Сайт учителя начальных классов
.
Жапырақ

Жапырақ

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты: 
Өсімдік мүшелеріндегі жапырақтың атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: 
• Оқушыларға өсімдіктің жер бетіне өніп шығуы жайында ұғым беру.
• Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншілігін ояту, қызығушылықтарын арттыру.
• Дүниетанымын кеңейту. Өсімдіктерге қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: теледидар макеті, өсімдіктер суреті, үлестірмелі парақшалар, жапырақтар
Сабақтың барысы:
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма.
6. Сабақтың қорытындысын жасау.
 
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
а) оқу құралдарын түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару;
ә) психологиялық дайындық.
Парталарына құмырамен гүл қойып, оған тілек жаздырып, гүлдерді ауыстырып, бір-бірінің жазған тілектерін оқыту.
- Балалар бүгінгі сабағымыз теледидар арқылы өтеді. Каналдарды ауыстырып тұру үшін бізге не керек?
- Басқару жүйесі (пульт)
Пульттерді  әр партаға таратып беремін.
- Кәне, 1-ші каналды қарайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Кәне кім айтады, үйге қандай тапсырма берілді?
- Сабақ.
Жеке-жеке оқытып үй тапсырмасын сұрау
Үлестірмелі парақшалар арқылы үй тапсырмасын бекіту.
2-канал.  
3. Сергіту сәті.
3- канал. 
4. Жаңа сабақ.
- Бұлар нелер?
- Ағаш. Бұта. Шөп. (суреттері)
- Өсімдіктер.
- Бұлардың барлығында не бар?
- Жапырақтар.
- Жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «жапырақтар».
а) Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жаздыру.
ә) Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып мазмұнын түсіндіру.
б) Тәжірибе жүзінде көрсету.
г) жапырақтар пішіні (көрнекілік арқылы)
4- канал.
 5. Сабақты бекіту.
а) Жапырақтар өмірі туралы.
Төрт мезгіл атауы жазылады. Салынған суреттерді түріне қарап жыл мезгілдеріне бөледі.
ә) Жапырақтардың адам өміріне маңызы
1) ауаны тазартады
2) табиғатқа сән береді.
3) ыстықта көлеңке болады
5-канал.
6. Үйге тапсырма.
а) «Жапырақ» оқып мазмұндау.
ә) Жапырақтың суретін салу.
7. Оқушыларды бағалау

ID: 1654 | Просмотров: 2244