Сайт учителя начальных классов
.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы білім деңгейлерін тексеру, әртүрлі тапсырмаларды орындатып білімдерін одан әрі дамыту.
Міндеттері:
1. Өткен сабақтарда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша алған білімдерін тексеру.
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, қабілеттілігін арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, байқампаздыққа, дәлдікке баулу.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны жинақтау, жүйлеу.
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, биологиялық диктант, СТО технологиясы,сөзжұмбақ т.б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаз
Пәнаралық байланыс: Физика,химия
Сабақтың құрылысы:
І: Ұйымдастыру
А) Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалімнің сөзі:
-Балалар біз осы кезге дейін өсімдіктер дүниесін өттік және жануарлар дүниесін өтіп жатырмыз. Бүгінгі сабақта сендердің білім деңгейлеріңізді тексеру үшін көптеген тапсырмалар орындаймыз.Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамыз.
І топ  «Флора»   ІІ топ «Фауна»
ІІ: Негізгі бөлім
І тапсырма «Мен саған, сен маған» атты тапсырма
1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым
2. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар неше дүниеге жіктеледі және оларды ата
3. Вирус латынша қандай мағына білдіреді
4. Микробиология ғылымы нені зерттейді?
5. Саңырауқұлақтардың жануарларға тән қасиеті
6. Микориза дегеніміз не?
7. Біржасушалы жасыл балдырлардың өкілін атаңдар
8. Мүктерді зерттейтін ғылым
9. Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады?
10. Спорангий дегеніміз не?
11. Жыныс жасушалары не деп аталады?
12. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы не деп аталады?
13. Өнеркәсіпте сыра, қымыз, сүт, шарап ашытуда қолданылатын саңырауқұлақ
14. Үйде ұннан жасалған тағамдардың беті 2-3 тәулік жабық қалса, үлпілдек мақта тәрізді саңырауқұлақ пайда болады. Ол қандай саңырауқұлақ?
ІІ тапсырма «Мен кіммін?»
1. Мен адам өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды анықтадым. Менің аты-жөнім кім? Бұл қашан анықталды?
2. Мен жануарларды топтарға жіктеуде, жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктедім. Менің аты-жөнім кім?
3. Мен жануарларды топтарға жіктеу кезінде, ағзаларға қосарлы атаутізім беруді ұсындым. Менің аты-жөнім кім?
4. Мен, ұлым екеуміз өсімдік жасушасын зерттеуде үлкен мүмкіндік жасап, микроскоп ойлап таптық. Менің аты-жөнім кім?
5. Мен алғаш өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атадым. Менің аты-жөнім кім және бұл қашан болды?
6. Мен өсімдіктен алғаш вирусты таптым. Оның өте зиянды екенін білдім. Бұл қай жылы, қандай өсімдіктен табылды және менің аты-жөнім кім?
ІІІ тапсырма «Жорға»
Өсімдіктер 20 30 40 50
Жануарлар 20 30 40 50
 
Өсімдіктер
20балл
Қырықбуынның масақтары бар өркені қалай аталады?
30балл
Тұқымы бар, жемісі жоқ өсімдіктер қалай аталады?
40балл
Тұқым бүршіктер қайда орналасады және тұқым бүршіктен не түзіледі?
50 балл
Жабық тұқымдылардың гүлдері желмен тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Қандай жолмен тозаңдануына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына келіп түседі. Осыдан кейін қандай процестер жүреді
Жануарлар:
20балл
Желі (хорда) дегеніміз не?
30балл
Амеба біржасушалы жәндіктердің қай типіне жатады және амеба қолайсыз жағдайда не түзеді?
40балл
Қан соратын сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден қандай зат бөлінеді? Эндопаразит дегеніміз не?
50балл
Бауырсорғаштың негізгі иесі мал және үй хайуанаттары кейде адам. Негізгі иесінің бауырында ұрықтанған жұмыртқа қантамырлар арқылы ішекте түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Суға түскен жұмыртқа кірпікшелі дернәсілге айналады.......... осы айналымды әрі қарай жалғастырындар
IV тапсырма «Аукцион»
Саңырауқұлақ
Жасыл эвглена
Ұлу 
Өрмекші
 
Саңырауқұлақ:
1. Саңырауқұлақтардың өсімді денесі не?
2. Саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі не арқылы өтеді?
3. Саңырауқұлақтардың жемісті денесі неден тұрады?
Жасыл эвглена:
1. Жасыл эвгленаның қоректену ерекшелігі
2. Жасыл эвгленаның талшығы қандай қызмет атқарады?
3. Жасыл эвгленаның көбею ерекшелігі
Ұлу
1. Ұлулардың тыныс алу мүшесін  не?
2. Ұлулардың қай класында бақалшақ болмайды?
3. Ұлулардың денесі неден тұрады?
Өрмекші
1. Өрмекшілердің тіршілік ортасы
2. Өрмекшілердің қоректену ерекшелігі
3. Өрмекшінің зәр шығару мүшесі
V тапсырма  Биологиялық диктант
 
Суреттеме Жауаптар
1. Жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-имога (....қандай дамуға) жатады. Гиподерма
Қылқан
Толық түрленіп даму
Бірыңғай салалы бұлшықет
Хитинмен
Топырақта
Астық
Сірқабық
2. Бидай, жүгері,сұлы,тары,арпа (.....қандай тұқымдасқа?) жатады.
3. Шырша, қарағай, арша жапырағы (....қандай жапырақ?)
4. Шұбалшаң (....қайда?) тіршілік етеді.
5. Жұмыр құрт денесі (....қандай қабаттардан?) тұрады.
6. Буынаяқтылардың денесін сырты тығыз (....немен?) қапталған.
 
ІІІ. қорытынды
Балалардың білімін шолу мақсатында сөзжұмбақ өткізу
ІҮ .Үйге тапсырма беру. /өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысуы/ Эссе жазу.
Ү.Бағалау

ID: 532 | Просмотров: 3394