Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Зат есім.

Зат есім.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Зат есім.

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сөз таптары  туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу. Зат есім туралы түсініктерін молайтады. Соған байланысты жаттығу жұмыстарын орындайды.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әдемі, таза жазу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелілік:  Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

Күтілетін нәтиже

Зат есім туралы алған білімдерін қайталайды, әр түрлі деңгейдегі деңгейлік тапсырмалар орындай отырып білімдерін арттырады.

Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып, 146 – 147 беттер.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1. АКТ

1. Оқулық             

2. Тақырыпқа байланысты плакаттар           

3. Слайдтар        

4. Топтық тапсырмалар жазылған бетшелер.

5. Смайлингтер

Оқыту әдістері:

СТО

Оқыту үшін бағалау

1.жұппен жұмыс

2.топтық жұмыс

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару, түгендеу, 3 топқа суреттер арқылы бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.

1 топ: отбасы мүшелері

2 топ: төрт түлік мал

3 топ: оқу құралдары

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім шапшаң?» ойыны арқылы 6 – жаттығу тексеріледі.

- Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен?

- Олар қандай сұрақтарға жауап береді?

- Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ

Топқа бөлінген заттардың атауларына сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты анықтап алады. Соған байланысты зат есім ережесін шығарып, мысалдар келтіреді.

  • Қолдарыңыздағы суреттерге қандай сұрақтар қойылады?
  • Ол сұрақтар не үшін қойылады? (заттың атын білу үшін)
  • Бұдан қандай қорытынды жасайсыңдар?
  • Адамға «Кім?» деген сұрақ қойылады. Ал заттар мен жануарларға «Не?» деген сұрақ қойылады.
  • Ал орыс тілінде қалай? Білеміз бе? (тұсіндірме жұргізу)

ІҮ. Тапсырма

Оқулықтағы тапсырмалар топтарға бөлініп беріледі.

1 топ: 1(сауысқан), 3 – жаттығу

2 топ: 1(қарға), 4 – жаттығу

3 топ: 1(қарлығаш), 5 – жаттығу

Ү. Сергіту сәті

Қимыл – қозғалыс жаттығуын жасау. «Бір оңға, бір солға» өлеңі арқылы.

 

 

ҮІ. Дәптермен жұмыс

 

Мұғалім іс - әрекеті:                        

Олай болса, топтардың деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Топтық жұмыс:

1 – жаттығу:

 

 

 

 

Мұғалім іс - әрекеті:   

2 – жаттығу барлық топтарға ортақ беріледі.             

 

 

 

 

Мұғалім іс - әрекеті:   

Деңгейлік тапсырмалар:

1 топ: 3 – жаттығу

2 топ: 4 – жаттығу

3 топ: 5 – жаттығу

 

Оқушы іс - әрекеті:

Оқушылар өз топтарына берілген тапсырмаларды орындайды.

1 топ: 1(сауысқан)

2 топ: 1(қарға)

3 топ: 1(қарлығаш)

Осы құстардың аттары аталып, сұрақтар қойылады.

 

Оқушы іс - әрекеті:

Суретте көрсетілген заттардың аттарын атап, оларға сұрақтар қояды. Неліктен әртүрлі сұрақтар қойылып тұрғанын дәлелдейді.

 

Оқушы іс - әрекеті:

1 топ: 3 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдерді тауып, астын сызады. Оларға сұрақтар қояды.

2 топ: 4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жазады.

3 топ: 5 – жаттығу. Әр қатардағы сөздерді жинақтап қалай айтуға болатынын көшіріп жазады. Ол сөздерге сұрақтар қойылады.

 

ҮІІ. Пысықтау

Топтық тапсырмалар арқылы пысықтау. Терме диктанттарын орындату.

1 топ: Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жазады.

2 топ: «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

3 топ: «Кім?» сқрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

ҮІІІ. Қорытынды

Сұрақ – жауап әдісі арқылы қорытындылау.

ІХ. Үй тапсырмасы

6 – жаттығу және деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1 топ: Жаңылтпаш (ішінде зат есімі бар)

2 топ: Жұмбақ (ішінде зат есімі бар)

3 топ: Мақал – мәтел (ішінде зат есімі бар)

Х. Бағалау

Сабақ барысында алған майлингтерін қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.

       

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 1196 | Ілмек сөздер: Зат, есім. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 42
Қонақтар: 42
Тіркелгендер: 0