Сайт учителя начальных классов
.
Жұрнақ пен жалғау

Жұрнақ пен жалғау

Павлодар ауданы
Павлодар облысы
№2Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі
Мугдинова Махаббат Ермекқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
2 сынып

Тақырып: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөз құрамы, түбір пен жалғау
туралы білімдерін кеңейту;
а) білімділік: а) Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете түсу. Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.
Ә) дамытушылық: ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;
Б) тәрбиелік:ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқушының жұмыс дәптері, интерактивті флипчарт, оқулық, карточкалар (билеті)
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Оқушыларға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау , жұппен жұмыс, ақпараттық.
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау сабағы.
І Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу тренингі (3мин)
Күннің жадын жазу
Үй тасырмасын тексеру
II Жаңа сабақты қалыптастыру «Астанаға саяхат»(Миға шабуыл)
- Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше, ол саяхат сабағы .
Елордамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
-Дұрыс ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын көрсетемін .
Саяхат картасы.
1.Вокзал.Павлодар
2.Бәйтерек.
3.Пирамида.
4.Ақ Орда.
5.Думан.
6.Вокзал .Павлодар
ІІІ Тірек білімдерді жетілдіру
1- Аялдама «Вокзал» . Павлодар слайд №2
Балалар қартамыз бар . Саяхатқа дайынбыз ба ? Тағы не жетпей жатыр ? Әріне билет сатып алу керек . Билеттерді таратамын тек қана билеттің артында жазылған сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар саяхатқа аттанады .
1.Түбір туралы ереже
2.Жұрнақ ережесін айт
3.Жалғау ережесін айт
4.Туынды сөз қалай жасалады ?
5.Балалар сөзінің түбірін тап
6.Домбырашылар сөзінің жалғауын тап
7. Сөз неден құралады ?
8. Балықшы сөзінің жұрнағын тап . Ауызша жауап береді .
-Астанаға баратын болдық. Ал мен сендердің бортсерігің боламын. Қандай ережелерді ұшақта сақтау керек ? Бізбен бірге біздің қонақтарымыз да Астанаға ұшып бара жатыр .Содықтан өзімізді тек қана жақсы жақтардан көрсетейік!
ІҮ. ЖАҢА САБАҚ
- Астана қаласына тез жету үшін біз Павлодардан ұшаққа мініп, алдымызға мақсат қойып алайық..
Мақсат қою. Бүгінгі сабақтың мақсаты- сөз құрамы, түбір мен қосымша туралы білімдерімізді кеңейту; Сабағымыз саяхат болғандықтан біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтаймыз , түрлі тапсырмалар орындаймыз.
-Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Алып ұшақпен Отанымыздың астанасы Астана қаласына сапар шегіп барамыз деп елестетіңдер. слайд №3 дыбыс
Міне, Астанамызға да жақындап қалдық! Зәулім биік үйлер, әсем ғимаратар, бақытты балалар!Неткен керемет! Балалар сендер көз алдарыңа алдымен нені елестеттіңдер?
- Бәйтерек монументін. слайд №4
2- аялдама . «Бәйтерек» Астана
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді. Нажмиден Мақсат )
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. 1997 жылдан бастапАқмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден т ұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жерасты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелекшардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана символы
Бәйтеректің тапсырмасы : слайд № 5
Жұрнақ қосу арқылы туынды сөздерді жаса . 1 оқушы тақтаның қасында,қалғандары дәптерге жазады.
Мұғ . Жарайсыңдар балалар ! Бәйтерек керемет еді , бірақ бізге ары қарай жүру керек.
Келесі аялдама- 3 Бейбітшілік Сарайы слайд № 6
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді. Ибрагимов Нурмахан )
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
- Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік.
Тапсырманы тақтада орындаймыз. 120 бет 1 жаттығу слайд №7
4 – Аялдама. « Ақ орда» слайд № 8
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді. Жаныбек Тамерис )
Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан
«Ақ Орданың » тапсырмасы «Сөз жаса» ойыны слайд №9
Есте сақта : слайд №10
-Сендер шаршаған шығарсыңдар, ендеше сергіту сәтін өткізейік.

5 – аялдама «Думан» слайд № 11
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді. Нұрғазы Аружан )
Думан» ойын - сауық орталығы.. 3-д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.
«Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум
Онда 2000ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
-Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.
Жұппен жұмыс : Астана туралы 5-жолды өлең шығару . слайд №12
Тапсырманы орындау барысында оқушыларды мадақтап, қолпаштап отырамын.
Мұғ . Жарайсыңдар , балалар ! Тосын сый . Видио көрсетемін
слайд № 13

6 – Аялдама « Павлодар » слайд №14 звук
-Туған жерге оралдық қой . Жарайсыңдар балалар !
Туған жерге ештеңе жетпейді ғой !
Туған жаер туралы қандай мақал- мәтел білеміз?
БЕКІТУ: -Балалар бiз белгiлi Астана қаласына саяхат жасап, бiлiм көрсетіп, енді өзіміздің сүйiктi сыныбымызға оралдық. Сонымен балалар, бүгiнгi сабақта не iстедiк?
- Астана қаласына саяхат жасадық, түбір мен қосымша жайлы білімімізді ортаға салдық
- Бағалау Слайд № 15 Білім ағашы
- үй тапсырмасы

ID: 8951 | Просмотров: 3731