Сайт учителя начальных классов
.
Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар

Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар

Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар

Бағдарламаның  теориялық  жүгін  жеңілдететін  жүргізу мақсатында  тірек сигналдарын  қолданудың  маңызы зор деп білемін. Тірек сигналдары меңгерілетін материалдардың теориялық құндылығын аща  түсуге, сол материалды сапалы  игеруге мүмкіндік жасайды.

8 – сыныптағы  «Ас қорыту  жүйесін» оқытуға  6 сағат берілген.

Сабақтың мақсаты мына негізге құрылады. Ас қорыту  жүйесінің құрылысын , ас қорытудағы ферменттердің рөлін , асқазан мен аш ішектегі ас қорыту процесін , асқазан –ішек аурулары туралы, тамақтану режімі туралы оқушыларға түсіндіру, оқушының ойын дамыту,өз денсаулығын күте білуге, гигиеналық шараларды сақтауға тәрбиелеу.

Бұл сабақты өткізуге « Адам анатомиясы» энциклопедиясы , «Адам анатомиясының атласы»

Р. Самсуев, В. Линченконың еңбектерін , тағы да басқа қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, мынадай тірек – сызбалар жасадым.

 

Оқушылардың  ас қорытудың  ағза  үшін  маңызын, құрылысын  түсіну үшін, асқазан –ішек ауруларының  алдын алу, сақтану шараларын  үйрену үшін, тамақтану гигиенасын  сақтау үшін  тірек – сызба  сигналдарын пайдалана отырып оқыту өте тиімді  әдіс екенін байқадым

Сабақ процесінде тірек сигналдары элементтерін қолдану мұғалімнен  шығармашылы ізденісті, іскерлік шеберлікті, эстетикалық талғамды,  прихологиялық үйлесімділікті қажет ете отырып, өз пәніне деген қызығушылықтын арттырса, оқушының өз бетімен  іздену, ауызекі  сөйлеу тілін дамыту, есте сақтау  қабілетін арттыру, тұжырымдап топшылау дағдыларын қалыптастыру  сияқты бірқатар  іскерлік мүмкіндіктері деңгейлерін арттыруға қол  жеткіздіреді.

Тірек сигналдарын  қолдану оқушыны үнемі  шағармашылық  әрекетке  шыңдай  отырып,  өзін -  өзі  дамытуға жетелейді, яғни, оқушыны үнемі оқу- тәрбие нысаны ғана емес,  өзін- өзі дамытатын субъект  ретінде қарастырып, екі жақтың да  жасампаздығы артады.

ID: 4601 | Просмотров: 1751