Туған жердің ыстығы-ай! Қали Сапарбаев

Ана тілі 4-сынып
Бастауыш сынып мұғалімі Мұхтарова Нағима
Сабақтың тақырыбы: Туған жердің ыстығы-ай ! Қали Сапарбаев
Сабақтың мақсаты
Білімділік Оқушыларды аңгімені түсініп оқуға,мазмұны мен идеясын түсіне білуге үйрету.
Дамытушылық. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулып, шығармашылық қабілетін сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік. Туған жерін сүюге, оның қадір қасиетін білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер:Жеке жұмыс,топтық жұмыс,оқытудың әдістері,бағалау,тақырыпты ашу,топқа берілген тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқы байланысты топтық,жеке жұмыс тапсырмалары,топқа бөлу карточкалары
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар әңгімені жан-жақты түсінеді,шығармашылықпен,ұжымдаса жұмыс істейді,өз ойларын ашық,еркін айтады,түйінді ой айта алады.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
«Туған өлкем» Қ.Жұмағалиев
1.Оқушылар өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқиды.
2.Оқыған шумақтарын қара сөзге айналдырып түсіндіреді.
3.Сұрақтарға жауап береді.
- Өлеңнің негізгі идеясы неде ?
- Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді? (3мин)
3.Оқушыларды топтарға бөлу
-Балалар,біздің жеріміздің басты байлығы не?
-Қандай балықтар бар?
Оқушыларға қайық суреті бар карточкаларды тарату.
Интерактивті тақта арқылы қайықтар суретін аша отырып,келесі бетіндегі балықтар арқылы топқа бөлу


болып бөлініп,әрқайсысы өз тобына жайғасады.
Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу (3мин)
« Қарлығаштың сезімін берсе бізге... »
(Интерактивті тақтада қарлығаш қанатын қағып тұрады,музыка ойнап тұрады Екі оқушы 2 шумақтан 4шумақ өлең оқиды.)
Дәптермен жұмыс (2мин)
Жаңа тақырып: Туған жердің ыстығы-ай (Қали Сапарбаев)
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді түгел оқып шығу
А) жұпта талқылау
Ә) топта талқылау (9мин)
2.Топтармен жұмыс (8мин)
1-топ. Баяндаушы –мазмұнын баяндайды.
2-топ. Із қуушы – кейіпкерлер не істеді? Сұрағына жауап жазу
3-топ. Ізденуші –нақыл сөздер мен ерекше әсер еткен жерін табу
4-топ. Сипаттаушы –кейіпкерге мінездеме береді
5-топ. Бейнелеуші –оқиға бойынша сурет салу
6-топ. Жазушы –барлық топтың жұмысын қорыту
Сергіту сәті (2мин)
« Туған жер » өлеңінің бір шумағын қимылымен орындайды.
Жеке оқушымен жұмыс (3мин)
Интерактивті тақта бойынша жасырын сөздерді өзі таңдайды.


1.Түйе туралы не білесің?
2.Бота анасына неліктен ермеді деп ойлайсың?
3.Түйе мен бота судан өтіп,бір-бірімен қалай табысты?
Сабақты қорыту /Кері байланыс/ (2мин)
-Бүгінгі сабақтан не ой түйдің? (Әр топ бір-бір сөйлем арқылы түйіндейді)
Үйге тапсырма: (2мин)
1.Мақалда да мән бар.
1.Туған елдей ел болмас,. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.Кісі елінде сұлтан болғанша, . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. « Туған жердің ыстығы-ай » (тақырыпты оқып,мазмұндау)
3. « Туған жер » тақырыбында 2-3 шумақ өлең шығару
Бағалау (2мин)
Оқушыларды жинаған смайликтері арқылы бағалау

Автор: Мұхтарова Нағима Төлеуқызы

Қызылорда облысы Арал Ауданы Бөген ауылы №20 мектеп

18
Декабрь
0
2253
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.