Сайт учителя начальных классов
.
Уақыт бірліктері туралы жалпы ұғым. Сағат. Минут

Уақыт бірліктері туралы жалпы ұғым. Сағат. Минут

Уақыт бірліктері туралы жалпы ұғым. Сағат. Минут

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Б.Жаникешев атындағы ЖББОМ-нің

дефектологы Кулбаева Гүлжан

Түзете- дамыта оқыту сыныбына ( 3,4 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Уақыт бірліктері туралы жалпы ұғым. Сағат. Минут

Білімділік мақсаты: Жалпы уақыт ұғымдарына  шолу жасау арқылы білімдерін бекіту.Сағат пен минуттың айырмашылығын түсіндіру.Есептер шығару арқылы білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Достыққа, адамгершілікке, тазалыққа үйрету. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Күнделікті өмірде сағатты танып оны қолдана білуге,бір қалыпты уакыт режимін сақтауға үйрету.

Түзете- дамытушылық мақсаты:Ұсақ моторикаларын , ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, қабылдауын , сөйлеу тілін, дамыту. Зейінін шоғырландыру.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, бақылау, сұрақ-жауап .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекіліктер: Сағаттың түрлері берілген суреттер, таратпа қағаздар, конверттер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Бүгінгі күн нешесі, жыл мезгілін, аптаның қай күні екенін сұрау.
  4. Оқушылардың назарын сабаққа психологиялық тұрғыдан даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

  1. Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
  2. Жалпы уақыт өлшем бірліктеріне нелер жатады?
  3. Қазір уақыт нешені көрсетіп тұр?
  4. Сендер күнделікті ұйқыдан ояну, тамақтану, сабаққа келу, сабаққа даярлану мақсатында қай уақыт өлшем бірлігін пайдаланасыңдар.( күтілетін жауап сағат)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сағаттың қысқа тілі сағаттық тіл ,  ұзын тілі минуттық тіл деп аталады. Сағаттық тіл бір рет алға жылжып сағатты көрсетсе, минуттық тіл бір рет тайналып шығып бір минутты көрсетеді. Мысалы: Сағаттың қысқа тілі 3-ті, ұзын тілі 5-ті көрсетсе,  3 сағат 25 минутты көрсетіп тұрғаны. 1 сағатта 60 минут бар.

Мына берілген сағаттар уақыт нешені көрсетіп тұр?

 IV. Дәптермен жұмыс

В тобына қалқанқұлақтың тапсырмасы (Төмен деңгейлі оқушыларға )

 3 сағ+7 сағ             7 сағ - 4сағ

7 сағ+5 сағ            15 сағ - 8 сағ

24сағ-13сағ           24 сағ -12 сағ                   

А тобына балапанның тапсырмасы (жоғары деңгейлі оқушыларға)

60 мин - 30 мин                          1 сағ 3мин+ 1 сағ 30мин

 18  мин+ 25  мин                         3 сағ7 мин - 2 сағ 5 мин

5 мин+17 мин                             10 сағ 15 мин- 8 сағ 15 мин

V. Бекіту кезеңі

 1-тапсырма.

  В тобына тапсырма                                  А тобына тапсырма

 ( Сағатқа айналдыр.)                              ( Минутқа айналдыр)

90 мин- * сағ *мин                                   2 сағ 5 мин- ?         

122 мин-* сағ  * мин                                4сағ 25 мин-?

185 мин- *сағ *мин                                  3 сағ 55 мин-?

2-тапсырма

Конверттерге жасырылған тапсырманы орындау

В тобына

Алматы қаласынан Көкшетау қаласына екі ұшақ бірдей уақытта ұшып шықты. Біріншісі 1 сағ 20 минутта, ал екіншісі 90 минутта Көкшетау әуежайына келіп қонды. Ұшақтың қайсысы кешігіп  қонды?

  А тобына

Футбол алаңындағы алғашқы  ойын 2 сағат 45 минут , ал екінші ойын 1 сағат 55 минут ойналды. Алаңда барлығы қанша минут ойын ойналды?                             

  1. Қорытынды кезең

3- тапсырма  

Ауызша салыстыру.

(В тобына )                                                             (А тобына)

90 мин * 50 мин                                           3 сағ 15 мин * 3 сағ 51 мин

58 мин * 1 сағ                                              90 мин * 1 сағ 30 мин

3 сағ *3 мин                                                 1 сағ 25 мин * 1 сағ 30 мин     

60 мин* 1 сағ                                               2 сағ * 120 мин

VII. Үй тапсырмасы

2 топқа бірдей тапсырма. Мына сағаттар қанша уақытты көрсетіп тұр? Дәптерге жазып келіңдер

 VIII. Бағалау кезеңі

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау арқылы бағалау. Енжар қатысқан оқушыларға ескерту мен болашақта мұндай қателіктері қайталанбайтынын ескерте отырып, бағ

ID: 6102 | Просмотров: 4291