Сайт учителя начальных классов
.
Есту мүшесі және есту анализаторы

Есту мүшесі және есту анализаторы

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Есту мүшесі және есту анализаторы

Панель 1
Панель 2

Есту мүшесі және есту анализаторы

 

 

Сабақ №21                 Пәні:   Биология                 Сыныбы:  8    Мерзімі: 20.11.2014

Тақырыбы

Есту мүшесі және есту анализаторы

Сілтемелер

Биология оқулығы. 8-сынып Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбекова, А.Соловьева

Мақсаты:

 Сабақта сыни-тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып,есту мүшелері  туралы өмірмен байланыстыра  түсіндіру.

Міндеттері:

Есту мүшесі құлақтың құрылысын білу және есте сақтау.

Оқушылардың есте сақтау және ойлау, талдау, дәлелдеу қабілеттерін  дамыту.

Топ болып жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа үйрену.

Оқыту нәтижесі:

 Сыни –тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушының белсенділігі артады,қызығушылығы оянады,алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді

Бағалау критерийі:

Топ басшысының бағалау парағы

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер ,СТО стратегиялары,  АКТ

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Негізгі идея:

 Сыни-тұрғыдан ойлау мәселесі топта талқылап барып шешуге,ойлана отырып жауап беруге жетелейді. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Құрал- жабдықтар

Лимон, лента, интерактивті тақта, таратпа материалдары

  •  
  • ұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті:

 

Психоло-

гиялық

ахуалды қалыптас-тыру

 

Сынып оқушыларымен сәлемдесу.Сыныпта  жағымды ахуал қалыптастыру.

 

Екі көз не үшін керек?
Бір жақсылық көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін керек
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін керек
Екі аяқ не үшін керек?
- Шетте жүрсең
Туған жерге жету үшін.

 

Сынып оқушылары түрлі түсті қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

Сынып оқушыларына  бағалау парақтарын таратып беріп,бағалау жолын түсіндіреді.

Оқушыларды 3қушыларды 4 ы  ++++++++++++++++++++ топқа бөледі. Топ мүшелерінің рөльдерін анықтау тапсырылады.

 

 

Оқушылар түрлі түсті (көк, қызыл, жасыл)  қағаздарды алып, топқа бөлінеді.

Топ ішінде рөльдерін бөлісіп алысады.

 

 

 

 

Қызығушы

лықты ояту

Топ оқушыларының  алдарына берілген алма, банан, ананасқа талдау жасайды. 

1. Оқушылар көздерін жұмып отырып, лимонның пішіні, қабығының тегіс – бұдырлылығын анықтау

2. Түсін, дәмін айыру.

Мұғалім қорытынды ретінде көздің маңыздылығын айқындай түседі.

Тапсырмаларды ұйымдасқан түрде орындау

Оқушыларға берілген жемістерге көздерін жұмыс сосын көздерін ашып талдау жасайды. Оқушылар көздерін жауып тұрып: Алма  - домалақ, беті сырғанақ, иісі тәтті . Ананас – кедір-бұдырлы, иісі жоқ, жапырағы бар . Банан – сүйір, беті сырғанақ. Көздерін ашып тұрып: жемістердің түсін, пайдасын, не үшін пайдаланылатындығына толықтай сипаттама беріп өтеді.

 

Мағынаны тану

Музыка ойналады.

Шағын дәріс

Қоңыраудың сыңғыры, құстың сайрауы, шағаланың ұшуы, желдің гуілі барлығы да дыбыс және біз оны естиміз. Табиғатты құдіреттілігі сол ол еш нәрсені тектен – тек жаратпайды. Барлығы қажеттіліктен туады. Дыбыс бұл физикалық құбылыс. Сөйлеу адамға ғана тән. Дыбысты қабылдау тірі табиғатқа қажеттіліктен туындаған, яғни, ол өмір сүрудің негізгі құралы. Сонымен біз:

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Оны біз қалай қабылдаймыз?

3. Ол қалай таралады? Біз оны қалай естиміз?

4. Адам өміріндегі маңызы қандай?

деген сұрақтарға тоқталамыз.

 

Топтық жұмыс. «Тең-теңге» оқыту әдісі

І топ. Сілтеме табушылар.

1. Мәтінді оқи отырып,  жаңа ұғымдарды табыңыздар?

 

ІІ топ. Баяндаушы топ

1. Мәтінді оқи отырып, сызба нұсқа, кесте құрастырып және оны баяндап

    беріңіздер.

 

ІІІ топ. Ізденуші топ.

1. Оқулықтағы суреттерге талдау жасаңыздар.

 

ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз.

 

 

 

 

І топ. Сілтеме табушылар.

 

Дыбыс. Сыртқы құлақ. Дабыл жарғағы. Ортаңғы құлақ. Есту сүйекшелері. Ішкі құлақ. Иірім. Вестибула аппараты.

 

ІІ топ. Баяндаушы топ

 

             Есту

 

Ішкі құлақ     

Ортаңғы құлақ             

Сыртқы құлақ

 

 

                  

 

 

 
 

Ішкі құлақ     

Сыртқы құлақ

 

 

 

 

Құлақ          Сыртқы       Дыбыс сүйекшелері                

қалқаны        дыбыс        

                        жолы

                              Балғашық      Төс          Үзеңгі

                                                   Шытырман

                                      Сүйекті         Жарғақты

Құлақтың құрылысы мен қызметі

ІІІ топ. Ізденуші топ.

Оқулықтағы 31,32,33- суреттерге талдау жасайды.

ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Құлақ қандай бөлімдерден тұрады?

2. Құлақ қалқаны қандай қызмет атқарады?

3. Дабыл жарғағы қайда орналасқан?

4. Ортаңғы құлаққа нелер жатады?

5. Ішкі құлақтың құрылысы қандай?

6. Құлақтың қандай бөлігінде тепе – теңдік мүшесі орналасқан?

7. Адам ұшақта отырғанда неге құлағы бітеліп қалады?

 

 

 

Сергіту сәті

Орнымызда отырып:

Екі қолымызбен сырғимақты уқалаймыз (10 рет);

Екі қолымызбен құлағымызды айналдыра уқалау (10 рет).

Оқушылар біз бұл жаттығуды біріншіден біздің тақырыбымызға, ал екіншіден адам  денесіндегі барлық мүшелерге тиісті нүктелердің құлақта орналасуына, сол нүктелерге массаж жасай отырып сол мүшелердің қызметін арттыруымызға болатынына байланысты жаттығуды алып отырмыз. Мысалға құлақты тесудің де белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіні жайлы айта кетуге де болады. Яғни, сырғимақта орналасқан құлақ нүктесін белгілеп, анықтап алу қажет .

 Егерде басқа нүктеге түсетін болса,  онда ағзада орналасқан басқа мүшелердің қызметіне әсерін  тигізуі мүмкін .

Мұғалімнің нұсқауларын орындау

 

   

Ой қозғау

 

1-топ Құлақ аурулары

 

 

2-топ Құлақ мүкістігі

3-топ Есту мүшесінің гигиенасы

 

 

1-топ Құлақ аурулары

Құлақ аурулары – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.

 

2-топ Құлақ ауруларының емі

Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмауқызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрліинфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерінішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.

3-топ Есту мүшесінің гигиенасы

Құлақты күту ережелері:
1. Құлақты үшкір затпен тазалама, дабыл жарғағы тесілсе, зақымданса адам саңырау болып қалады.
2. Құлаққа қиқым түссе немесе шыбын-шыркей кіріп кетсе дәрігерге барып алдырған жөн.
3. Құлақты суық тиюден, үсіп қалудан сақта.
4. Өте қатты дыбыс құлаққа зиян, есту қабілеті нашарлайды. Мысалы құлаққа қойып музыка тыңдау, шу. т. б.

 

Бағалау

 

Жүйрік екен аты.
Аңдамай келеді,
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді. (5)

Білмей қалған жерлерін
Мықтап миға тоқиды
Бүгін, 4 - ке оқыса
Ертең, 5 - ке оқиды (4)

Айтқанына
Көңіліміз толмады
Сабаққа дайындалмай келіпті
Онысы дұрыс болмады (3)

 

 

Жеке критериалды бағалау парағындағы бағалауына сипаттама беруді ұсынады. Топ басшыларының бағалауына сөз береді. Соңында мұғалім тарапынан формативті бағалау жүргізіледі.

 

 

 

Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы мен мұғалімнің бағалауының қорытындысын күнделікке баға ретінде қойдыру

 

Рефлексия

  1. Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселелер туралы білдіңіз?
  2. Сен үшін ең пайдалы болғаны не?
  3. Қандай ақпарат сен үшін күтпеген болды?

 

 

 

Берілген тарапта материалдардағы сұрақтарға жауап беру

 

 

 

 

      Үйге тапсырма

Х.Досмағамбетовтың   «Құлағың  сау болсын десең» қағидасын жазып, жаттау, өмірде қолдана білу

 

Үй тапсырмасын оқушылар күнделіктеріне жазып алады,күнделіктеріне баға қойғызады.

         

 

ID: 7201 | Просмотров: 3416