Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Биология

Саңырауқұлақтар дүниесі тарауы

Саңырауқұлақтар дүниесі тарауы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сабақтың
тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Оқушылардың саңырауқұлақтар дүниесі
бойынша алған білімдерін саралай отырып,
бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: 2. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған
білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген
белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын
арттыру, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып,
сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру ,
білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: 3. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын
дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп
бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас
жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: аралас сабақ
Көрнекті құралдар: 6-сынып оқулығы, плакаттар, суреттер, интерактивтi тақта,
компьютер, А3, А4
Пәнаралық байланыс: География
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңi
II. Үй тапсырмасын тексеру

І. «Кім тапқыр» ойыны
1. Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?
2. Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Олардың бірінен-бірінің
айырмашылығы неде?
3. Мукордың пеницилиннен айырмашылығы қандай?
4. Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар?
5. Зең саңырауқұлақтарыныан қалай сақтануға болады?
6. 1929 ж. табиғи пеницилин бөліп алған ғалым кім?

Үш топқа оқушыларды бөлемiз:
І топ: Жеуге жарамды саңырауқұлақтар

ІІ топ: Улы саңырауқұлақтар




ІІІ топ: Паразит саңырауқұлағы


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау
(мақсатымен таныстыру)
Кiрiспе
Мұғалiм : Оқушылар бүгін сабағымды «Табиғат» туралы өлеңмен бастағым келiп отыр :

Табиғаттың арайлансын ажары
Болмаса екен тартар оның азабы
Табиғатқа тазалықты тарту ет
Тарқамасын аң мен құстың базары – дей отырып Табиғат –Ананы қолымыздан келгенше аялап, сақтасық болашағымыздың үлкен келешегi деп түсiнiп, бүгiнгi сабағымызды бастаймыз.
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % ,
нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi.

Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.
Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т.б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см-дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.
Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.
Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.
Паразит саңырауқұлақтар- тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді.Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қара бидай сабақтарынан емен жапырақтарына мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл ақұнтақсаңырауқұлақтарының жіпшумақтары.Олар өсімдіктің жапырақ,сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді.Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады.


Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы

1 – қалпақша
2 –қалпақша асты
3 – белдеуше сақина
4 – түбiртек
5 – түбiртек жiпшесi
6 – жiпшумақ
7 – жiпше

Саңырауқұлақтардың түрлері



Жеуге жарамды саңырауқұлақтар




Улы саңырауқұлақтар



Паразит саңырауқұлақтар



Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтарды теру кезiнде қандай ережелердi сақтау қажет екенiн айтыңдар
Жауабы: Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге жарамдысын улы түрiнен ажырата бiлу керек. Терген кезде топырақта көрiнбей жататын жiпшумақты зақымдап алмас үшiн, саңырауқұлақ түбiрiнiң түбiнен пышақпен абайлап қиып алған жөн.

ІІ.Мағынаны таны (мәтінмен жұмыс)
«Кубизм» әдісі
Сипатта Баянда Салыстыр Зертте
Оқушылар мәтінмен қосымша танысып, түсінгендерін постерге салып қорғайды.

ІІІ.Зертханалық жұмыс №14

Қалпақшалы саңырауқұлақтың сыртқы құрлысын анықтау



ІҮ.Топтық жұмыс
Сәйкестендіру тесті

1.Симбиоз Хлоропластары болмағандықтан жүрмейді

2.Микориза Спора түзілетін орын

3.Спорангий Екі ағзаның пайдалы селбесуі

4.Микология Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі

5. Фотосинтез Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым



Ү.Қорытындылау: «Мен саған, сен маған» ойыны
Топтар бір-біріне сұрақ қойып жауап беріп отырады.

Сабақты сұрақтар арқылы бекiту

1. Саңырауқұлақтарды зерттейтiн ғылым микология ХIХ ғ. п.б.
2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы гликоген
3. Талшығы бар спораның атауы зооспора
4. Споралар түзiлетiн орын спорангий
5. Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ қантты
6. Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы пеницилл
7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ аспергил
8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады? Қалпақ,түбiртек
9. Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi микориза
10. Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ шыбынжұт
11. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ iшiнде көрiнбей жататын бөлiгi жiпшумақ, жiпше
12. Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба? усыз
13. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ қаракүйе
14. Жүгерi собығында болатын паразит саңырауқұлақ қаракүйе

Қорытынды: Сабаққа белсене араласқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларға баға қойып, сабақты қорытындылаймыз.

Үйге тапсырма: Мәтiндi оқу, суреттермен жұмыс жасау. Өткен сабақты қайталап келу



Сыныбы: 6 сынып
Пән мұғалімі: А.Есентурлиева

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Есентурлиева Ақтоты

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Биология | Қосты: Дуйсалиева_Айконил (12.02.2015) | Автор: Есентурлиева Ақтоты E W
Көрсетілім: 1504 | Ілмек сөздер: Рет, Зат, керек, сабак | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5909
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 126
Қонақтар: 126
Тіркелгендер: 0