Сайт учителя начальных классов
.
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

Панель 1
Панель 2

 Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

Сыныбы  :   8

Күні       

Сабақтың тақырыбы

 Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

Мақсаты

Сынық түрлерімен сыну кезінде және буын шыққанда алғашқы көмек көрсетуді үйрену

Күтілетін нәтижелер

 

 А) Сынық түрлерін , ерекшеліктерін біледі

 В) Сыну кезінде, буын шығу кезінде алғашқы көмек көрсету түрлерін сипаттайды                С) Сыну, буын шығу кезіндегі алғашқы көмек түрлеріне практикалық жұмыс жасап, қорытыныды жасайды

Керекті жабдықтар

Биология оқулығы. Е. Очкур: Л.Аманжолова : Р. Жұмабаева      Алматы  қаласы «Мектеп » баспаханасы 2012ж,

Қолданылатын әдістер

Жаңа тәсілдер:

сергіту сәті,ыстық орындық,атаулар туралы үш сұрақ, , жуан, жіңішке сұрақатар, топтық, жұптық жұмыс

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уа-қы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

3

мин

1.Ұйымдастыру                                                                                      Әр топ А, С, Б,әріптері арқылы амандаса

Сынып 3 топқа бөлініп, әрәптерді қолданып отырып амандасады.

Үй тапсырмасын тексеру

7

мин

Оқушылар доп лақыту арқылы откен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.                                            1) Сүйек қандай ұлпадан түзілген? (дәнекер)
2) Қаңқаның толық сүйектенуі неше жасқа дейін қалыптасады?(20 - 25 жас)
3) Сүйектің құрамындағы ағзалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (серпімділік, иілгіш)
4) Сүйектің байланысы атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді (3 топ)
5) Буын дегеніміз не? Адам денесінде қанша буын бар? (сүйектің қозғалыспен байланысатын жері; 230 буын бар)
6) Буын қапшығы деген не? (буынның сыртқы қабығы)
7) Сүйектің жуандап өсуі неге байланысты? (сүйекқап)
8) Сүйектің ұзарып өсуін түсіндір? (шеміршекті қабаттағы жасушаның бөлінуі)
9) Сүйекке қоректік заттар қалай жеткізіледі? (қантамыр)
10) Сүйектің құрамында қандай заттар болады? (ағзалық, бейағзалық)
11) Қарт адамның сүйегі неге тез сынады? (минералды заттардың көбеюінен)
12) Сүйекте оссеиннің қызметі қандай? (иілгіштік)
13) Сүйектердің шетінде болатын шеміршектің қандай пайдасы бар? (жасушалары бөлініп, ұзарып өседі)

 

Үй тапсырмасын орындайды

 

 

Тұсау-кесер

 

2ми

Суреттер көрсету арқылы  бүгінгі тақырып не туралы болады деп ойлайсыздар деп сұраймын. «Ой қозғау»
Оқушылар алғашқы жәрдем туралы өз ойларын ортағы салды.

Өз ойларын айтады,сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Негізгі бөлім

 

 25

мин

«ДЖИКСО» әдісі арқылы , практика көрініспен көрсету

 «Сіңір созылғанда, буын шыққанда, және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыбын әр топқа оқуға беремін.

І-топ « Сіңір созылғанда»

ІІ-топ « буын шыққанда »

ІІІ-топ « сүйек сынғанда »

«Ротация» әдісі арқылы «Болашақ жедел жәрдем орталығы» тақырыбындағы суреттік жоба

Әр топ өзінің тақырыптарын оқу арқылы келесі 3топқа түсіндіреді.Бір оқушы түсіндіреді, қалған оқушы көрініспен көрсетеді.

 

 

 

 

Плакатты айналдыра отырып бір –бірінің ойын толықтырады.

Қоры-тынды

 

 

8

 мин

 

Сәйкестендіру тесті
Сұрақтары
1) Адам жығылғанда, ыңғайсыз қозғалыс жасағанда сүйек басының таюы
2) Морт сынғанды не деп атайды?
3) Сынған жерді қозғалмайтындай етіп немен танады?
4) Шытынап сынуды не деп атайды?
5) Сынған сүйекті орнына келтіріп салушы адам?
6) Буынның шығуын емдейтін дәрігер?
7) Сынықтардың жылжып кетуін болдырмау үшін көрсетілетін алғашқы жәрдем
8) Қантамырларға, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіретін сынықтың түрі
9) Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі неге байланысты
10) Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Жауаптары:
е) Морт сыну
в) Шендеуіш
з) Тыныштық
г) Жабық сыну
д) Сынықшы
ж) Хирург - дәрігер
б) Ашық сыну
а) Буынның шығуы
м) Таңылған жерге мұз басу
л) Сүйектің сыртқы қабы

тестті орындайды. Рефлексия жасайды

 

Сабақтың өзіндік талауы

 

ID: 6452 | Просмотров: 3552