Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды.

Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

             Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды.                                                         

Әдебиеттік оқу

                                                                       Сыныбы: 4

                                                      Ниязова Ботагөз Сағынғалиқызы

БҚО,Зеленов ауданы, Чувашка ауылы

Тақырыбы: «Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды.»

                                                          Өтебай Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:   б) Өлең мазмұны мен идеясын аша 
                                             отырып , өмірмен байланыстыруға                    
                                             мүмкіндік беру.

                                             д) Өлең тіліне мән бере отырып, талдау, 
                                             зерттеу жұмыстары арқылы     
                                             шығармашылық дағдаларын дамыту.

                                             т) Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-
                                            ғұрпын, мәдени ерекшелігін
                                            балалардың санасына сіңіру,
                                            ойландыру. Адамгершілік қасиеттерге
                                            баулу.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, плакат, бор, маркер, «Инсерт» кестесі, т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен ерекше, мән бере амандасу.

  • Балалар, амандасудың да түр-түрі болады екен. Соның жөн-жосығын білген жөн болады. Сендерге мен Қожанасырдың қылығы турлы бір әңгіме оқып берейін.

Қожанасырды татар халқы Насреддин деп атайтынын түсіндіру.

Сәлемнің де сәті бар

Бірде Насреддин жолаушылап келе жатса, біреулер қайтыс болған кісіні жерлеуге апара жатыр екен.

  • Уа, жолдарың болсын, барған жерлеріңде бақытты болыңдар! – деп Насреддин оларға ақжолтай айтады.

Әлгілер мұның сөзіне ашуланып, алып келіп сабайды да, қандай тілеу айту керек екенін үйретеді. Алақаныңды аспанға жайып, «Уа, Жаратқан ием, марқұмның жанын жәннатқа жіберіп, жатқан топырағын жайлы ете гөр!» деу керек дейді.

Насреддин оны жаттап алып, жөніне жүре береді. Жолшыбай ән салып, би билеген көңілді топқа кезігеді. Үйлену тойы екен. Бұл оларды ортасына тізе бүгіп, алақанын аспанға жаяды да, әлгінде жаттап алған тілеуін сарнап қоя береді. Тойға жиналғандар оны сол жерде сілейтіп сабайды да, той-думан сәтінде дұға оқымай, ән салып, би билеуі керектігін түсіндіреді.

Қожа оны ішіне түйіп, алғ оза береді. Жолшыбай оған аңшы кездеседі. Ол бұтаның түбіне бұғып, қоянды аңдып жатыр екен. Насреддин бақыра ән айтып, тапырақтап билей жөнелгенде, қоян үркіп кетеді. Аңшы ашуланып, оны төмпештеп сабап алады да, аң аулағанда біресе еңбектеп, біресе бұқпақтап, сыбдыр шығармай ақырын жүру керектігін түсіндіреді.

Насреддин мұны да есіне сақтап қалды. Одан әрі жүріп келе жатқанда қой бағып жүрген шопанға жолығады. Насреддин оған біресе еңбектеген, біресе бұқпақтаған қалпы мысықтабандап жақындай түседі. Одан қойлар үркіп, жан-жаққа бытырай қашады. Ал шопан болса, Қожаны мал ұрлайтын ұрыға жорып, аямай таяққа жықты.

Татаршадан аударған М.Ізімұлы

  • Балалар, осы Қожанасыр туралы әңгімені естігеннен кейін қандай қорытынды ой жасауға болады?

Оқушылардың пікірлері тыңдалды.

  • Қожанасырп қылықтарын тыңдағанда, қандай сезімде болдыңдар?

(Ұялу, өкініш, күлкі келтіретін, ...)

Сонымен, сәлемдесу тәртібі мен рәсімдері болатынын, ол түрлі жағдайға байланысты әртүрлі екенін ажырату керек.

  • Сендер қалай амандық сұрастырасыңдар?

Оқушылардың сөздері. Топтау сызбасы.

 

Сәлеметсіз бе!

Қайырлы түн!

Амансыз ба!

Қайырлы таң!

Сәлемдесу

түрлері

 

Қайырлы күн!

  • Үндемей амандасуға бола ма?
  • Өздерің мұғалімге қай уақытта үнсіз амандасасыңдар? (Мұғалім сыныпқа кіргенде)

Оқушыларға тәуліктің үш мезгілінде үш түрлі амандық сұрау рәсімі де бар екенін айту.

ІІ. Мағынаны тану.

  • Қазақ халқының әдет-ғұрпында тағы басқа да сәлем сұрау рәсімдері бар. Ол туралы білгілерің келе ме? Олай болса, Ө.Тұрманжановтың «Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды» деген өлеңімен танысып көрейік.

Өлеңді іштей оқу. Оқу кезеңінде оқушының өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту үшін «Инсерт» стратегиясын қолдану қолайлы.

Белгілер үшін 4 таңба ұсынылады:

  • - бұрыннан білемін,
  • - мен үшін жаңалық,

«-» - мен басқаша ойлап ем.

  • - түсінбедім, сұрағым бар.

Оқу кезінде оқушылар өлең жолдарының тұсына осы белгілерді қарындашпен  қойып отырады.Оқу аяқталған кезде таңбалары бар кесте толтырылады.

Кесте үлгісі:

  • V»
  •  
  •  
  •  

Бала – шағаңыз аман ба?!

Ауыл-аймақ аман ба?

  •  

Күйлі-қуатты бармысыз!

«Сұрайды» дегенді айтады деп ойладым

 

 

  •  

Оқушылар мәтінді зерттей оқуға дағдыланады. «Инсерт» стратегиясын үлкенірек мәтінге де сәтті пайдаланып, оушының өздік жұмысын ұйымдастырып, олардың қызығушылығын, белсенділігін арттыруға жағдай туғызылады. Балалар қызыға талдайды. Бір-бірін тыңдап отырады. Берілген  өлеңді бірнеше рет оқуға тура келеді.

Тақтадағы толтырылған кесте бойынша  оқушылардың жұмысына қорытынды жасалады.

ІІІ. Ойтолғау.

  • Балалар, өлеңдегі амандасу түрлерін көбінесе қандай адамдар, қандай жағдайда қолданады? (Үлкен адамдар, ауылда, пьесадағы кейіпкерлер, кинода, т.б.). Тек қана Қожанасыр сияқты аңғал болмайық. Сондай-ақ амандық сұраумен бірге отырған жерден кетер кезде қоштасуды да ұмытпау керек.
  • «Топтастыру» әдісі:

 

Балаларға тән амандасу рәсімдері туралы әңгіме, пікір құру.

Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма. Халқымыз «Сәлем – сөздің анасы» дейді. Кейбір халықтар амандасу рәсімдерін әртүрлі білдіреді. Сол туралы деректерді үйде іздеп тауып, оқып келіңдер.

 

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Ниязова Ботагоз Сағынғалиқызы

БҚО Зеленов ауданы Чувашка ЖОБМ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: nur (23.01.2015) | Автор: Ниязова Ботагоз Сағынғалиқызы W
Көрсетілім: 1072 | Ілмек сөздер: жолаушы, сұрайды., Жолаушыдан, болсын, Жолың | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 2
Қонақтар: 2
Тіркелгендер: 0