Сайт учителя начальных классов
.
Паразит құрттар.

Паразит құрттар.

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Паразит құрттар.

Панель 1
Панель 2

 Паразит құрттар.

Сыныбы: 7

Күні: 29.1014ж

  17- сабақ

Сабақтың аты

Паразит құрттар.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Оқушылардың жұмыр құрттар туралы сауаттылықтарын анықтау, олардың басқа құрттардан айырмашылығын білуге, сақтануға үйрету, өзін-өзін және сыныптасын бағалай білуге, топпен жұмыс жасауға баулу

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жұмыр құрттар туралы білімдері толығады, олардың басқа құрттардан айырмашылығын біледі, сақтану жолдарын үйренеді, өзін-өзін және сыныптасын бағалай алады, топпен жұмыс жасай алады

Негізгі  идеялар

Паразит құрттардан сақтану

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Шағын жұмыс тобының тәжірибесі

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару,  топқа бөлу (2-3 мин)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (5мин)

  1. “Жұмбақ сурет” құрттардың суреттері беріледі, оқушылар соларға сипаттама береді

            2. “Сұрақ -жауап

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электрондық оқулық арқылы бейнеролик көру. (3мин)

Талқылау үшін сұрақтар беріледі:

    ІҮ. Жұптық жұмыс  Төртінші артықты тап. Суреттер беріледі ішінен артық суретті тауып, себебін анықтайды.

Құртардың пайда,зиянын айтады

  1. Пияз, картоп, сарымсақ, құлпынай  сабаққұрттар топырақтан жас өсімдіктің сабағына көтеріліп, пайдалануға жарамсыз етеді
  2. Топырақ жұмыр құрттары өсімдіктер қалдығымен қоректеніп топырақ түзуде маңызды
  3. Үшкірқұрт, трихинелла, суыртқықұрт, ішексорғы –адам және жануарда тіршілік ететін паразиттер
  4. Қылқұрт – бунақденелілер паразиті

 

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру (7 минут)

ІV. Топтық жұмыс. Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1-топ: мәтнді оқып сұрақтар дайындау

2- топ: мәтінді оқып, жаңа түсініктер мен термин сөздерді жазып, анықтама беру

3-топ: мәтінді оқып, тірек сызбалар құрастыру

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Кейбір паразит құрттар туралы әр топ мәліметтер айтады.

  1. Аскаридоз – ішексорғыдан пайда болатын ауру

Аурудың белгілері:

  • Бас ауырады
  • Әлсіздік
  • Бас айналу
  • Мазасыздық ,ұйықысыздық

Оқу және есте сақтау қабілетінің төмендеуі

Себептері :
 ішексорғы бөлген улы  заттардан ішектің қызметі бұзылады

Үшкірқұрт

  1. Үшкірқұрт.(Enterobius vermicularis)
    Өте үлкен және аталығы мен аналығы бөлек орналасқан нематод. Аталығының ұзындығы 20 - 40см, ал аналығының ұзындығы 15 - 25см. Үшкірқұрттың ұшқы жағы үшкірлеу және ақшылт болып келеді. Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аналығының құйрығы әрдайым майысып тұрады. Бұлар энтерибиоздың себебі болып табылады. Аналығы -10мм, аталығы -3-5 мм. Ауру  – энтеробиоз.

Энтеробиоздың  белгілері:

  • ұйықысыздық
  •  мазасыздық
  •  әлсіздік
  • соқыр ішек ауруы

Аналығы жұмыртқасының аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қыщытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып,қайтадан ауызға түседі.ол ас ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.

        3.Суыртқы.

Оның аналығының ұзындығы - 150 см, жуандығы - 0, 2 мм шамасында. Бұл - адам үшін өте қауіпті паразит, көбінесе Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Суыртқының аналығы әсіресе аяқ терісінің астында паразиттік жолмен өмір сүрелі. Бұл ауруды дракунлез деп атайды.Құрт орныққан аяқтың басы алғашында қышып, қызарады. Соңынан ісініп, іріңді жараға айналады. Суыртқыны денеден суырып алу өте қиын. Оны жарадан шығару үшін жіңішке шырпыға немесе өсімдіктің жіңішке бұтақшасына орап, суырып алады

Топ пікірлерін тыңдау (10 минут)

 

Жеке тапсырма:   кестелерді толтырыңдар

құрттардың даму кезеңі

орны

     
     
     

 

гельминт түрі

Зақымданатын мүше

Адамға түсу жолдары

Күресі жолдары

Үшкірқұрт

     

 

  Қосымша мәліметтер                      

Медбике кеңесі

Ішек - құрт аурулары әсіресе өсіп келе жатқан бала ағзасында психикалық және физикалық бұзылуға әкеледі. Бойдың өсуі төмендейді, жыныстың жетілуін тежейді, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ішек - құрттары ішекте мекендеп, дәрумендерді сіңіру қызметін бұзады. Дисбактериоз келесі белгілермен көрініс береді: іштің ауруы, кебуі. Сол себепті балада мазасыздық, ұйқысыздық оқу қабілеті төмендегені байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеріліп, емдік дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Аурудың алдын - алу үшін қолды сабынмен тазалап жуу, қайнатылмаған су ішпеу, жеміс – жидектерді мұқият жуу, ыстық сумен шаю керек

Ішек құрттарынан қалай құтылуға болады?

Ішек құрттардан құтылу жаңа жолдары

Ішек құрттарын жапондық «Зингда» аппаратымен 2 - 3 күнде түсіруге болатынын айтады. Бұл аппаратта арнайы магниттік қондырғы болады екен. Сол қондырғыны шалқасынан жатқызылған адамның асқазан, бауыр, көкбауыр, ішек тұстарына апарып, әуелі оңға қарай, содан кейін солға қарай 4 минуттан айналдырғанда магниттің айналу әсерінен ішекқұрттар бөлшектеніп, нәжіспен бірге түсіп қалатын көрінеді. Ол денені, тәнді ауыртпайды, қайта массаж сияқты әсер етеді. Бар - жоғы 8 минутта магниттің айналуы арқылы құрттар жансызданып, өздігінен, табиғи түрде түседі. Бұл процестің денсаулыққа ешқандай да зияны жоқ. Қайта адам ағзаны іштен кемірген сан түрлі дерттен оңай арылады. «Зингда» арқылы ересектер ғана емес, жас балалар да ішек құрттарынан арыла алады.

 

Кейінгі тапсырмалар 

 сұрақтарға жауап беру,  тақырып соңындағы тапсырманы орындау (5мин)

Кейінгі оқу

Үйге тапсырма “Паразит құрттарды болдырмау шаралары” ой-пікір жазу.

         

 

ID: 7122 | Просмотров: 3717