Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Жұрнақ.

Жұрнақ.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Жұрнақ.

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта өтілген жұрнақ жайында алған білімдерін пысықтау; жаттығу жұмыстарын орындау арқылы алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлауын, тілін дамытуға ықпал ету, жетілдіру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жеміс ағашы

 

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

                                 Сәлемдесу

                                 Оқушыларды сабаққа даярлау

                                  Қажетті құралдарын тексеру

 

Психологиялық ахуал

Қазақ тілі-

Атаң, Анаң,

Қуат алар Отан да одан

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған

Тіл ұстарту,

Тіл сындыру-

Сөз сиқырын,

Кілтін білу

Елмен елді елдестірер

Естелікке ұмтылдыру.

 

ІІ. Үй тапсырмасына шолу

«Асық ойыны» арқылы өткен сабақты пысықтау.

Туынды сөздерді тауып, түбірі мен жұрнағын табу.

 

ІІІ. Негізгі бөлім

  • Балалар, мына ертегіге назар аударайық. Біз білмейтін шексіз бір елде Сөздер өмір сүріпті. Ол ел Түбір деп аталынған екен. Дүниеде сөз біткеннің бәрі сол елде, кең сарайда тату- тәтті бірге тұрыпты.

Бір күні сөздер өзара бір нәрсеге келісе алмай сен ұзынсың, сен қысқасың, сен көпшілсің, сен көпсің деп бастары сыймапты. Мұны естіген хан оларды жинап алы: «Сендер өз мағыналарына қарай бөлініңдер.

Сосын әрқайсысыңды бөлек үй қылып қоямын - депті».  Сөйтіп олар өздерінің белгілеріне қарай бөлінініп, оларға ұқсас ат беріледі.

 Ендеше мінезі бірде былай, бірде былай болып, сөздердің мағынасын өзгертіп отыратын елді- мекенге сапар шегеміз.

Ол үшін алдымен ребус шешіп алайық. Ребус шешу арқылы «Жұрнақ» сөзін шығару.

 

  • Балалар, бүгінгі сапарымыз сәтті болуы үшін тапсырмаларды орындап, түрлі кедергілерден дұрыс өтсек сол елдегі киелі де сиқырлы жеміс ағашынан дәм татамыз. Сиқырлы ағаштың алмасын алу сіздерге байланысты.

Ендеше біз «Жұрнақ» ауылындамыз.

Олай болса бізді қонаққа алғашқы үй күтіп отыр екен. Ол үйге кірмес бұрын алдымен тапсырмаларды орындап алайық.

 

  1. жаттығу.

Жұмбақтың шешуін тауып, туынды сөздерден түбір мен қосымшаны ажырату.

Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара. (Кеме)

Шатырлы- түбірі- шатыр, жұрнағы- лы.

 

 

2 – жаттығу.

Киіз үйдің екінші тапсырмасы.

Көп нүктенің орнына –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін қой.

     Алматыда бокстан болған жарысқа еліміздің барлық  қалаларынан оқушылар  келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып  үлгерді: мен – астаналық, Ерлан – алматы..., Үсен – ақтау..., Айбар – атырау..., Сержан – шымкент...., Ернұр – тараз..., Арман – өскемен...., - деп айта бастады.

 

3 – жаттығу. Өлеңді жатқа айт. Туынды сөздерді тап.

 

Құлыншақ.

Құлын, құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Құйрығында құндызы,

Маңдайында жұлдызы.

 Сергіту сәті.

Ормандағы аю, қонжық,

Ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды,

Ағаштарды сілкіді.

Қуанғаннан билей берді.

Жұрнақ ауылының келесі үйі.

 

4 – жаттығу. Көшіріп жаз, туынды сөздерді тап.

 

Көпшілік алдында әдепсіз сөйлеме. Бақытты болғың келсе – жаман әдеттен аулақ бол.  Инабатты, сыпайы бол.

      Әдепті                           

                                    ұқыпты      білімді     инабатты                              ақылды

 

5 – жаттығу. «Өз үйіңді тап» ойыны

Түбір сөз .                                                                                                        Туынды сөз

Жұлдыз

Домбырашы

Сауысқан

Ақылды

Балалық

Таулар

Теңізші

 

Ішінен таңдап алынған сөздерге  сөйлем құрау.

 

IV. Қорытынды.  Сөзжұмбақ шешу.

1.

Ж

Е

Л

Т

О

Қ

С

А

Н 

 

Ұ

Қ

Ы

П

Т

Ы

Л

Ы

Қ

 

Р

А

Д

И

О

 

 

Н

А

Н

 

 

А

Л

Т

Ы

Н

С

А

 Р

И

Н

Қ

О

С

Ы

М

Ш

А

 

 

 

  1. Қыс мезгілінің алғашқы айы.
  2. Оқушы бойынан табылатын  жағымды қасиет.
  3. Байланыс торабының бірі
  4. Ас атасы
  5. «Кел, балалар, оқылық!»- деп оқуға шақырып алғаш мектеп ашқан ағартушы педагог
  6. Түбірге жалғанатын бөлшек.

 

  • Жарайсыңдар, балалар! Осылайша біз Жұрнақ ауылына да жеттік.

 

V.Үйге тапсырма. 6 - жаттығу .  133 бет.

 

VІ. Бағалау . Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтап, сиқырлы  жеміс ағашынан алмалар тарату.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 1046 | Ілмек сөздер: Жұрнақ. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 42
Қонақтар: 42
Тіркелгендер: 0