Сайт учителя начальных классов
.
Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы

Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы

Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы

Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы   білімдерін пысықтау.Қазақтың батырлары, оның ішінде  Махамбет туралы мағлұмат беру.

ә)  Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ойлау қабілетін,  сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту, өнерге деген  қызығушылығын арттыру.б) Оқушыларды ұқыптылыққа, бірізділікке  тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Махамбет суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген тапсырманы пысықтап, ережені қайталап, еске түсіру.

 III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үш би туралы не білеміз?

Ережені еске түсіріп, мысалдар келтірейік.

IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетініміз «Махамбеттің тапқырлығы  - Кім айтады,Махамбет кім?

V. Жаңа сабақ:1.мәтінді оқу.  Мақал жаттаймыз  Мереке күндермен танысамыз.

VI.Жаңа материалды пысықтау:153-154 бет Мәтінді түсініп оқуМахамбеттің тапқырлығы 1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді? 2.Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?  3.Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?  4.Тергеуші неге қайтып кетті?

ә) мақалСөз сүйектен өтеді.141-жаттығу 1. Мереке күндерін еске сақтаңдар. Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын білдіретін сөздерді жазыңдар.

VII.Бекіту  кезеңі:Оқушыларға жалпылама сұрақ қою.Мереке күндерін атату. Наурыз мерекесі қашан?Ол қашан тойланады?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Махамбеттің тапқырлығы оқу, әңгімелеу

ID: 6680 | Просмотров: 3091