Сайт учителя начальных классов
.
Өзіндік  жұмыстың маңызы

Өзіндік жұмыстың маңызы

Өзіндік   жұмыстың маңызы

 Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жатты-ғуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты  білім алуға ұмтылады.

         Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған

білімді мұғалімнің Көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.

Өзіндік жұмыстың тиімділігі:

1,зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді

тереңдетуге;

2. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады

3.теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды

Өзіндік жұмыс тапсырмалары сан алуан болып келеді. Атап айтқанда:

1.мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойыншамәтін құрастыру; рөлдік және іскерлік ойындар

2.түрлі кестелерді толтыру;сөзжұмбақтар құрастыру

3.Бастауыш сынып оқушылары  үшін де өздік жұмыстың маңызы

зор.Өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы - оқушыға

шамасы жетіп, орындауға мүамкіндігі болатындай және танымын

арттыратындай, өзіндік көзқарасын   білдіріп,шығармашылықпен

орындай алатындай тапсырмалар    беру. Тапсырма арқылы оқу

материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі

4.тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу;

слайдтар жасау;презентация жасау;альбом жасап, газет   шығару т.б

Аталмыш жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларының жазбаша және ауызша тіл мәдениетін көтеруге қызмет етеді. Мұндай өзіндік жұмыс түрлері шығармашылықты дамытуды көздейді. Осыған орай берілетін тапсырманың шығармашылық  сипатына басты назар аудару қажет.  Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін жұмыс түрлері олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өз бетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады. Жоғарыда келтірілген кей жұмыс түрлеріне тоқтала кетейік. Қазақ тілі немесе әдебиеттік оқу сабақтарында ең жиі қолданылатын тапсырма түрі – шағын әңгіме жазу. Сондай-ақ баланың қызығушылығын арттыратын өзіндік жұмыстар қатарында альбом жасап, газет шығаруды, газетке материал дайындауды атауға болады. Төртінші сынып балаларына интервью жүргізуді үйретіп, осы бағытта тапсырмалар беруге болады. Өзіндік жұмыстың қызықты түрі ретінде рөлдік ойындарды, іскерлік ойындарды назардан тыс қалдыруға болмайды.

Рөлдік ойындар арқылы барлық   оқушыны жұмысқа жұмылдыру мүмкіндігі жоғары. Мұғалім тапсырмасына сәйкес оқушылар өзіне бекітіліп берілген рөлді орындауға ынтамен кіріседі.

                                       Осы арада        

                               мұғалімнің міндеті:

1.Әр оқушының қабілет-        қарымына қарай рөл бөліп беру;

2.Қалай жүріп-тұруды үйрету;

3.Дауыс мәнеріне көңіл бөлу

           4. Рөлді ойнауға мәжбүрлемеу

Әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сыныптың жоғары сатысы үшін белгілі бір тақырыпты өткенде немесе ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысқанда жиі берілетін тапсырма түрі – реферат жазу. Реферат теориялық бағыттағы тапсырма түріне жатады. Өйткені, ол баланың зерттеушілік қабілетін шыңдайды. Кейде реферат жазуды оқушылар тақырып төңірегіндегі ақпаратты көшіріп әкелу деп түсінеді. Реферат – кейіндері орындалатын күрделі ғылыми жұмыстың  алғашқы түрі. Оның безендірілуі, құрылымы, әдебиеттерді пайдалану тәртібі мұғалім тарапынан түсіндірілмеген жағдайда, бұндай қателіктер қайталана береді. Кестелер, тірек-сызбалар толтыру оқушыны нақтылыққа, бірнеше ақпараттың ішінен нақты қажеттісін бөліп алуға үйретеді

Ақпараттық техника дамыған қазіргі заманда слайдтар жасау, презентация жасауға деген оқушы қызығушылығы жоғары болып отыр. Өзіндік жұмыстың орындалуы мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына негізділгенмен, мұғалімнің қатысынсыз орындалатынын айттық. Алайда, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатыны ақиқат. Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:

1.мұғалім тарапынан тапсырманың мәні, мақсат-міндеті түсіндіріледі;

2.оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі;

3.нақты нұсқаулар беріледі;

4.күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;

5.қажет болғанда, дайын үлгілермен таныстырады;

6.талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады

Өзіндік жұмысы оқушының өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Әдебиеттік оқыту мен қазақ тілі сабағында берілетін өздік жұмыстың түпкі нәтижесі оның мұғалім тарапынан өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Өзіндік жұмыстарды бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс. 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ АЛАТЫН ОРН

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді.Мемлекеттің күшейіп гүлденуі ,әрине, жеке тұлғаға,яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз.Ұстазға, алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады.

Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамытуға көзделуі қажет. Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Ал жеке тұлға-қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қаиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын ,рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан [2]

Құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті.Құзіреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады.[6] Сонымен қатар, құзіреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы-ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Жалпы құзіреттіліктердің негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатын болатындықтан, қазіргі білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі-тұлғаның танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады. [5] Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылардың іс-әрекеттерінің дербестігі артып, танымдық қызығушылықтары қалыптаса түседі.Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

-Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

-Жұмысты өз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы;

Өзіндік жұмыстардың маңызын түсіну үшін өзіндік жұмыстардың негізгі міндеттерін атауға болады:

-Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;

-Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;

-Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру; [1]

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.

Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша ашады. Бұл жұмыстарды жеке тұлға өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, сеніміне, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.

Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты жеке тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіреді.

И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс- біліктілік пен құзіреттіліктер жиынтығы.[7;47]

Профессор Т.С.Сабыров өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарын анықтай отырып былай деп көрсеткен: «Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды: мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып,оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады.» Оқушылардың әр түрлі деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындауы олардың өзіндік танымдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді: танып білу қабілеттерінің дамуына, өзіндік ойлауға талпынуға, жаңа жағдайда дұрыс бағыт-бағдар жасай алуға, өз ойын еркін, дәлелді жеткізуге, ақпаратты сыни бағалауға, жаңа дерек көздерін дәйектілікпен талдауға, танымдық құзіреттіліктерде басшылыққа ала білуін қамтамасыз етуге, өз Отанының саналы азаматы болып өсуіне көмектеседі. Оқушының өзіндік танымдық құзіреттілігі көбінесе оқушының жасына, шамасына, білімді қабылдай алу деңгейіне, дайындығына, ынтасына, қызығушылығына, түрлі деңгейдегі тапсырмаларға, мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс түсінушілікке, қарым-қатынасқа, мұғалімнің басшылығына байланысты. Мұндағы ең бастысы оқушы орындап отырған өзіндік жұмысының мазмұны мен сипаты онда танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға, тапсырмаларды орындауға деген талпынысты тудыру болып табылады.[3]

Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы, жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, әксперимент жүргізу. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады.Сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін өзіндік жұмыстар қызметі бекіту, жалпылай қорыту, нақтылап дәлелдеу болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар жеке тұлғаның еркін дамуын, ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар танымдық құзіреттіліктерін қалыптастырады, мінез-құлқындағы өзіндік менін қарастырады. Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.

Педагог Р.Сүлейменовтың пікірінше, өздігінен істейтін жұмыстарда жеке тұлғаның іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдылығынан туатын толық дербестігі айқын көрінеді. Өздік жұмыстар оқушының дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі.

Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Танымдық құзіреттілікті тежейтін үш нәрсе бар: біреуі-«сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы: оқушылардың танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастыруына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау; танымдылық бағытта баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу жеке тұлғаны шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілдерін байытуға, қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізетіні сөзсіз.[3]

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандартында білім беру жүйесінің мақсаттарына байланысты «Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан құзіреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзірет-білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады» делініп, оқушының проблемалық шешімін табу құзіреттілігі, ақпараттылық құзіреттілігі, комунникативтік құзіреттіліктерді меңгеруге ерекше назар аударылған [4;12]

12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту, оқушының осы шешуші құзіреттіліктерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім мазмұны мемлекет тапсырыстарын  оқушының қажеттілігін қанағаттандыратын, шешуші құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Нәтижесінде, әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге тырысып, оқушының жеке қабілеттілігі айқындалады; іштей бір-бірінен қалмауға ұмтылады, әр бала шамасына қарай бағаланады да, кез  келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге икемденеді.

Қорыта айтсақ, өзіндік жұмыстар арқылы өз бетімен дами алатын, қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді, танымдық құзіреттіліктері қалыптасқан жеке тұлға тәрбиеленеді.

ID: 6764 | Просмотров: 3071