Сайт учителя начальных классов
.
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Парази

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Парази

 

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм»түсінігі және оның биологиялық мәні.Паразит пен иесінің өзара қарым қатынасы.

Сабақтың тақырыбы: § 43. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм»түсінігі және оның биологиялық мәні.Паразит пен иесінің өзара қарым қатынасы.

Мақсаты:

Міндеті:        Білімдік:  Жұмыр құрттардың құрылысын біліп, олардың жалпаққұрт-   тардан   ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеді және маңызын түсінеді. Типке тән белгілерді талдауды үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін, сөйлеу, сыни     ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 Тәрбиелік: Оқушыларға санитарлық-гигиеналық, адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, достыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Топта жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблица, интерактипті тақта,оқулық

Қолданылатын әдістер: Жекелей-іздену, эвристикалық, пікірлесу, проблемалық, интерактивтік.

Сабақтың барысы:                І - Ұйымдастыру  бөлімі:

                                                     - Оқушылармен сәлемдесу.

                                                    - Түгелдеу. Сыныпты 2 топқа бөлу .

Сабақта оқушылардың өз ұсыныстарымен келісім немесе ереже қабылдау.

1. Сабақта тыныштық сақтау.

2. Қол көтеріп жауап беру.

3. Кезектесіп сөйлеу

4. Басқаны тыңдай білу.

5. Мұғалімді тыңдау.

6. Сұрақ қою

7. Көмектесу

8. Идеяларды, пікірлерді топпен талқылау

Алдымен топқа бөлініп аламыз. Қызыл және көк түстіні араластырып,Оқушылар ұнататын түстерін таңдап алады.Сол түстер бойынша топты  бөлеміз.

ІІ    Үй тапсырмасын сұрау. (сұрақ жауап)

Екі топқа екі қорап беріледі. Қораптың ішінде сұрақтар жазылған топшамалар.

  • Паразит құрттарды зерттейтін сала (Гельминтология)
  • Жалпақ құрттар деп аталу себебі (бауыр жағы арқасына жабысып ,денесі   жалпақ    жапыраққа немесе таспаға ұқсас)
  • Еркін жүзіп қимылдайтын ,жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт (Ақсұлама
  • Сорғыш құрттар деп аталу себебі? (қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы бар біреуі аузында,екіншісі баурында қорегін сору қимылы арқылы сорады
  • Бауырсорғыш қандай жәндік? (иесінің баурындағы өт жолында сорғыштармен бекініп, өтпен қоректенеді.Сондықтан аталған.
  • Бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді қандай?

(1.негізгі иесі  мал,үй хайуанаттары кейде адамда

 2. аралық иесі кіші тоспа ұлу

  • Таспа құрттар класы қандай жәндіктерге жатады? Неге?

(эндопаразит жәндіктерге себебі: жануар дың ,адам ның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді.

  • Сиыр цепенінің даму айналымы? ( Ересек цепень адамның ішегінде,ал дернәсілдері мүйізді ірі қаралардың  яғни сиырдың денесінде дамиды.Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады.
  • Эктопаразиттер дегеніміз не?(ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер
  • Сірқабық деген не?Ол қандай қызмет атқарады? (дене жамылғысының құрлысы ерекше эпителий  ұлпаларында жасуша болмайды,оны тығыз түзіліс қаптайды.Ол түзіліс сірқабық деп аталады.Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

Топтастыру:      Екі топқа

                                                     Жалпақ құрттар        

       

Таспа құрттар                               сорғыш құрттар                                  кірпікшелі құрттар

 

Сиыр цепені                                     бауырсорғыш                                            Ақ сұлама    

 

 

                                                         Паразиттер

Эндопаразиттер                                                                       эктопаразиттер

Адамның жануарлардың                                                    ағза денелердің сыртында

ішкі мүшелерінде тіршілік етеді.                                       паразиттік тіршілік ететін                          

                                                                                                    жәндіктер

 

 

ІІІ Жаңа сабақ. : § 43. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм»түсінігі және оның биологиялық мәні.Паразит пен иесінің өзара қарым қатынасы.

Жаңа сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Жұмыр құрттардың құрылысын білу, олардың жалпаққұрттардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеміз және маңызын түсінеміз. Типке тән белгілерді талдаймыз. Ендеше, біз бүгін сол құрттардың түрлерімен танысамыз.

-Жаңа тақырып алдында оқушыларға сұрақ қойылады.

 Адам денесінде құрттар кездесетінін білесіңдер. Олардың қандай

түрлерін атай аласыңдар? Құрттардың айырмашылықтарын білесіңдер ме?

№ Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті

1. Балалар, дәптерлерімізді ашып, тақырыпты жазамыз. § 43. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Оқушылар дәптерге тақырыпты жазады.

2. Тақырыпты ашып, ІІ топ жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен оқып,танысыңдар. Ол үшін оқулықтың 191-бетін және 192-беттің алғашқы 2 -абзацына дейін оқисыңдар. Оқып болған соң, мына кестені толтырыңдар.

  • Жұмыр құрттар туралы не білесіңдер?

Оқушылар тақырыпты оқулықтың 191-192 бетінің 2- абзацына дейін оқиды.

Оқушылар кестені толтырады стикер арқылы жазып жапсырады.

Мен білемін

Білгім келеді

Білдім

Паразитті тіршілік етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс ( жұптық әңгіме құрамыз) топшама арқылы

1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері

2.Үшкірқұрт (острица)

3. Суыртқы (ришта)

4. Ішексорғы (аскарида)

5. Қылқұрт

 Екі жақты күнделік жасау.Сол тақырып бойынша өзіне керегін  жағымсыз жағын алдың.

ауызша айтып шығады.

Керегін

Жағымсыз

Жұмыр құрттар туралы білдім

 

 

 

 

Ауру тудыратын құрттардан сақтану шаралары,қолды жуу, лас суды ішпеу,көкөністерді жуып жеу

 

Қорытындылау: Түрлі қалпақтар тарату арқылы

  • Ақ қалпақ -   факт
  • Қызыл қалпақ    - тіршілік етуі
  • Қара қалпақ     -  жағымсыз жағы

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 43. Түсінігін айту.Жұмыр құрттардан пайда болатын аурулардан сақтану шараларынан қысқаша хабарлама жазу.

ID: 7833 | Просмотров: 4179