Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Биология

Желілер типі. Қандауырша- бассүйексіздер өкілі.

Желілер типі. Қандауырша- бассүйексіздер өкілі.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сыныбы: 7ә
Сабақтыңтақырыбы:Желілер типі. Қандауырша- бассүйексіздер өкілі.
Мақсаты: Желілерге тән белгілерді нақтылай түсіндіру, қандауыршаның құрылыс ерекшелігін, тіршілік әрекетін ашып көрсету және оқулық мәтінімен, ондағы суреттер бойынша жұмыс істеуге дағдыландыру
Күтілетін нәтиже: 1.Желілерге тән белгілерді ажырата алады;
2.Желілердің құрылыс ерекшелігіне сәйкес үш тип тармағына қандай жануарлар жататынын атап, көрсете алады;
3.Қандауыршаның құрылыс ерекшелігі, тіршілік әрекеті туралы түсініктері қалыптасады;
Сілтеме: Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық, 3-басылымы/ Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Диалог негізінде оқыту (Мерсер мен Литлтон,2007), Сын тұрғысынан ойлау (Блум таксономиясы)
Ресурстар: Интербелсенді тақта, оқулық, стикер, А-4,т.б,
Құрманғалиева Ж. Биология. IIбөлім. Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған.- Алматы, 2014.-40 бет.
Өтілетінуақыты: 45 минут
Үйге тапсырма: №50, тақырыптың соңындағы «Білмекке құмар» айдары, 243- беттегі «Біліміңді сына» кестесі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал тудыру: Мұғалімнің іс- әрекеті: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру, оқушылардың зейінін психологиялық ахуал тудыра отырып, сабаққа аудару
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма- жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі тұл.
Абай атамыздың нақыл сөзін дәйек ете отырып, оқушыларды білімге, ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасауға шақыру. Оқу- құрал жабдықтарын түгелдейді. Оқушылардың біріне слайдта көрсетілген нақыл сөзді оқыту
Қызығушылықты ояту:
«Білу», «Түсіну» алдын- ала оқуларына беріледі. Қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында «Кубизм» стратегиясы бойынша Не? Қалай? Қандай? Неліктен? сұрақтар төңірегінде тапсырмалар беріледі.
Кубиктің әр бетіне жазылған 2 сұраққа оқушылар жауап береді.
Әр жауаптан соң оқушылар бірін- бірі «Бағдаршам» арқылы бағалап отырады
Бейне көрсетілім: "Қандауырша тіршілігі" Желілер тақырыбы Ғаламтор желісінен қандауыршалардың теңіздің жағаға таяу таяз суларында құмға көміліп, басын жоғары қаратып жатқан қимылын бейне көрсетілім арқылы көрсету
«Қолдану» Оқушылар үйден дайындап келген презентацияларын қорғайды
АКТ, диалогті оқыту, ОҮБ «Алақан соғу» бойынша бағалау
Презентация «Желілер типі»
Қандауырша — бассүйексіздер класының туысы. Дене ұзындығы 5-8 см дейін. Денесі ланцет тәріздес, мөлдір, желісі, (хордасы) дененің алдыңғы бөлігінде аяқталады. Ол жылы және қоңыржай теңіздердің 10—30 м тереңдігінде өмір сүреді. Көбінесе теңіздің құмды түбінде, денесінің алдыңғы жағын құмнан шығарып жатады. Қорегі, планктон. Ұрықтануы сыртқы, ашық түрде. Жұмыртқалары суда дамиды. Дернәсілдері суда еркін жүзіп жүреді. Қарапайым желілермен омыртқалылардың арасындағы аралық сатыдағы жануарлар.
1-оқушы: слайд «Қабықтылар тип тармағы»
2-оқушы:слайд «Ішектыныстылар класы»
«Талдау» Оқушыларды желілердің 3 тип тармағы бойынша 3 топқа бөлу. 1-топ: «Бассүйексіздер»
2-топ: «Қабықтылар», 3-топ: «Омыртқалылар». Топтық жұмыс.
Постер құрады, қорғайды, топ бірін-бірі «Бутерброд» әдісі арқылы бағалайды.
еке жұмыс
Әр топқа оқулықтан қандауыршаның «Асқорыту жүйесі», «Қан тарату жүйесі», «Жүйке жүйесі» тақырыпшалары беріледі.
Жұмыс дәптерлеріндегі №25 тақырыпты орындайды. Жұмыс дәптері, хордалы жануарлардың көптүрлілігі
II бөлім, 3-бет
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.Хордалы деп қандай жануарларды атайды? Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын хордасы бар жануарларды атайды.
2. Жоғары хордалы жануарлардың айырмашылығы неде? Жоғары сатыдағы омыртқалыларда жүйке түтігінің алдыңғы бөлігі- миға, артқы бөлігі жұлынға айналады.
3.Хордалыларға қандай тип тармақтары кіреді? Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар.
4. «Бассүйексіздер» деген не? Қандауыршада ми болмағандықтан, бассүйек те дамымаған, сондықтан ол бассүйексіз жануар болып саналады.
3-тапсырма. Суретке қарап, қандауыршаның дене тұрқын сипатта.
1-желі; 2-жүйке түтігі; 3-желбезек саңылаулары;
4-жыныс бездері; 5-арқажүзбеқанаты; 7- аналь тесігі; 8-ішек; 9-бауыр өскіні.
Оқушылар жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындаған соң, өзін-өзі жазбаша «Геометриялық фигуралар» стратегиясы арқылы бағалайды.
«Дананың кілттері»«Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген «Жөнсіздік кілті» Мұғалім жөнсіз пікірлер айтады, содан соң оқушылар оны дәлелдеуге ұмтылады. Оқушылар тақырыптыңсоңындағы термин сөздерді игереді.
1.Құрсақ жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, тип желілер деп аталады? Ия/ Жоқ
2. Жоғары сатыдағы жануарларда желі өмір бойы сақталады. Ия/ Жоқ
3. Желінің астыңғы жағында ұзынынан жүйке түтігі орналасады. Ия/ Жоқ
4.Омыртқалылар желбезек саңылаулары арқылы тыныс алады. Ия/ Жоқ
5. Бассүйексіз желілі жануар- қандауырша. Ия/ Жоқ
6.Қабықтылар өкілі- Асцидия. Ия/ Жоқ
7.Қандауыршаның ішкі қабаты- эпидермис. Ия/ Жоқ.
8.Қандауыршаның сыртқы қабаты- нағыз тері деп аталады. Ия/ Жоқ
9.Қандауыршаның терісінің сыртында жұқа сірқабық болады. Ия/ Жоқ
Бекіту, қорыту кезеңі
«Бағалау» 1. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым?
Орыс ғалымы А.О. Ковалевский (1840-1901). Ол қандауыршаның басқа омыртқалылармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.
2.Желілілер типі- жануарлар дүниесінің тарихындағы ең жоғарғы топ дегенді қалай бағалайсың?
Желілілер типінің жоғары топ болып есептелу себебі: олардың барлық мүшелері, мүшелер жүйесі жақсы дамыған және әртүрлі тіршілік ортасына өте жақсы бейімделген.
3.Қандауыршаның практикалық маңыздылығы неде?
Теңіз жағалауындағы тұрғындар қандауыршаларды теңіз түбіндегі құм арасынан сүзіп алып, тағам ретінде пайдаланады. Олардың дене құрамында нәруыз мол болады.
Кері байланыс:(Не үйрендім? Не қиын болды? Сұрағым бар? )



Сұрақтарға ауызша жауап береді- әңгімеге, диалогке тартылады.

Стикерге пікірлерін жазады.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы

Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Биология | Қосты: Жаркынай (07.02.2015) | Автор: Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы E W
Көрсетілім: 3037 | Пікірлер: 1 | Ілмек сөздер: Қандауырша, бассүйексіздер, сто, Желілілер | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 1
avatar
1 Чапетовна • 12:45, 11.02.2015
сабағыңыз маған қатты ұнады. Сізге сәттілік тілеймін!
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 26
Қонақтар: 26
Тіркелгендер: 0