Сайт учителя начальных классов
.
Бунақденелілердің көбеюі және дамуы

Бунақденелілердің көбеюі және дамуы

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы және көбеюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көпжасушалылардың көбею түрлерін,бунақденелілердің дамуымен таныстырып,алдыңғы сабақтардан алған білімдерін қайталау мақсатында білімдерін тексеру,қорытындылау
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,танымдық іс-әрекеттерін,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелілік: топтық жұмыста өзара сыйластық қарым –қатынасын қалыптастыра отырып, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа,еңбекке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,карточка, бунақденелілердің суреттері. электрондық көрсетілімдер.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3минут)
2. Үй тапсырмасын сұрау «Бунақденелілердің көптүрлілігі» (10 минут)
3. Жаңа тақырып «Бунақденелілердің дамуы және көбеюі» (10 минут)
4. Қорытындылау (5 минут)
4. Бағалау (2 минут)
5. рефлексия (3 минут)
6. Үйге тапсырма (3 минут)
І Ұйымдастыру кезеңі.
-сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау
-оқушыларды психологиялық дайындау (амандасу,көңіл-күйлерін алдарындағы смайликтер арқылы көрсетуін сұрау,назарларын сабаққа аудару)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (оқушылар әр түрлі кезеңдер бойынша тарсырмаларды орындап,әр дұрыс жауап 1 ұпай,дұрыс жауап тақтадан көрсетіліп отырады,.)
«Миға шабуыл» кезеңі
1-тапсырма
Бунақденелілердің денесі неше бөлімнен тұрады?
Бунақденелілердің қаншаға жуық түрі бар?
Бунақденелілердің қанша клас тармағы бар?
Бунақденелілер класында қанша отряд бар?
Насокем деген не мағына береді?
Насекомоядные деген ше?
Бунақденелілердің тыныс алуы не арқылы жүзеге асады?
Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?
Паразиттік жолмен тіршілік етет қандай бунақденелілерді білесіңдер?
2-ші тапсырма
Берілгенсуреттерді буынаяқтылар тип кластарына бөліңдер.
1. Шаянтәріздестер класы:
2. Өрмекшітәріздестер класы:
3. Бунақденелілер класы:


«Ойлан тап» кезеңі
Суретте берілген бунақденелердің ауыз құрылысының ерекшеліктерін анықтаңдар.



сүзіп жалаушы (шыбын); шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа —> имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа —> дернәсіл —>толық түрленіп даму: жұмыртқа дернәсіл —> қуыршақ —> имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго (лат. имаго - ересек жәндік). Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология (гр. ентома+логос - бунақдене + ғылым). Ол - зоология ғылымының бір саласы. Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерді тозаңдандырмаса, табиғат аясынан сан құбылып, көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре алар ма едік? Топырақтан ің қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы өте зор. Көптеген бунақденелілер (қанқыз,құмырсқа, шаншар, т. б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, құршаян, кене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктен, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді.
Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.Дернәсілдері:
31 – сурет. Жұмыртқа және оның әртүрлілігі
А – шыбын жұмыртқасының құрылысы; Б – шегірткенің жұмыртқасы; В – шегірткенің жұмыртқасының хорион бөлігінің үлкейтіп көрсетілген бейнесі; Г – жапырақ бүргесінің жұмыртқасы; Д – қандаланың жұмыртқаы; Е – ақкөбелектің жұмыртқасы;
Ж – сұр көбелектің жұмыртқасы; З – жапырақжемір қоңыздың жұмыртқасы; И – орамжапырақ шыбынының жұмыртқасы к – жұмыртқаның тесікшесі (микропиле); х – хорион жабындысы; жо – сарыуыз қабықшасы; яд – ядро; пт – поляр денесі; ж – сарыуыз.
Қуыршақтары:
33 - сурет. Жәндіктердің қуыршақтары мен пілделерінің түрлері
А – қоңыздың ашық қуыршағы; Б – көбелектің жабық қуыршағы; В – көбелектің нағыз пілдесі; Г – түкті шыбынның жалған қуыршағы немесе пупария

Шала түрленіп даму(шегірткені мысалға ала отырып түсіндіру)


Тест (дұрыс жауаптарыңды жауап парақтарыңа белгілеңдер)
1. Бунақденелілердің денесі:
А) баскөкірек, құрсақ
Ә) құрсақ, көкірек
Б) бас, көкірек, құрсақ
2. Бунақденелілерде:
А) 4 жұп аяқ
Ә) 3 жұп аяқ
Б) 2 жұп аяқ
В) 1 жұп аяқ
3. Бунақденелілердің көпшілігнде қанат бар. Олардың саны:
А) 1 не2 жұп
Ә) 2 жұп
Б) 1 жұп
4. Бунақденелілердің қанаты бекінген:
А) кеудеге, құрсаққа
Ә) кеудеге
Б) баскөкірекке, құрсаққа
В) баскөкірекке
5. Бунақденелілердің қанайналым жүйесі:
А) ашық
Ә) жабық
6. Жүрегі орналасқан:
А) дененің артқы жағында ішек үстінде
Ә) құрсақ жағында ішек астында
В) бас жағында
7. Зәр шығару жүйесі:
А) мальпигий түтікшелері
Ә) бүйрек
Б) ауа қапшықтары
Г) мальпигий түтікшелері және майлы дене
8.Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады?
А)3 Ә)2 Б)4 Г) 1
9.Имаго дегеніміз?
А)қуыршақ Ә)дернәсіл Б)ересек қуыршақ Г) ересек дернәсіл
Бағалау
Оқушылар әр кезең бойынша алдарындағы бағалау парақтарына ұпай сандарын жазып,қортынды ұпайларын шығарады,сол бойынша бағалары қойылды.
Рефлексия.
(Оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым-қатынасты тудыру,олардың ой-пікірлерін тыңдау)
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай кезеңі қызықты болды? Қолдарыңдағы смайликтер арқылы көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.
Үйге тапсырма :
Бунақденелілердің көбеюі,тақырыпты оқу. Дәптерге бунақденелілердің маңызы туралы эссе жазу,бунақденелілерге сөзжұмбақ құрастыру (тапсырмаларды күнделікке жазып алғандарын тексеру)

ID: 9569 | Просмотров: 4682