Сайт учителя начальных классов
.
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен  қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттеріндамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;

Сабақтың негізгі идеясы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау, ,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету талантты және дарынды балаларды оқыту, АҚТ-ны пайдалану

Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген көрнекі кестелер; интерактивті тақта..

Сабақ типі: Аралас.

Іс - әрекет түрлері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып  жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру,

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды топқа бөлу; ( 1,2,3,4 сандары бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу)

Тренинг «Өзінді және басқаларды тану»

1. «Бағалайтын қолшатыр»

-Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына көршіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз.Неше сым сонша сөз болу керек.

ІІ. Үй тасырмасы.

Ι.Қызығушылықты ояту . Ой шақыру.

а\ Жаңа сөздерді еске түсіріп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Әр сөз 1 ұпай.

б\Енді осы жазған сөздеріңізге анықтама беріңіздер.Әр жауапқа 1 ұпай

1\Нейрон – жүйке жасушасы

2\Аксон – нейронның ұзын өсіндісі

3\Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі

4\Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары

5\ Сұр заты – нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды

6\Ақ зат – май қабығымен қапталған ұзын өсінділер

7\Сезімтал нейрондар – орталыққа тепкіш

8\Қимыл – қозғалыс нейрондар-орталықтан тепкіш

9\Аралық нейорндар – өткізгіш

10\Синапс – нейронның бұлшықет талшығымен түйісуі

11\Медиатор – химиялық зат

12\Биоэлектрлік ток – жүйке талшықтары бойынша 0,5-120 м\с-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері

13\Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы

14\Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол

15\Тізе рефлексі – ең қарапайым рефлекс

Барлығы: 15*3= 30ұпай

 

 

Биологиялық диктант (Ұжымдық жұмыс) (Интерактивті тақтада орындау)

1.Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр затын)  құрайды.

2.Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар (ақ затты) түзеді.

3.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын – (рецепторлар) құрайды.

4. Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.

5. Жүйке жасушалыры: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.

Сұрақтар:

  1. Нейрон дегеніміз не?
  2. Қандай жүйке жасушасын сезімтал нейрон дейді?
  3. Қозғалтқыш нейрондардың қызметі қандай?
  4. Аралық нейрондар жүйке импульсін өткізуде қандай рөл атқарады?
  5. Жүйке импульстері қалай бір жүйке жасушасынан екінішісіне беріледі?
  6. Рефлекс дегеніміз не?
  7. Рефлекс доғасы дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Жүйке  жүйесі

  • Орталық
    • ми
    • жұлын
  • Шеткі
    • соматикалық
    • вегетативті
    • симпатикалық
    • парасимпатикалық

Мағынаны тану

Жақсы меңгерген топқа 10 ұпайдан

Жоспары

а\Сыныпты топқа бөлу. Барлық оқушыға мозайка бөліктерін үлестіріп, сәйкестерін табу арқылы топқа бөліну.

б\ « Ой ашар »

в\Өздіктерінен тақырыпты меңгеру. Диалогпен оқыту

IV.Жаңа тақырыпты меңгерту;

Сыныпты топқа бөлу:    Топтарға тапсырма беру:

 І топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі»  (мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды табыңыздар)                                                                                                                                   ІІ топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі»  (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау)                                                                                                           ІІІ топ. Ізденуші топ. «Жұлынның құрылысы» (оқулықтағы 27-26 суретті талдау, қосымша мәліметтермен жұмыс)                                                                                                          IV топ: Сұрақ қоюшы топ. «Жұлынның құрылысы мен қызметі»  (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру )                                                            

Талантты оқушылармен жұмыс: Ойланып жауап беріңдер(жеке ойлану – жұпта бөлісу – топта жинақтау – ұжымда ортаға салу)    Сұрақ: Жұлынның артқы түбірлері зақымданғанда адам өзін қалай сезінеді? Алдыңғы түбірлері зақымданса ше? Жұлын жарақатының салдары қандай?

VI.  Қорытындылау:

кестені толтыру; (Ұжымдық жұмыс)

Жүйке жүйесінің бөлімі немесе оның бөлігі

Құрылысы мен атқаратын қызметі

Ми

 

Жұлын

 

Шеткі жүйке жүйесі

 

Сұр зат

 

Ақ зат

 

Жұлын түбірлері

 

Аралас жұлын жүйкелері

 

Жеке оқушылармен жұмыс.

Сәйкестігін тап:

1. Тізе жазу рефлексінің орталығы -  ..............

2. Қозғалғыш нейрондардың ұзын өсінділері - ..................

3. Нейрон денелерінің шоғырлануы - ....................

4. Сезімтал тамыршалар - ............................

5. Миға импульстер береді - .........................

6. Мидан бағытталған импульстерді өткізеді - .........................

7. Нейрон өсінділерінің шоғыры - ...............................

Кітаптағы(50 бет) сәйкестік тестісімен жұмыс.(жеке жұмыс)

Нейрондар қызметі

Нейрон түрлері

1.Тітркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді.

а)сезімтал

ә)аралық

б)қозғалтқыш

2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерінмберуді жүзеге асырады.

3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады.

4.Жүйке импулстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы үшелерге береді.

Сәйкес жауаптарды жазыңдар

1

2

3

4

 

 

 

 

VII. Рефлексия

Сабақтың маған әсер еткен тұсы

Оған менің көзқарасым

 

 

VIII. Үй тапсырмасы.  §13 мәтінін  оқып-білу,                                                              Терминдерге анықтама жазу, жаттау         

Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау

XI. Бағалау: Оқыту үшін бағалау;  «Екі жұлдыз, бір тілек» (Сабақтың басында оқушыларға кесте таратылып беріледі, өздері орындаған тапсырманы белгілеп отырады. Сабақ соңыныда мұғалімге тапсырады, мұғалім осыны ескере отырып жиынтық баға қояды)

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева – «Билогия 8 сынып»,  «Мектеп» баспасы – 2012ж
  2. Құрманғалиева Ж.Ж «Биология 8 сынып, жұмыс дәптері» , «8&8» - Алматы, 2011 ж  - 12 бет
  3. «Биология және салауаттылық негездері» №4, 2012ж – 41бет

ID: 4618 | Просмотров: 4539