Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Жеті қазынаның бірі

Жеті қазынаның бірі

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Пәні:Әдебиеттік оқу
Cабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі
Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұны мен идеясын және жеті қазынаны танып, сақтай
білу керектігін кейіпкерлердің әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру. Балаларға жеті санының киелі екенін, ертегі арқылы адам мен жануарлар арасындағы қарым-қатынасты тануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:оқушыларға берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тұлғалық нәтиже:үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеті қазынаның суреті, белсенді тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері.
Есік қағылады. Топқа қорап әкелінеді, оны сипаттап ашу. 1-ші затты алып шығу оған қағаз байланған. Оны оқу.
-Мынау сиқырлы көзілдірік екен. Кім оны киеді, сол бала досының ішкі жақсы қасиеттерін яғни адамның ішкі жан дүниесін бізге көрсетіп береді.
-Кәне , мен оны киіп көрейінші.
Ах, сендер қандай ақылдысыңдар, қандай көңілдісіңдер. Мен бәріңнің бойларыңдағы бір қасиетті көріп тұрмын ғой?!
-Кәне, сен киіп көрші (қасында тұрған көршісі туралы жақсы қасиеттерін айтады, әрі қарай көзілдірікті келесі оқушыға береді)
-Көрдіңдерме, мынау сиқырлы көзілдірік бағалы зат болып шықты. Мұны сыныпта қалдырып жоғарыға қояйық.
Қораптан 2-ші зат шығыды. Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Семантикалық карта

13
қырқынан шығу Жамбыл 12 қаһарман
жазушы 7 жыл сайын туған күнді мүшел жасты
Бауыржан Момышұлы кім? +
Қай облыста дүниеге келді? +
Алғашқы мүшел жас? +
Жарты мүшел неше жас? +
Б.Момышұлының кезінде туған күнді қалай тойлады? +
Мүшел жас неше жылда келеді? +

3-ші зат ол жеті саны. Балалар жеті санына байланысты қандай атаулар мен ұғымдарды білеміз.?
Жеті ата: ата, әке, бала,немере,шөбере,шөпшек,немене.
Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні,арғы күні, соңғыкүн, азына. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті ғалам: Күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан-жоғары ғалам, жер-орта ғалам, жер асты-төменгі ғалам.
Жеті қат: көк деген мағынаны білдіреді. Оған жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн.
Жұма күні қазақтарда жеті шелпек пісіріледі.
Жеті қазына.
4-ші зат: Видео табақты қос, сұрақтарға жауап бер.

Жұмбақтар шешу.
1.Үй жануары көлік ретінде пайдаланамыз. (жүйрік ат)
Ер жігіттің жүйрік аты –қанаты болған.
2.Бес қару белінде
Самғап жүрер көгімде. (бүркіт)
Қыран бүркіт – қуаты.
3.Тау тарс етті
Күн гүрс етті.
Жырадағы жылқы үрікті,
Жымда жатқан түлкі үрікті. (мылтық)
Мылтығы – асқарлы оты.
4.Өткір жүзді келеді
Өте қажет құрал ол
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол. (пышақ, өткір кездік)
Кездігі – сұсы.
5.Балық аулайтын құрал. (ау)
Ау- ер жігіттің әдіс –айласы.
6.Аңшының құралы . (қақпан)
Қақпан – серті.
Бұл неше қазына ? Балалар сендермен неше қазынаны еске түсірдік?
-Бізде неше қазына бар еді?
-Олай болса жетінші қазынаны білгілерің келе ме?
Сахналық көрініс:
-Көрдіңдер ме, балалар, «Ит – жеті қазынаның бірі». Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болған екен.
Ит туралы (3 минут )бейнеролик көрсету.
-Бүгінгі тақырыбымыз да «Жеті қазынаның бірі» деп аталады.
-Қазына деген не?
Сөзге топтастыру жазу. Топтастыру көк түспен жазылады.




Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.
-Осы қазыналардың бүгін біреуі туралы ғана ертегі оқимыз. Дәптерімізді ашып күннің жады мен тақырыпты жазып алайық.
Бұл ертегі ел аузынан екен. Әңгімені іштей оқиық. Шапалақ соғу арқылы іштей, көз жүгіртіп оқу. Барлық оқушылар тізбектеп оқиды.
Мәтіннің 1,2 абзацын оқып, түсіну.
-Балалар, өмірде өздеріңді біреу мақтаса, қандай сезімде боласыңдар?
-Ертегінің осы бөлігіне қандай тақырып қояр едіңдер? Мысалы: Аңдар жиналысы.
Әрі қарай ертегіні оқу.
Сұрақтар:
-Ит неліктен әңгімеге араласқысы келмеді?
Қалай ойлайсың Арыстан Итті қалай жазалауы мүмкін?
Олай болса осы бөлімді қалай атауға болады?
Мысалы: Арыстанның қаһары.
Бір –екі оқушы түсінігін айтады.
Сергіту сәті:



Топтық тапсырма. (5минут)
1-топ: Осы мәтіндегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме жазу.
2-топ: Венн диаграммасы. Арыстан мен итті суреттер арқылы салыстыру. 1-2 оқушы келген ұстаздардан сұхбат алады.
1.Арыстанның мінезі қандай?
2.Ит туралы не айтасыз?
3-топ: Бейнетаспа арқылы өз ойларын айту. «Биопоэма» әдісін қолдану.
Аты-Ит
Сипаттайтын 2-3 сөз- адамға адал, ұйқыға сергек,суыққа төзімді.
Жақсы көретіні-сүйек, сипағанды, еркелеткенді.
Қорқатыны-қасқырдан, өзінен үлкендерден.
Басынан өткізген сезімдері- рақаттанып ұйықтауы, аң қуғандағы қуанышы.
Болашақтан күтетіні- қарны тоқ болып, иесінің амандығы.
Мекен-жайы-үйшігі.
Тегі-жабайы иттер.
Осындай қасиеттеріне қарап, адамдар оны жеті қазынаның біріне жатқызғаны туралы қорытындылайды.
4-топ: Ит туралы мақал, тақпақтарын айтады.
Итті тепкен ырысты тебеді.
Иті құтырса – иесін қабады.
Ит тойған жеріне
Ер туған жеріне.
Ит –жеті қазынаның бірі.
Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
Оқушылар топтық тапсырманы тақтаға шығып талдап қорытындылайды.
Қорытынды. Рефлексия.
Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгенін қай топтың жұмысының ұнағаны туралы өз ойларын айтып бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Бағалау. Ал, енді оқушылар жинаған иттерімізді көтерейік. Ұпайларына байланысты бағалау.
Үйге тапсырма. Түсініп оқу. Интернеттен иттер туралы қосымша материал жинау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Аккалиева Жумагул Кизатовна

БҚО Орал қаласы № 37 ЖОББМ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Жумагулова_Улжанай (08.02.2015) | Автор: Аккалиева Жумагул Кизатовна E W
Көрсетілім: 1177 | Ілмек сөздер: Аккалиева | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 37
Қонақтар: 37
Тіркелгендер: 0