Сайт учителя начальных классов
.
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты:
Оқу-тәрбие міндеттері:
1.Білім беру міндеті  -      Жасуша  жөніндегі білімдерін кеңейте отырып,
                                               кеңірек  мағлұмат беріп, білім дәрежелерін      
                                         тереңдетіп жетілдіре түсу, 
                                         тұқым қуалау заңдылықтарымен таныстыру
2.Дамыту міндеті  -            Ойлау, есте сақтау қабілеттілігін арттыру, танымдық 
                                                қабілеттерін  дамыту, материалдың негізгісін ажырата білу                                      
3.Тәрбиелік міндеті  -       Сабақ  барысында  шәкірттерді  
                                              адамгершілікке,  жауапкершілікке ,
                                          тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу 
Сабақтың типі:                 Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:                 Аралас сабақ
Сабақтың әдістері:           Репродуктивті (сұрақ-жауап) электронды  
                                              оқулықпен, слайдтарды пайдалана отырып               
                                              баяндау,Раунд-Робин, графикалық тест.      
Сабақтың формасы:        Ұжымдық, топтық, жеке
Сабақтың көрнекілігі:    Электронды оқулық, электронды слайдтар, 
                                             көрнекілік плакаттар және 
                                              интерактивті тақта,флипчарттар
                                             
 
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезең
 1.Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
3.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру
 
I. Бой сергіту. Үй тапсырмасын сұрау
2.1 «Кім көп біледі?» 
Төмендегі сұрақтарға жауап беру
1. Жасушаны зерттейтін ғылым қалай аталады?
2. Органикалық қосылыстардың құрамына кіретін элементтерді ата
3. Судың жасушадағы қызметі
4. Өсімдіктерде қандай көмірсулар кездеседі?
5. Жасуша құрамындағы органикалық заттар
6. Көмірсулардың биологиялық ролі
7. Қысқы ұйқыға кететін хайуанаттар үшін май қорының маңызы
8. Жасушада 1 г май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді?
9. Ақуыз молекуласы құрамына қанша аминқышқылы кіреді?
10. Нуклеин қышқылының ағзадағы қызметі
 
1.2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін талдап, олардың кемшілігі мен жетістіктерін атап өту
1.3. Оқушыларды жаңа  сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру
 
 
Жаңа тақырыты түсіндіру
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі                                     
II.
   Қаралатын сұрақтар:
1. Жасуша жарғақшасының құрылысы
2.Цитоплазма және оның органоидтары
3.Жасуша ядросы
 
III. Жаңа сабақты бекіту 
  «Органоидтарды тап»Берілген суреттегі органоидтардыыыың атын тауып, жазу (интерактивті тақтадан органоидтардың суреті беріледі)
  «Сәйкестік тест» жауап беру
Сұрақтар Жауаптар
1. Өсімдік жасушасында кездесетін органоид 1. Митохондрия
2.Ақуыз синтезі жүретін органоид 2. Пластид
3. Энергетикалық станция ролін атқарады 3. Эукариот
4. Ядросы бар ағзалар 4. Рибососма
5. Жасушаның қоймалжың ішкі ортасы 5. Хлоропласт
6. Жануар жасушасының сыртқы қабаты 6. Цитоплазма
7.. Жасушаның негізгі бөліктері 7. Лизосома
8. Пластидтің түрі 8. Гликокаликс
9. Жасушаның ас қорыту жүйесі 9. Ядроо шырыны, ядрошық
10. Ядроның құрамдас бөлігі 10. Жарғақша, цитоплазма, ядро
  «Кім тапқыр» Үш топқа әріп жазылған қағаз қиындылары беріледі, оқушылар тез, әрі жылдам сөз құрау керек
«Митохондрия», «Эндоплазмалық тор», «Прокариоттар»
  «Сиқырлы сандар» Үш топқа жылдар жасырылады, оқушылар  сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.
1.1665жыл? (Р.Гук микроскоп жасады)
2.1831 жыл? (Р.Броун өсімдік жасушасының ядросын ашты)
3.1938-1939 жыл? (Жасуша теориясының неігі қаланды)
4.1898 жыл? (К.Гольджи гольджи жиынтығын тапты)
5. 1945 жыл? (К.Портер эндоплазмалық торды тапт)
6. 1839 жыл? (Ян:Пуркинье протоплазманы ашты)
7. 1858 жыл ?(Р.Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады деген қорытынды жасады)
8. 1736 жыл ?(Ақуыз молекуласын Я.Беккори зерттеді)
9.1955 жыл? (Де Дюв лизосоманы ашты)                          
IV. Оқушыларды бағалау
V. Сабақты қорытындылау 
VI. Үйге тапсырма:  
1  Т.Қасымбаева , К.Мұхамбетжанов 
    Жалпы биология: Арнаулы оқу орындарына арналған оқу құралы
   §12 Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі ( 49-78 б)
2.  М.Гильманов.    Биология

ID: 1964 | Просмотров: 5588