 топ .Сүтқоректілердің қанқасының құрылысы

     2 топ .Сүтқоректілердің ішкі құрылысы

     3 топ.  Сүтқоректілер отрядтары.

3. «Білім жүйесі»

(жаңа тақырыпты түсіндіру).

Қазақ халқы ежелден табиғи орта жағдайына байланысты,әрі күнделікті тұрмысқа қажетті мал шаруашылығының түрлі салаларын өмір тәжірибесіне сүйене отырып,ғылыми негізде дұрыс жүргізе білген.Халықтың күн көрісі төрт түлік малмен байланысты.Сол төрт түліктің бірі – жылқы.

    Жылқы – сүтқөректілер класы,тақтұяқтылар отряды.Қолға үйретілген жылқылардың арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен тұзат.Ерте кездерде тарпан мен тұзат қазақ даласында көптеп кездескен.Тарпан 19 ғасырдың бас кезінде жойылып кеткен.Жылқының алғашқы қолға үйретілген жері Қазақстан даласы.Көкшетау өніріндегі Ботай елді мекенінен  жылқының қанқа қалдықтары өте көп табылған.

    Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам түрлері,Қазақстанда 20-ға жуық түрлері бар.

    Жылқының басы созылған арықтау келеді,көздері үлкен өткір,танаулары кең,сүйір құлақты.Жалы ұзын салбыраған,мойны ұзын бұлшық етті,денесі жұмырланған болады.Асқазаны қарапайым болады,өт қабы жоқ,бүйені қатты дамыған.Миы бір шама кішкентай және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды.Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады.Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған,содан кейін көруі,сосын иіс сезуі.Шоқтығына дейінгі биіктігі 50-185 см,салмағы 60-1500 кг.

 

 «Білім жүйесі»  (слайд 5-23).

  • Өмір мерзімі және кезеңдері.
  • Тісіне қарай жасын анықтау
  • Жылқы төлдері
  • Жылқы түсі
  • Жылқының түрлері
  • Жылқының үш тобы
  • Жылқыларды пайдалану мақсатына қарай бөлу
  • Қымыз
  • Жылқы терісінен жасалатын заттар
  • Жылқы етінің кәделі мүшелері.

 «Түсіну жүйесі» (слайд 24-30).

  • Жылқы – елдігіміздің басы.

 «Талдау жүйесі» ( слайд 31).

  • Жылқы төрт түліктің қайсысына жатады:ақ малға ма,қара малға  

        ма?

  • Жылқының пірі қалай аталады?
  • Жылқының шыққан тегі?
  • Қымыздың емдік қасиеті қандай?
  • Қымыздың неше жылдық тарихы бар?
  • Жылқы неше жыл бұрын қолға үйретілген?
  • Қостанай жылқысы қай жылы қолтұқым ретінде бекітілді?
  • Африкада кездесетің жылқының тұқымдасына жататын түрлерің  

        атандар?

  • Қазақстан Батыс өңіріндегі жылқының шығарылған қолтұқым?
  • Қымызмұрындық деген не?
  •  

 «Таным жүйесі» (слайд 32-46).

  • Жылқының салмағың таразысыз өлшеу
  • Сіз білесіз бе?
  • Аттың 15 түрлі сыны

«Жинақтау жүйесі» (слайд 47-48).

  • Топтарының атауына байланысты сұрақтар.
  • “Құлагер” тобына
  •                      Ақан серінің өлімі турала баяндап беріңіздер?
  •   “Байшұбар” тобына 
  •                     Тайбурыл және Байшұбар жайлы не білесіздер?
  •   “Абсент” тобына
  •                     Абсенттің өмір – тарихын айтып беріңіздер?

Нені білдік?

    Нені білеміз?

Нені білгіміз келеді?

Рефлексия (кері байланыс) Әр баланың бүгінгі сабақ туралы  пікірлері.

Үй тапсырмасы.

1 топ:  Жылқының салмағын өлшеу.

2 топ: Қымыз туралы реферат жазу.

3 топ: Ат әбзелдері туралы хабарландыру.

ID: 4664 | Просмотров: 2984