Сайт учителя начальных классов
.
Экология тарауын қорытындылау

Экология тарауын қорытындылау

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Экология тарауын қорытындылау

Панель 1
Панель 2

Экология тарауын қорытындылау

Тақырыбы: Экология тарауын қорытындылау

Тақырыбы:  Экология тарауын қорытындылау

Сабақ мақсаты: экология ұғымын жетілдіру.

Міндеттері. Білімділігі – экология ұғымын қалыптастыру, экология ұғымдарын ажырата білу және олардың алдын ала алуға үйрету.

Тәрбиелілігі – оқушылардың өзін – өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Жинақтылыққа және зейінділікке үйрету, адамгершілік қасиетіне баулу, табиғатты аялау.

Дамытушылығы – оқушылардың ойлау қабілетін, синтездеу, талдау, қорытындылау, ізденушілік, өз пікірлерін нақтылау қасиеттерін дамыту.

Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, ақ қағаз, қайшы, түрлі түсті қағаз, желім, стикер, маркерлар.

Сабақ типі: зерттеу, шығармашылық сабағы

Әдістемелік шешім: сұхбаттасу арқылы дәріс, өзіндік жұмыс, жасырын түрде сұрау жүргізу, берілген құрал-жабдықтармен қолдану.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин.

Сәлеметсіздерме! Отырындар. Сыныпта кім жоқ?

 Сабаққа психологиялық дайындық.

Жер-тіршілік бесігі. Барлық тірі ағзаларға жер ортақ үй. Енді ортақ үйімізге өз жылы лебіздерімізді білдірейік. Оқушылар өз тілектерін білдіріп шығады. Осы кезде табиғат туралы видео көрсетіледі.

  1. Кіріспе сөз. 0,5 мин.
  2. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» 7 мин
  1. Ойлан да толған 8 мин
  2.  «Зерттеу нысаны» 3 мин
  3. “Ой жүйелеу” 13 мин
  4. Қорытынды. 7мин.
  5. Бағалау. 2 мин
  6. Үй тапсырмасын беру

кіріспе сөз.
“экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр ”

Ш. Айтматов.

Сынып төрт топқа бөлінеді. Бірінші топ «зергерлер», екінші топ «жүйріктер», үшінші топ «эколог», төртінші топ «натуралист»

 

20

30

20

30

20

40

30

«Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес»

 

40

40

 

 

 

 

 

40

20

30

40

 

Бұл тапсырмада, әр бір топқа арналған ұяшықтар ішінде деңгейлік тапсырмалар берілген

Бірінші топ тапсырмалары: бірінші қатардағы 20- тірі ағзалардың өзара әсерлесуі және олардың өлі табиғатқа ықпалын жасауын ... деп атайды. Бірінші қатардағы 30- қышқыл жаңбырлар деген не?. Бірінщі қатардағы 40- экология бөлімдері: 1...       2...         3...

Екінші топ тапсырмалары: екінші қатардағы 20- иіс газдың формуласы. Екінші қатардағы 30- биогеоценоз ұғымын қалыптастырған ғалым. Екінші қатардағы 40- озон қабатының маңызы.

Үшінші топ тапсырмалары: үшінші қатардағы 20- экология терминін ... енгізді. Үшінші қатардағы 30- өндіріс қалдықтары. Үшінші қатардағы 40- Атмосфера,гидросфера, литосфераның ластану көздері.

Төртінші топ тапсырмалары: төртінші қатардағы 20- Н2S физикалық қасиеті. Төртінші қатардағы 30- Атмосфера қабатының бөлімдері. Төртінші қатардағы 40- Қазақстандағы экологиялық проблемалар

 «Ойланда толған» кезеңі

Бұл кезеңде әр бір топқа аймақтық компанент бойынша слайдқа қарап топтық жұмыс жасайды. Әр топтың мақсаты  экологиялық проблемаларын шешу жолдарын табу, онымен күресу және экологиялық проблемелер туралы не білесіз деген сұрақтарға жұмыс дәптерлеріне жазбаша жазып орындайды. Ол үшін Семей полигоны, мұнай жағдайы, арал теңізі, Өскемен қаласының ластануы атты тақырыптар беріледі.

«Зерттеу нысаны» кезеңі

Бұл кезеңде оқушыларға алдын ала берілген «Шар қаласының экологиясы» тақырыбына презентация жасап келу және оны қорғау.

 “Ой жүйелеу” кезеңі

Бұл кезеңде оқушылар өздері дайындағын презентацияларына байланысты қарап, біздің қаламызды болашақта қандай болғанын қалар едіңіз деген сұрақтарға жауап береді. Ол үшін әр бір топқа ақ қағаздан беріледі. Сондай-ақ  қайшы, желім, түрлі суреттер беріледі. Соған байланысты оқушылар қағаз бетіне суреттерді жабыстырып, жасаған жұмыстарын қорғау қажет.

 

Қорытынды. Сабақты қорытындылау кезіңде әр оқушы қағазға егерде мен деген тақырыпқа өз ойларын жазып,қорытындылап, талдап, синтездеп, жорамалап  глобус бетіне жабыстырады.

Бағалау.

Бағалау кезеңінде әр топ бір-бірін сабақ басында берілген бағалау парағын толтырып, сол бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасы: тарауды қайталау,

 

 

 

мультфильм көрінісін көріп сол бойынша қысқа эссе жазу.

 

 

 

 

Экология және мен” тест тапсырмасын орындау.

1.Сіз тісіңізді жуып тұрсыз. Сол уақытта шамамен қанша литр суды босқа ағызасыз?

а) 1 литр    ә ) 2 литр       б ) 5 литр

2. Сіздің отбасы мүшелері газетті оқып болды. Ары қарай сіздің әрекетіңіз:

А ) 1-ші мүмкіндікте лақтырып тастау;

Ә ) газетті қағаз жинайтын жерге тапсырып, сөйтіп жергілікті бөлім “Жасыл әлем” ұйымынан алғыс алу;

Б) бұл менің жұмысым емес.

3. Сіздің әке шешеңіздің машинасы өте ластанған. Не істейсіз?

А) ата-анаммен бірге машина жуатын жерге барып жуамыз;

Ә) таныс балаларға жудыру;

Б) машинаны жақын жердегі көгалдың ортасына қойып өзіміз тазартуға кірісеміз.

4. Түсте сіздің жолдастарыңызға баруыңыз керек. Не істейсіз?

А) әкеңізге апарып таста деп өтініш жасайсыз;

Ә) аяғыңызға ролик киіп өзіңіз кетесіз;

Б) еш жаққа бармау ұйғарасыз. Себебі бәрібір үлгермейсіз.

5. Сіздің сүйікті көйлегіңізді жуу керек, не істейсіз?

А)  қомен тез арада жуасыз;

Ә) жууға үлкен апаңызға бересіз. Қарап отырмай іспен жұғылданасын;

Б)  көйлекті кір жуатын машинаға саласыз.

    6. Сіз сусындарды, көбінесе қандай ыдыспен аласыз?
А) шыны ыдыс;     Ә) пластика;     Б) қағаз ыдыс.
7. Сіз салқын кеште машинада келе жатырсыз. Салқын тимес үшін не істейсіз?
А) үйден алып шыққан жемпірді киесіз;
Ә) машиналардың терезесін жабасыз;
Б) ата-анадан жылуды қосуды өтінесіз.
8. Сізге ертең сабақта оқитын дәріске байланысты кейбір қажетті нобайларды сызу керек. Ол үшін сіз қандай қағазды пайдаланасыз?
А) өте жақсы жаңа сықырлап тұрған қағазды;
Ә) жазу жазылатын блокнот;
Б) бір беті таза пайдаланылған қағаз.
9. Сіз жақын тоғайға жолтастарыңызбен дем алуға бардыңыз. Сізден кейін не қалады?
А) тамақтан қалған ыдыстар, т.б;
Ә) ештеңе қалған жоқ, себебі қалдықтардың барлығын өзіңізбен алып кеттіңіздер;
Б) еркіндікке жол берілген. Сіз сыпырушы емессіз, қалдықтарды кез келген жерге тастап, ыдыстарды тағашқа іліп, ойға келгенді істедіңіз.
10. Сіз табиғаттану сабағында не істедіңіз?
А) әдеттегідей ұйықтадым;
Ә) дәптерге арал теңізін салдық;
Б) қоршаған сыртқы орта туралы тереңірек ойладық.       

сұрақтар

жауаптар

А

Ә

Б

1

3

2

1

2

2

3

1

3

3

2

1

4

1

3

2

5

3

2

1

6

3

1

2

7

2

3

1

8

1

2

3

9

2

3

1

10

1

2

3

 

 

30-26 ұпай. Сіз бағалы адамсыз. Сіз үшін табиғатты қорғау күні жылына бір келетін жай күн емес. Сіз жыл бойы ауа райына, көңіл күйіңізге қарамай, табиғатты қорғауға ат салысасыз.
25-18 ұпайСізге, мүмкін ағаштардың түбін қопсыту, бұтақтарды қырқу, гүлдер егу ұнайтын шығар. Бұл іс-әрекет  тек өз бақшаңызда болады.
17-10 ұпай. Амал не, сіз орманды аяусыз қыратын, өзендерге қара майды төгетін адамдармен аталассыз. Бірақ түзелуге кеш емес.

 

ID: 7279 | Просмотров: 2326