Сайт учителя начальных классов
.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері

Панель 1
Панель 2

 

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері

Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері

Оң жақ бағындағы

тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір»

тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұрақтарға жауап бер

  1. Үлкен ми сыңарныңы  беті қандай заттан тұрады?

Ж: Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан – қыртыстан түзілген

  1. Ең терең жүлгені ата:

Ж: Ең терең жүлге – маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажырататын орталық жүлге және самай бөлігін шектейтін бүйірлік жүлге

  1. Қимыл-қозғалыс аймағы мидың қай жүлгесінде орналасқан?

Ж: . Қимыл-қозғалыс аймағы орталық жүлге алдында, маңдай бөлігінде орналасқан

  1. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметі қандай?

 

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау; а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут).

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан Кім? Не? Кімнің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Бос орынға тиісті сөздерді жазыңдар.

1.Вегетативті жүйке жүйесінің іс-әрекеті еріксіз , санасыз жүзеге асырылады және адам еркімен басқарылмайды.

2.Адамның қалауы бойынша ас қорытуды жылдамдатуға, жүрек жұмысын баяулатуға, тамырлар арнасын кеңейтуге немесе тарылтуға , тер бөлуді тоқтатуға болмайды.

3. Вегетативті жүйке жүйесі өзінің қызметін атқару барысында сомалық жүйкемен тығыз байланыста болады және организмнің сыртқы ортаға бейімделуіне қатысады.

4.Құрылыс ерекшелігіне және атқаратын қызметіне байланысты вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

5. Егер симпатикалық бөлім жүрек іс-әрекетін қоздырса, парасимпатикалық бөлім баяулатады.

6. Симпатикалық бөлім ішектің жұмысын тежейді, ал парасимпатикалық жүйе қоздырады.

7. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерде орталық және шеткі бөліктері бар.

8.Симпатикалық бөлімнің орталық бөлігі ми мен сопақша мида орналасқан. Жүйке жасушаларының мұндай шоғырларын вегетативті ядролар деп атайды.

9.Шеткі бөлігін вегетативті ядролардан тарайтын талшықтар құрайды. Оларды екінші түйіндер деп атайды.

10. Ядролардан тарайтын  талшықтар омыртқа жотасы бойында орталық жүйке жүйесінен тыс симпатикалық жүйке түйіндерін түзеді.

11.Парасимпатикалық ядролар ортаңғы ми, сопақша ми бөлімдерінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады.

12.Жүйке талшықтары сопақша ми ядроларынан шығып, кезбе жүйкенің құрамына кіреді.

13. Парасимпатикалық ядролар орталық жүйке жүйесінен тыс, мүшелерге жақын түзіледі және олардың талшықтары жүйке импульсін қысқа өткізігіш жолдар арқылы ішкі мүшелерге, теріге, қан тамырларына, тері бездеріне, сезім мүшелеріне береді.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Себебін анықта:

1.Неліктен вегетативті жүйке жүйесін автономды деп атайды?

Ж: Себебі, адамның қалауы бойынша ас қорытуды жылдамдатуға, жүрек жұмысын баяулатуға, тамырлар арнасын кеңейтуге немесе тарылтуға , тер бөлуді тоқтатуға болмайды.

2. Неліктен  жасушасының  шоғырын вегетативті ядролар деп атайды?

Ж: Себебі, вегетативті ядролар ми мен сопақша мида орналасқан.

3-қад 

 

Жүктеу 

ID: 7215 | Просмотров: 7480